evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
finance

Философия докторы, PhD

Бағдарламаға түсу талаптары

Бағдарламаға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Үміткерлер бағдарламаның барлық талаптарын орындаудың және одан нақты пайда алудың ең жоғары ықтималдығымен қабылданады. Соңғы шешім үміткердің жалпы біліктілігін, оның ішінде бағдарламаны толығымен игеруге деген ынтаны және талпынысты жан-жақты бағалауға негізделген.

PhD докторантура бағдарламасына түсу талаптары:
1. Аяқталған магистр дәрежесі

  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының «Магистр» дәрежесін алуын растайтын диплом көшірмесі
  • Бағалармен транскрипт көшірмесі (дипломға қосымша)

2. Ағылшын тілін білуді растайтын жарамды халықаралық сертификаттардың болуы: шетел тілі ретіндегі ағылшын тілінен тест

  • TOEFL ITP нұсқасы (Институционалдық тестілеу бағдарламасы) – 460 балдан кем емес;
  • TOEFL IBT нұсқасы (интернет-тест) – 87 балдан кем емес,
  • TOEFL PBT нұсқасы (қағаз нұсқасында тест) – 560 балдан кем емес,
  • Халықаралық ағылшын тілін тестілеу жүйесі (IELTS) – 5.5 балдан кем емес;

3. Бизнесте, мемлекеттік органдарда, академиялық ортада немесе бейкоммерциялық ұйымдардағы үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
4. Кем дегенде екі кәсіби ұсыныс хат
5. Үміткердің зерттеушілік мүддесі мен зерттеуге әдістемелік көзқарасы көрсетілген зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныс. Нәтижелі зерттеу ұсынысын жасау үшін, тиісті саладағы әдебиеттерді қарап шығу арқылы актуалды зерттеулермен танысып, зерттеу олқылықтарын анықтап, өзіндік зерттеу идеясын қалыптастыру қажет
6. Бағдарламаның қабылдау комиссиясымен әңгімелесу

Гранттар мен стипендиялар алу мүмкіндігі

Гранттар мен стипендиялар алуға өтініш келесі критерийлер негізінде қарастырылады:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстың жоғары сапада болуы
  2. Білімдік және кәсіби тәжірибе мен біліктілік
  3. Әңгімелесу нәтижелері
  4. Қабылдау емтихандарының нәтижелері (IELTS тесті – 6.5 балдан кем емес немесе оның баламасы)

Гранттар немесе жеңілдіктер алу мүмкіндігі әлемнің түпкір-түкпіріндегі барлық үміткерлер үшін ашық және тек бағдарлама бойынша оқу төлемақысын қамтиды.

Гранттар мен жеңілдіктер алудың міндетті шарты КИМЭП Университетінің күндізгі бөлімінде (толық жұмыс күніне) оқитын студенттердің мәртебесін сақтау болып табылады. Гранттар мен жеңілдіктер алушылар күндізгі оқу бөліміне қабылдануы керек.

Дәреже алу талаптары*
Төменде PhD докторы дәрежесін алу талаптары көқрсетілген:

Талаптар Кредиттер
Аудиториялық сабақтар 15
      Негізгі пәндер 3
      Мамандану пәндері 12
Практика 5
Диссертацияны қоса алғанда, эксперименттік және ғылыми жұмыс 50
Эксперименттік және ғылыми жұмыс 20
      Диссертация 30
Қорытынды аттестация 5
      Докторлық диссертация қорғау 5
Жиыны 75


Докторантура бағдарламасы келесі салаларда ұсынылады:

  • Есеп және аудит;
  • Қаржы;
  • Маркетинг;
  • Менеджмент (Логистика және жеткізілімдер жүйесін басқару);

*Тиісті  базалық бизнес білім деңгейі жок  докторанттар қосымша сабақтардан өтулері керек.

Байланыс ақпараты

Деван Мохеаммед Захрул Ислам, Ph.D., Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бизнес факультеті деканының орынбасары
Эл. адрес: mzidewan@kimep.kz
Тел.: +7 727 270-44-40 (ішкі нөмірі 2280)

Лаззат Ташанова,  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары менеджері

Эл.адресbcb-graduate@kimep.kz
Тел.: +7 727 270-44-40 (ішкі нөмірі 2356)