КИМЭП Университетінің бизнес факультетіндегі «Менеджмент магистрі» бағдарламасы оны бітірген түлектер үшін теориялық концепциялар мен практикалық білімге негізделген басқарудың заманауи әдістерін игеру мақсатында құрылған. Бағдарламаны меңгергеннен кейін сіз сәтті және жоғарызияттық менеджер ретінде мансабыңыздың ілгері жылжуы үшін маңызды дағдыларға ие боласыз.
Бағдарлама мақсаты
«Менеджмент магистрі» бағдарлмасының негізгі мақсаттары:
- Білім алушылардың аналитикалық, қиындықтарды шешу және көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру мен оны күшейту арқылы менеджмент теориясы мен практикасын дамыту және жетілдіру;
- Менеджмент, шешім қабылдау және қызметкерлерді басқару салаларында алдыңғы қатарлы білімді ұсыну;
- Ұйымдарды тиімді басқара алатын және оларды Қазақстан мен шетелде сәтті реформалай алатын көшбасшыларды дайындау; сонымен қатар
- Тиісті этика мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, бүгінгі таңдағы қарқынды және бәсекелі әлемдік нарықтың мәселелерін шеше алатын жоғары дәрежелі кәсіпқойлар мен бизнес көшбасшыларын дайындау.
КИМЭП Университетінің бизнес факультетіндегі «Менеджмент магистрі» бағдарламасы оны бітірген түлектер үшін теориялық концепциялар мен практикалық білімге негізделген басқарудың заманауи әдістерін игеру мақсатында құрылған. Бағдарламаны меңгергеннен кейін сіз сәтті және жоғарызияттық менеджер ретінде мансабыңыздың ілгері жылжуы үшін маңызды дағдыларға ие боласыз.
Бағдарлама 2 компоненттен тұрады: бағдарламаның негізгі пәндері – 4 ( 8 кредит), 4 мамандандырылған пән мен кәсіптік практика (15 кредит). Бағдарлама туралы ақпарат төмендегі кестеде келтірілген.
Пәндер Кредиттер | |
Бағдарламаның негізгі пәндері | 8 |
Іскерлік коммуникациялар | 2 |
Ұйымдық мінез-құлық пен көшбасшылық әдебі | 3 |
Менеджмент негіздері | 1.5 |
Маркетинг негіздері | 1.5 |
Таңдау бойынша мамандандырылған пәндер
(білім алушы төмендегі тізімнен кез-келген 4 пән мен практиканы өтуге міндетті) |
15 |
Адами ресурстарын басқару | 3 |
Жаңартпалар және технологияларды басқару | 3 |
Стратегия және бәсекеге қабілеттілікті талдау | 3 |
Менеджменттегі әдеп, жауапкершілік және тұрақтылық | 3 |
Іскерлік аналитика | 3 |
Менеджмент бойынша таңдаулы тақырыптар | 3 |
Көшбасшылық және ынталандыру | 3 |
Халықаралық бизнес | 3 |
Жобаларды басқару | 3 |
Практика: менеджмент саласында бағыттылған жоба | 3 |
Ғылыми зерттеу жұмысы | 6 |
Соңғы аттестация | 1 |
Барлығы 30 |
Бағдарламада оқу ұзақтығы: 1 жыл (білім алушының бастапқы академиялық дайындығына және семестрде алатын оқу жүктемесіне байланысты)
Оқыту тілі: ағылшын
Оқыту формасы: толық күн (сабақтар көбінесе кешкі уақытта өтеді)
Кредиттер саны: 30
Бағдарламада оқу ұзақтығы: 1 жыл
(білім алушының бастапқы академиялық дайындығына және семестрде алатын оқу жүктемесіне байланысты)
Оқыту тілі: Ағылшын
Оқыту формасы: толық күн (сабақтар көбінесе кешкі уақытта өтеді)
Кредиттер саны: 30
Менеджмент магистратурасы үздік әлемдік жоо-дан кейінгі менеджмент бағдарламаларымен тең болатын инновациялық және озық оқу бағдарламасын ұсынады. Бағдарлманың бірегей сипаттамасына кіретіндер:
- Менеджменттің барлық қырлары кіретін магистратура деңгейіндегі пәндерден тұратын бағдарламаның кешенді мазмұны
- Нақты мансаптық мақсаттарға сай келетін элективті пәндерді таңдау арқылы оқуды дараландыру мүмкіндігі
- Жаһандық байланыстар, халықаралық профессорлар-оқытушылар құрамы мен білім алушылар контингенті
- Жұмыстан бас тартпау мүмкіндігін беретін кешкі уақыттағы сабақ кестесі
- Сәйкес жетекшілікпен практика мен тағылымдамадан өту аясында кәсіпорындарда практикалық тәжірибе жинау
- Магистрлік диссертация жазу барысында өзіңіздің зерттеушілік және аналититкалық дағдыларыңызды жетілдіру
- Журналдарда басылып шығу, баяндамамен шығу және конференцияларда презентациялар жасау үшін академиялық жұмыстарды кәсіби жазу дағдысын дамыту.
- Қаржылық қолдау мен гранттарға ие болу мүмкіндігі
- 12 ай ішінде бағдарламаны аяқтау мүмкіндігі
- Бакалавриатта өткен бірқатар пәндерді аудару/есепке алу.