КИМЭП Университетіне неліктен әріптестер керек?
- Орталық Азия аймағының жаңа буын көшбасшыларына жаңа мыңжылдық мәселелерін шешу үшін қажетті білім алып, дайындықтан өтулеріне көмектесу үшін.
- Материалдық жағдайларына қарамастан, барлық дарынды студенттерге КИМЭП Университетінде оқу мүкіндігін беру үшін.
- Компания қызметкерлері мен тағылымдамадан өтушілердің қатарын КИМЭП Университетінің ең таңдаулы студенттерімен толықтыру мүмкіндігін алу үшін.
- Сіздің корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаңызды жетілдіріп, білім беруге және қоғамның тұрақты дамуына көмектесу үшін.
КИМЭП-ке Қолдау Көрсетер Жол
КИМЭП Университетіне әр түрлі жолдармен қолдау көрсету арқылы Сіз КИМЭП -тің тағдырына ықпал ету мүмкіндігіне ие боласыз. Біз әрқашанда КИМЭП-пен әріптестік байланыс орнату үшін демеушілер тарапынан көтерілген бастаманы қуана қолдаймыз және де олардың қосар кез-келген үлесіне шынайы алғысымызды білдіреміз. КИМЭП университеті екі жақ үшін де сіздің көрсетер қолдауыңыз өзара тиімді болу үшін демеушілік қолдауыңызды оқу орнының алдына қойған мақсаттарымен ұштастыруға көмектеседі.
Білім беру гранттары түріндегі қолдау – жастардың болашағына, КИМЭП-ке, сондай-ақ Орталықазиялық аймақтың дамуына салынған инвестиция!
Білімдік Стипендиялар Мен Гранттар
Стипендия бағдарламасын жасау – КИМЭП студенттерін қолдаудың аса маңызды тәсілдерінің бірі. Сіздің инвестицияңыз талантты, болашағынан көп үміт күттіретін жастардың лайықты білім алуына мүмкіндік береді. Егер сіз стипендияға қаражат бөлуге шешім қабылдасаңыз, біз оған лайықты үміткерлерді іріктеудің талаптарын (факультет, мамандық, оқу курсы, үлгерім деңгейі және/немесе материалдық жағдайы) анықтауға көмектесе аламыз. Стипендиялар белгілі бір тұлғаның есімін, компанияның атын немесе өзіңіз лайықты деп есептейтін кез-келген басқа атауға ие бола алады.
Дарынды жастарға КИМЭП-те оқу мүмкіндігін сыйға тартыңыз
Профессор-оқытушылар Құрамы
Профессор-оқытушылар құрамын қолдау қоры КИМЭП Университетінің академиялық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады. Демеушілердің қолдауы есебінен оқытушыны қаржыландыру оның кәсіби деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Демеуші компанияның атын/атауын тағайындаумен оқытушыларға қолдау көрсете отырып, компания өзі үшін ерекше мүдделілік танытқан жаңа оқу бағдарламасының дамуына себепкер болады.
Профессор-оқытушылар құрамын қолдау қорын құрудың нәтижесінде КИМЭП жоғары дәрежелі мамандарды жұмысқа тарту және оларды жұмыста ұстап тұрудың жаңа стратегиясын, соның ішінде оқытушылар үшін бәсекеге қабілетті жалақы қорын жасау және жаңашыл ғылыми зерттемелерді қаржыландыру стратегиясын әзірлей алады. Демеушілік қолдау көрсету КИМЭП-тің жаңа қаржылық көзін табуға мүмкіндік беріп, ол әлемнің түпкір-түпкірінен алдыңғы қатарлы оқытушыларды жұмысқа тартуға, ал қазақстандық студенттерге ең жоғарғы деңгейдегі халықаралық білім алуға көмектесетін болады.
Институционалдық Көмек
Егер сіз кітапхана қорын ұлғайтуды, КИМЭП ғылыми-зерттеу орталықтарына мақсатты қолдау көрсетуді немесе біздің студенттерімізге халықаралық конференцияға қатысқысы келетін жүрекжарды арманын жүзеге асыруға қол ұшын беруді қалайтын болсаңыз, онда сізге алдыңыздан үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады. Корпоративтік даму бөлімі КИМЭП оқытушыларына, студенттеріне және барлық мүдделі тұлғаларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған өзіңіздің жеке қолдау бағдарламаңызды әзірлеуге көмектесе алады.
Студенттер Мен Демеушілердің Пікірлері
“Соңғы 18 жылда КИМЭП мемлекеттік сектор мен бизнес саласы үшін жаңа буын көшбасшыларын даярлау үдерісінің биігіне шыға білді. Мен міне, он жыл болды, басшылық лауазымды атқарып келемін және КИМЭП Университетінің қабырғасында алған білімім мен білігім үшін оған айтар алғысым шексіз”.
Ринад Темірбеков, 1999 жылғы MBA бағдарламасының түлегі, Еуразия Орталық Азия қорының атқарушы директоры, Қазақстан.
“Procter & Gamble Kazakhstan компаниясының КИМЭП Университетімен бірге жемісті жұмыстың бай тәжірибесі бар… өйткені КИМЭП әр кез кез-келген жоспардағы байланыс мүмкіндіктерін қалт жібермейді… Біз КИМЭП-тің еңбек нарығы үшін жоғары білікті мамандар даярлау бағытында қойған міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруына үлесімізді қосу үшін университетпен жеке және іскерлік қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін, бірлескен жұмыс мүмкіндіктерін әрқашан дамытып отыратынымызға еш күмән тумаса керек”.
Procter & Gamble Kazakhstan
“Citibank Kazakhstan КИМЭП Университетімен 10 жылдан бері әріптестік байланыс орнатып нәтижелі жұмыс істеп келеді. Біз КИМЭП-ті әріптес ретінде таңдап алдық, өйткені біз КИМЭП-ті тұрақты түрде аса жоғары білімдік стандарттар жетістігімен жұмыс істейтін жоғары оқу орны деп есептейміз…”.
Citibank Kazakhstan
Мәдина Шағанова, 2-курс MBA студенті
“ MBA бағдарламасы бойынша КИМЭП-те оқу үшін бизнес саласындағы әлемдік жетекші көшбасшылардың бірі British American Tobacco Kazakhstan» компаниясының стипендиясын алу мен үшін зор мақтаныш болды. Бұл стипендия мен үшін ерекше мәнге ие болды, өйткені онда менің болашағым нық бекіген деуге болады. Ол тек маған MBA дәрежесін алуыма себепші болып қана қоймай, компанияның бөлінбес бір бөлігі болып, КИМЭП-те алған білімімді практикада қолдануыма да мүмкіндік берді ”.
Нұршат Исмаханбетова, 3-курс студенті, «Қаржы» мамандығы
“Мен үшін PetroKazakhstan гранты тек қаржылай қолдау емес, осы гранттың арқасында мен, менің ата-анам керемет рухани қолдауды сезіндік. Грантқа оқу ақысын төлеу, жатақханада тұру, кітапхана депозиті, кеңсе тауарларына жұмасалатын шығындар, ай сайынғы стипендияны төлеу, тіпті үйге баратын жол шығынымды жабу да кіреді. Бұдан басқа, компания институтты бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріп отыр”.
Ксения Морозова, 3- курс студенті, «Қаржы» мамандығы
“Американдық Орталықазиялық білім қорының арқасында мен еліміздің ең беделді жоғары оқу орны – КИМЭП-те оқи алатын болдым. Аталмыш стипендияның мақсаты – материалдық жағдайы қиын, бірақ дарынды студенттердің жоғары білім алуына көмектесу. Біздер үшін, яғни Американдық Орталықазиялық білім қоры стипендиаттары үшін КИМЭП-тегі оқу ақысын толығымен осы қор жабады”.
Демеушілерге Құрмет Сезімін Білдіру
Университет аумағында орналасқан факультеттер, кафедралар мен әр түрлі инфрақұрылым объектілері белгілі бір тұлғаның немесе бір ұйымның құрметіне аталуы мүмкін – осылайша біз жоғары оқу орнының білімдік миссиясын орындау үшін КИМЭП Университетіне қажетті қаржылық қолдау көрсеткен демеушілерге құрмет сезімін білдіреміз. Бұдан басқа, есімдер мен атаулар стипендиялық қорларға да тағайындалады. КИМЭП осындай қорлардың негізін қалаушыларға-демеушілерге атқарылған жұмыс туралы тұрақты түрде баяндап тұрады. КИМЭП жыл сайын студенттердің салтанатты бітіру рәсімі кезінде өзінің демеушілеріне құрмет көрсетіп, сонымен қатар олар үшін қабылдаулар ұйымдастырып, алғысын білдіреді.
Біздің Демеушілер
КИМЭП Университеті көп жылдар бойы Университеттің жалпы дамуына үлес қосқан барлық демеушілеріне және донорларына ризашылығын білдіреді. Аталған сырттан берілген жәрдем КИМЭП-тің Орталық Азия мен ТМД елдері арасында алдыңғы қатарлы орынға ие болуға үлес қосты.
Осы бағаланбас көмек үшін алғысын білдіру үшін КИМЭП Университеті өз демеушілеріне әртүрлі артықшылықтар ұсынады: ең үздік студенттер арасынан тәжірибе өтушілерді таңдау, студенттік және басқа да шаралар кезінде демеушілер туралы жарнама жасау, КИМЭП курстары және тренингтеріне әртүрлі жеңілдіктер жасау. Демеушілері арасында КИМЭП Университеті демеушілік қаражатты пайдаланудың ашық қаржылық есептеме мен мониторинг үшін сенімді және жауапты серіктес беделіне ие болды.
Көптеген компаниялар КИМЭП Университетімен серіктес болу олар үшін ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастардың жаңа мүмкіншіліктерін ашады деген қорытындыға келіп отыр.
Төменде біздің демеушілер мен донорлар тізімін таба аласыз:
- ACCA
- AGIP KCO
- American Chamber of Commerce
- Asiana Airlines
- BOTA Foundation
- British American Tobacco
- Capital Asset Management
- Carlsberg Kazakhstan
- CoffeeInn
- Deloitte
- Dream Technology KZ with brand Assem-Ai
- Etihad Airlines
- EUROBAK
- EY
- Galaksi
- Idea ( Institute for development and economic affairs)
- KazKom
- KazMunaiGaz NK
- KazMunaiGaz RD
- Kcell
- LEXUS Almaty
- LG
- Mad Murphy Pub
- MARS
- Microsoft
- Ministry of Education and Science of RK
- Mon Amie
- NCOC
- Noodles
- PetroKazakhstan Kumkol Resources
- Posco Engineering
- PwC
- RBK Bank
- SABRE foundation
- Samsung
- Shinkhan Bank Kazakhstan
- Tengizchevroil
- U.S. – Central Asia Education Foundation Enterprise Fellowship
- UNO Gastro group
- USKO
- White&Case
- Yerzhan Tatishev Foundation
Individual donors:
- Chris Haney
- Harmut Fischer
- Hyejung Byan
- Joan Cone
- Tomas Balco
КИМЭП Стипендиялық қорына қаражат жинау жөнінде қайырымдылық кампанияға қатысушы КИМЭП Университетінің барлық оқытушылары мен қызметкерлері
Корпоративтік Даму Бөлімі
Корпоративтік даму бөлімінің міндеттері КИМЭП Университетттің компаниялармен және қорлармен ұзақ мерзімді байланысын қамтамасыз ету болып табылады. Біз сіздермен келесі ақпараттарды талқылауға қуаныштымыз:
- Компанияның мүддесін көрсететін салаларда маманданушы профессор-оқытушылар құрамы
- Ұйымның әлеуетті қызметкерлері ретіндегі бірнеше тілді меңгерген талантты студенттер мен түлектер
- Басшылық құрам мен компанияның қатардағы қызметкерлері үшін кәсіби даярлық пен біліктілікті жетілдіру бағдарламалары
- КИМЭП студенттерінің көмегімен сіздің компанияңыздың маркетингтік бағдарламалары мен өнімдерін дамыту
- Қонақкәде лекциялар мен тұсаукесерлер өткізу мүмкіндіктері
Өздеріңіздің жоспарларыңызды талқылау және КИМЭП оқытушыларымен, басшыларымен және студенттік ұйымдармен кездесу ұйымдастыру үшін cdd@kimep.kz электрондық адресі немесе +7 7272 70 42 26 телефоны бойынша Корпоративтік даму бойынша КИМЭП Университеті Президентінің орынбасары Сужикова Балжан хабарласуға болады.
КИМЭП Банк Деректемелері