КИМЭП Университетіндегі маркетинг саласындағы магистратура бағдарламасы әлеуметтік жауапкершілік принциптерін басшылыққа ала отырып, Қазақстанда да, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі де әртүрлі ұйымдардың маркетингтік стратегияларын нәтижелі түрде әзірлей алатын және басқара алатын кәсіби мамандарды дайындауға арналған. Бағдарлама ұйымның дамуында маркетинг маңызды рөл атқаратын өнеркәсіп, консалтинг, коммерциялық емес ұйымдарда, үкіметтік құрылымдарда және басқа компанияларда жұмыс істеу үшін маркетинг саласындағы кәсіби білімді береді.
Бағдарламаның бірегей ерекшеліктері

  • Маркетинг саласында әлемдік білім беру стандарттарына сәйкестігі;
  • Бағдарламаның оқу жоспары маркетингтің барлық аспектілерін қамтиды;
  • Бағдарлама таңдап алған кәсіби мақсаттарға жету үшін қажетті пәндерді таңдау мүмкіндігін береді;
  • Сабақтар кешкі уақытта өтеді, ол оқу мен жұмыс кестесін қатар алып жүруге мүмкіндік береді;
  • Оқу кезінде ұсынылатын тағлымдама нәтижесінде қызмет саласын тереңірек білу және практикалық тәжірибе алу мүмкіндігі;
  • Бүкіл дүние жүзі бойынша іскерлік байланыстардың ауқымды желісін құру мүмкіндігі, халықаралық студенттермен бірге халықаралық оқытушылардан тәлім алу;
  • Магистрлік диссертация жазудың нәтижесінде студенттер өздерінің аналитикалық дағдыларын дамытып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу тәжірибесін алады;
  • Университет магистрант студенттерге әртүрлі гранттар мен қаржылық қолдауды ұсынады.

Аталмыш бағдарламаның оқу жоспары маркетингтің іргелі негіздерін және маркетингтік зерттеулер, тұтынушылардың мінез-құлқы, маркетингтік стратегия, маркетингтік коммуникация мен бренд-менеджмент сияқты тақырыптарды терең зерттеуді қамтиды. Сонымен қатар маркетинг саласындағы магистратура бағдарламасының студенттеріне таңдауға мамандандырылған пәндер тізімі беріліп, әрбір студент өзінің кәсіби мақсаттары мен мүддесіне сай келетін пәндерді оқуына болады. Бағдарлама қазақстандық, сондай-ақ әлемдік практиканың маркетингтік теориясы мен практикалық зерттеулерін оқытуды көздейді.

Пәндер Кредиттер
Негізгі пәндер 8
Іскерлік коммуникациялар 2
Ұйымдық мінез-құлық пен көшбасшылық әдебі 3
Менеджмент негіздері 1.5
Маркетинг негіздері 1.5
Таңдау бойынша мамандандырылған пәндер

(білім алушы төмендегі тізімнен кез-келген 4 пән мен практиканы өтуге міндетті)

15
Сандық маркетинг 3
Стратегиялық бренд-менеджмент 3
Біріктірілген маркетингтік коммуникациялар 3
Стратегиялық маркетинг 3
Сатулар мен сатуларды басқару 3
Тұтынушы мінез-құлығы 3
Маркетинг бойынша таңдаулы тақырыптар 3
Маркетингтегі әдеп, жауапкершілік және тұрақтылық 3
Маркетингтік стратегия және бәсекеге қабілеттілікті талдау 3
Іскерлік аналитика 3
Маркетингтегі жобаларды басқару 3
Халықаралық бизнес 3
Жеткізілім желілерін және логистиканы басқару 3
Қонақжайлық саласын басқару 3
Практика: маркетинг саласында бағытталған жоба 3
Ғылыми зерттеу жұмысы 6
Соңғы аттестация 1
Барлығы  30

 

Бағдарламада оқу ұзақтығы: 1 жыл (білім алушының бастапқы академиялық дайындығына және семестрде алатын оқу жүктемесіне байланысты)

Оқыту тілі: ағылшын

Оқыту формасы: толық күн (сабақтар көбінесе кешкі уақытта өтеді)

Кредиттер саны: 30

 

Бағдарламада оқу ұзақтығы: 1 жыл
(білім алушының бастапқы академиялық дайындығына және семестрде алатын оқу жүктемесіне байланысты)
Оқыту тілі: Ағылшын
Оқыту формасы: толық күн (сабақтар көбінесе кешкі уақытта өтеді)
Кредиттер саны: 30

Маркетинг саласындағы магистратура бағдарламасы Қазақстанда және дүние жүзінде қазіргі заманғы еңбек нарығының әртүрлі қажеттіліктеріне сай әзірленген. Бағдарлама түлектері байыпты теориялық және практикалық білімдерін көрсете отырып, жоғары білікті мамандармен бәсекеге түсе алады.
Академиялық үлгерімі жоғары студенттерге анағұрлым ілгері деңгейде техникалық және аналитикалық дағдыларын дамыту, келесі салаларда мансабын жалғастыру үшін жаңа тәжірибе мен білім алу мүмкіндігі беріледі:

  • Маркетинг
  • Эккаунт менеджмент
  • Сервис және клиенттермен жұмыс
  • Маркетингтік зерттеулер
  • Брэнд-менеджмент
  • Жарнама
  • Әлеуметпен байланыстар
  • Сандық маркетинг
  • Сатулар