evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
presidebt

Президент

КИМЭП Президенттің жолдауы

КИМЭП Университеті ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналады, сонымен қатар ең үздік академиялық сапа мен инновациялар орталығы болып табылады. Осыдан жиырма бес жыл бұрын экономикалық және әлеуметтік реформаларды ынталандыру және оны қолдау мақсатымен батыстық үлгідегі білім беру жүйесін құру қажеттігін пайымдай келе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз жарлығымен КИМЭП институтын ашты. Осы жылдар ішінде КИМЭП шағын жоғары оқу орнынан Орталық Азияның кіндігінде орналасқан бүкіл дүние жүзіне танымал университетке дейінгі байыпты жолдан өтті.

Біздің миссиямыз – әлемдік деңгейдегі білімді беру және түлектерімізді ұдайы жаһанданданушы әлемде табыстылықпен қамтамасыз ететін дағдыларға үйрету. Студенттердің қарым-қабілетін ашуда маңдай терін төгіп жүрген талантты оқытушылар мен академиялық қызметкерлердің барлық күш-жігері студенттердің әлемге өз талабымен өзгерістер енгізуіне мүмкіндік беретін оқу атмосферасын қолдауға бағытталған.

КИМЭП Университеті аса жоғары деңгейдегі оқу бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, шеберлік пен кәсіби шеберлік дәстүрін қалыптастырды. 2012 жылы жоғары оқу орнының университет мәртебесін алуы, оның өткендегі және қазіргі жетістіктерін ерекше атап көрсетті, батыстық жоғары оқу орындарында қолданылатын критерийлерге оның стандарттарының сәйкестігі расталды, магистратура мен докторантура деңгейіндегі бағдарламалар ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Біздің бағдарламаларымыздың Еуропа мен АҚШ бағдарламаларына сәйкестігігіне келетін болсақ, бағдарламаларымыздың көпшілігін білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық агенттіктер аккредиттеген.

2014 жылғы қыркүйек айынан бастап университеттегі барлық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары Австриялық сапаны қамсыздандыру және аккредиттеу агенттігінен (AQAAA) мамандандырылған аккредитация алған. Бірқатар бағдарламалар да басқа халықаралық аккредитацияларға ие болған. Бизнес бакалавриаты мен магистратурасы бағдарламаларын Азия бизнес-білім форумы (AFBE), Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасын Іскерлік әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры (FIBAA) аккредиттеген. Әлеуметтік ғылымдар саласындағы мемлекеттік басқару бакалавриаты мен магистратурасы бағдарламасын Мемлекеттік басқару саласындағы еуропалық аккредиттеу ассоциациясы аккредиттеген, ал, Журналистика мен бұқаралық байланыстар бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары Америка коммуникация ассоциациясынан аккредитация алды.

Біздің университетіміз ең үздік оқу бағдарламаларын жүзеге асырумен қатар одан да көп қызмет көрсетулерді ұсына алатынын мақтан етеді. КИМЭП Университеті студенттердің әл-ауқаты мен тұлғалық дамуын қамтамасыз ету ісінде ерекше орын алады. Университетте студенттерге қызығушылығын туғызатын, сонымен қатар пікірлестерімен бірге жұмыс жүргізуіне мүмкіндік беретін 50-ден аса студенттік ұйымдар жұмыс істейді. ТМД елдерінің көптеген жоғары оқу орындарынан айырмашылығы – университет тәуелсіз студенттер қауымдастығына жоғары оқу орнын басқаруға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа, университет ашықтық, әділдік және адалдық, сонымен қатар студенттерде жауапкершілік пен өзара сенімділік сезімін тәрбиелеу принциптерін басшылыққа алады.

Ауқымды және ұдайы өсіп отырған әріптестік қарым-қатынастардың көмегімен университет Еуропа, Солтүстік Америка және Азияның 150-ден аса белгілі білім беру мекемелерімен байланыста жұмыс істейді, сонымен қатар білім алушылар мен оқытушылардың мобильділік жобаларына, жазғы бағдарламалар мен бірлескен зерттеулеріне қатысады. Біз еліміздегі мобильділіктің ең жоғары көрсеткіштерімен мақтанамыз және қазіргі таңда дүние жүзінің 26 елінен 350-ден аса студент пен оқытушыны қабылдай аламыз.

Саны 10 000 адамнан асқан университет түлектері елімізде де, сонымен қатар халықаралық масштабта да әр түрлі қызмет саласында тамаша жетістіктерін көрсете отырып, күннен күнге қатарын көбейтіп келеді. Олар бүкіл дүние жүзі бойынша ең беделді халықаралық және отандық компаниялар мен ұйымдарда жұмыс істейді. Нақ осы көптеген табысты тәжірибе КИМЭП Университетінің және оның өскелең қоғамдастығының мән-маңызын құрайды.

КИМЭП Университеті Қазақстанның экономикалық жаңғыруы ісінде өмірлік маңызды рөл атқарады. Жоғары оқу орны түлектері арасынан еліміздің іскерлік және саяси сахнасындағы көптеген көшбасшыларды атап өтуге болады. КИМЭП Университеті еліміздің және аймақтың болашақ көшбасшылар буынын тұрақты түрде тәрбиелеп келеді. Инновацияны және озық дамуды басты мақсаты етіп қоя отырып, КИМЭП Университеті студенттердің және жалпы қоғам мен мемлекеттің қажеттіктеріне сәйкес ұсынылатын қызмет түрлерін жетілдіру үстінде.

Ізгі тілекпен, Чан Йан Бэнг, PhD
КИМЭП Университетінің Президенті


Президенттің Өмірбаяны

bang-1
Чан Йан Бэнг 1936 жылы Кореяда дүниеге келген. 1963 жылы Йонсей университетін үздік бітіріп, экономика саласынан өз білімін жалғастыру үшін АҚШ-қа келеді.

Д-р Бэнг ph.D. дәрежесін алғаннан кейін Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде экономикадан сабақ береді, 1978 жылы Сан-Франциско университетінде уақытша жұмыс істейді, ал 1978 жылдан 1988 жылға дейін осы университетте Азия және Тынық мұхит зерттеулер институтының атқарушы директоры міндетін атқарады. КСРО-дағы экономикалық реформалар, Корея мен Солтүстік Кореяның экономикалық дамуы туралы ғылыми еңбегін жариялайды. 1971 жылы Колорадо университетінің экономика кафедрасында және 1974 жылы Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде оқытушылардың арасында ең жоғары бал алған ол өзінің оқыту әдістемесінің нәтижесінде танымал болды.

Д-р Бэнг Қазақстанға 1990 жылы келіп, экономикалық саясат мәселелері бойынша кеңес беру, Қазақстанда нарықтық реформалар мен жекешелендіру жұмыстарын іске асыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жұмыс істейтін Сараптау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Кейін д-р Бэнг 1992 жылы Алматы қаласында посткеңестік кезеңдегі Қазақстан экономикасының қалыптасуына жетекшілік ететін басшы позициялар үшін білікті мамандар даярлау міндеті жүктелген Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының негізін қалаушы-президенті болды. Оңтүстік Кореяда өткізген біраз уақыттан кейін д-р Бэнг Қазақстанға қайта оралып, 1997 жылы ҚМЭБИ Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, ал 2000 жылы ҚМЭБИ Президенті болды.

Д-р Бэнг Қазақстанға қайта келісімен, ҚМЭБИ үш магистрлік бағдарламасы бар мемлекеттік жоғары оқу орнынан танымал институтқа айналып, оның базасында бакалавриат пен магистратураның жеті бағдарламасы жұмыс істей бастады. 1998 жылдан бастап студенттердің саны он есе ұлғайды, институт аумағы көріктендіріліп, кітапхана мен оқу корпусының жаңа ғимараттары бой көтерді және спорт орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2004 жылы д-р Бэнгтің басшылығымен ҚМЭБИ жеке меншік коммерциялық емес жоғары оқу орнына айналды. Соған сай институт акцияларының үлесі келесі түрде бөлінді: акцияның 40%-ы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, ал 60%-ы

д-р Бэнгке тиесілі. ҚМЭБИ толығымен тәуелсіз жоғары оқу орны болып табылады, 1992 жылғы Жарғыға сәйкес оның мақсаты – Қазақстан азаматтарына заманауи үлгідегі жаңа білім беру.

Д-р Бэнгтің ҚМЭБИ-ге қатысты тұжырымдамасы Орталық Азиядағы даму үдерісін басқаратын көшбасшылар мен ғалымдарды даярлаумен айналысатын дүние жүзіндегі ең озық және ең жаңа үлгідегі университетті құруға келіп саяды. ҚМЭБИ Қазақстанның мемлекеттік және жеке меншік секторларының субъектілерімен кең ауқымды байланыстарды қолдап, оны белсенді түрде дамытып қана қоймай, дүние жүзінің ең таңдаулы деген 75 халықаралық жоғары оқу орнымен де бірлесіп жұмыс істеуді жүзеге асырып отыр. Бұл тұжырымдама «Әлемдік деңгей» деп аталатын құжатта берілген. Құжат мазмұны көпшілік таныса алады.

Бос уақытында д-р Бэнг кітап оқығанды, үстел теннисін ойнағанды және өзінің отбасымен бірге демалғанды ұнатады.