evision-corporate-image
sitemap

Академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімі

КИМЭП Университетінің басым міндеттерінің бірі халықаралық деңгейдегі білімдік қызметті көрсету болып табылады. КИМЭП Университетінің білім беру бағдарламаларының жоғары рейтингісі «КИМЭП Университетінің ұлттық және халықаралық рейтингтері» – ұлттық және халықаралық деңгейлерде бірнеше мәрте расталған.

КИМЭП Университетінің ішкі бақылау және бағалау әдістерін әзірлеу арқылы қызмет сапасын қамтамасыз ету ішкі жүйесін дамытумен академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімі айналысады.

Бөлім жұмысының мақсаты — білімдік орта мен оқу үдерісінің сапасына тұрақты мониторинг жүргізу, келешекте жетілдіруді талап ететін аспектілерді айқындау үшін оқытушылармен, студенттермен, қызметкерлермен, түлектермен, жұмыс берушілермен және басқа да мүдделі тұлғалармен тиімді «кері байланыс» жасау.

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

  • жүйелі негізде студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге, түлектер мен олардың жұмыс берушілеріне сауалнама жүргізу;
  • КИМЭП Университетінің басшылығына білімдік орта мен білім беру үдерісінің жағдайы бойынша аналитикалық мәліметтерді беру;
  • мемлекеттік органдар, әріптес жоғары оқу орындары, ЖОО-ларды ранжирлеу бойынша агенттіктер, ұлттық және халықаралық аккредиттеу агенттіктері және т.б. сияқты сыртқы ұйымдарға Университеттің қызметі туралы ақпараттар беру;
  • тәжірибе алмасу және академиялық сапаны дамытудың жалпы стратегиясын анықтау мақсатымен отандық және халықаралық әріптестермен байланысты дамыту.

Бөлім сапаны бағалау және институционалдық зерттеулер саласындағы өз жұмысын 2005 жылғы қаңтарда халықаралық тәжірибені зерттеумен бастады. 2005 жылғы көктемде КИМЭП Университетінің студенттері мен түлектерінің қанағаттанушылығының алғашқы сауалнамасы жүргізіліп, КИМЭП Университетінің басшылығы мен жұртшылығына кейін толық есеп берумен оқыту сапасын бағалау бойынша тұрақты сауалнамалар енгізілді. 2005-2006 оқу жылынан бастап, КИМЭП Университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің қанағаттанушылығы бойынша саулнамалар әзірленіп-енгізілді.

Бөлім тұрақты негізде:

  • барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу үдерісінің тиімділігі (Оқыту сапасын бағалау бойынша сауалнама) мен қосалқы қызметтің қызмет көрсету деңгейі (Студенттердің қанағаттанушылық сауалнамасы) жөнінде студенттердің;
  • жұмыс жағдайы, КИМЭП басқару сапасы мен кәсіби даму мүмкіндіктері (Оқытушылардың қанағаттанушылық сауалнамасы) туралы профессор-оқытушылар құрамының;
  • алған білімдері мен дағдыларының сапасы, академиялық және қосалқы қызметтің қызмет көрсету қанағаттанушылығы (Бітіруші курс студенттерінің сауалнамасы) туралы жоғары курс студенттерінің;
  • кәсіби даярлығының сапасы мен жұмысқа орналасу жағдайы (КИМЭП түлектерінің сауалнамасы) туралы түлектердің;
  • түлектердің академиялық даярлық және кәсіби дағдыларының сапасы (КИМЭП түлектері туралы жұмыс берушілердің сауалнамасы) туралы жұмыс берушілердің бағалаулары мен пікірлерін талдап отырады.

Жоғарыда көрсетілгенге қосымша, бөлім фокустық топтар, сонымен қатар талапкерлердің, бірінші курс студенттерінің, студенттердің ата-аналары мен басқа да мүдделі топтардың сауалнамаларын қоса алғанда сұраулар бойынша бірқатар мамандандырылған сауалнамалар жүргізеді.

КИМЭП Университетінің Академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Академиялық мобильділік және Болон процесі орталығымен, Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігімен (БСҚА) белсенді түрде бірге жұмыс жүргізе отырып, еліміздің жыл сайынғы ЖОО рейтингілеріне қатысу үшін КИМЭП Университеті жөнінде тұрақты түрде ресми ақпарат беріп отырады.

Бөлім КИМЭП, ҚР БҒМ және аккредиттеу агенттіктері өткізетін академиялық сапаны дамыту және ранжирлеу мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларға да қатысады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ

Нүрила Шаханова
Директор, философия ғылымдарының докторы
Фулбрайт бағдарламаның түлегі
Тел.: 270-44-86, ішкі нөмірі 2362
Офис # 407/ Достық ғимараты
E-mail: n.shakhanova@kimep.kz
Валерия Красникова
Үйлестіруші, магистр
Тел.: 270-44-40, ішкі нөмірі 2031
Офис # 404а/ Достық ғимараты
E-mail: valery@kimep.kz

Нурия Катжанова
Сапа мониторингі бойынша маман, магистр
Тел.: 270-44-40, ішкі нөмірі 2293
Офис # 404а/ Достық ғимараты
E-mail: nuriya@kimep.kz
Айша Ахметбаева
Ғылыми қызметкер, магистр
Тел.: 270-44-40, ішкі нөмірі 2142
Офис # 407/ Достық ғимараты
E-mail: a.akhmetbayeva@kimep.kz