“КИМЭП Университеті күн сайын бизнес, құқық және әлеуметтік ғылымдар саласында білім беру және оны қалыптастыру арқылы Орталық Азиядағы өркендеу үрдісіне баға жеткісіз үлес қосып отыр. Біздің түлектеріміз үкіметтік және жеке меншік секторларды басқарып, ал біздің зерттеулерімізді бүкіл өңір бойынша саяси және экономикалық сала басшылары белсенді түрде пайдалануда. Бізде студенттер үшін тұрақты түрде өскелең қаржылық көмек қорымыз бар, біз әдепті білім принциптерінің жолын ұстана отырып, іскерлік қоғамдастықпен бірегей байланыстамыз.
Жыл сайын біздің бағдарламаларымыз кеңейтіліп-жетілдірілуде, ал біз қоғамды өзгертетін білімді беру міндетімізді атқарып келе жатырмыз. Коммерциялық емес жоғары орын бола тұра, ең үздік халықаралық жоғарғы орын қатарына қосылу мақсатымен КИМЭП отандық және халықаралық компаниялармен, академиялық мекемелермен, үкіметтік құрылымдармен және коммерциялық емес ұйымдармен белсенді түрде қызмет етеді. КИМЭП Сіздің компанияңызбен білім беруді дамыту арқылы корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бағдарламаларыңызды дамыту және жетілдіру мақсатымен бірлесіп қызмет етуге дайын. Бірлесіп біз бизнесті одан әрі табысты ете аламыз, ал адамдардың өмірінің сапасын жақсартып, біздің қоғамды нығайта аламыз.
Мен сіздерді біздің даму жоспарларымыз туралы көбірек білуге, және өзіміздің болашағымызды қалыптастыру ісіне әріптес ретінде шақырамын.”
Чан Йан Бэнг, Ph.D.
КИМЭП Университетінің президенті
Іскерлік қоғамдастықпен бірлесе отырып, КИМЭП жоғары білікті мамандарды даярлап, Қазақстан мен Орталықазиялық аймақта өмір сапасын жақсартуға өз үлесін қосады