2021 жылдың 19-ақпанында ZOOM платформасы арқылы Бэнг атындағы факультетінің Кәсіпкерлік және инновация орталығы ойын дамытуға арналған сайыс қорытындыларын шығарды
Сайыс «Шинхан Банк Қазақстан» стипендиялық қорының демеушілігімен ұйымдастырылып, студенттер арасында кең танымалдылыққа ие болды. Сайысқа Бэнг атындағы факультеттің 73 студентінен құралған 33 команда қатысты. Бір ай ішінде командалар қатысушылардың шығармашылық және жаңашылдық дағдыларын дамытатын кәсіпкерлік ойынды дайындап шығару керек болды.
1-орын жүлдегері: «TRIO» командасы
– Секер Айдана (Бухгалетрлік есеп)
– Кенебаева Аружан (Менеджмент)
– Тутубаев Жәңгір (Қаржы)
«TRIO» командасы белгіленген үш құрал негізінде берілген үш проблеманы шешу үшін үш шығармашылық және қолайлы шешім ұсынуды қажет ететін ойын дамытты. Бұл ойын ойыншылардың шектеулі ресурстары бола тұра, олардың шығармашылық мүмкіндіктері мен тез және әдеттен тыс ойлау қабілетін дамытады.
2-орын жүлдегері: «MindUp» командасы
– Жолтаева Юлия (Маркетинг)
– Заря Максим (Менеджмент)
«MindUp» командасы әдеттен тыс ойлау және инновациялық тауарларды жасау туралы ойын дайындады. Ойыншылардан мүмкін жаңа тауарға арналған түрлі қасиеттегі формалар, түстер, категориялар мен матиериалдарды құрау арқылы шығармашылық ойлау талап етіледі.
3-орын жүлдегері: «Creative Ambassador» командасы
– Ескенова Дариға (Маркетинг)
– Сүлейменова Әдия (Маркетинг)
«Creative Ambassador» командасы берілген сала немесе мақсатта түрлі қисынсыз бөлшектерден бірегей жаңашылдықтарды ойлап табуға арналған ойынды дамытты. Ойын ойыншылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта отырып, «күрделі» жағдайға бейімделу арқылы олардың ойлау өрістерін кеңейтеді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!