КИМЭП Университетінің МВА бағдарламасы 25 жылдан бері Орталық Азиядағы бизнес көшбасшыларын дайындап келеді. Бэнг атындағы Бизнес факультеті таңдаулы халықаралық профессор-оқытушылар құрамының, ауқымды корпоративтік байланыстар желісі дамуының, ТМД елдеріндегі барлық бизнес мектептердің арасындағы жағымды халықаралық беделінің және халықаралық аккредитацияның нәтижесінде дүниежүзілік танымалдыққа ие болды.

Бэнг атындағы Бизнес факультеті аймақтағы бизнес саласындағы зерттеудің, басшының, кәсіпкердің позициясында табысты және серпінді даму үшін ең үздік бизнес мектебі болып табылады.

МВА бағдарламасының миссиясы – әлеуметтік жауапкершілік нормаларын сақтай отырып, серпінді дамушы әлемдік нарық пен жоғары бәсекелі бизнес орта жағдайында кешенді міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті басшылар мен бизнес көшбасшыларды дайындау.

КИМЭП Университетіндегі МВА бағдарламасы болашақ табысты басшылар үшін келесі маңызды дағдылар мен білімді дамыту мақсатымен әзірленген:

  • Аналитикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдылары
  • Коммуникативтік және көшбасшылық дағдылар
  • Экономикалық, этикалық және халықаралық ауқымдағы мәселелерді қоса алғанда бизнес ортаның іргелі білімі
  • Бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржы, маркетинг, менеджмент, операциялық басқару және ақпараттық жүйелер саласындағы маңызды білім
  • Бір немесе одан да көп бизнес саласындағы тереңдетілген білім
  • Бизнес саласындағы кешенді білім
  • Зерттеулер жүргізу кезінде теориялық білімді практикада қолдана білу
Пәндер Кредиттер
Даярлық

Жеті даярлық пәні іскерлік әкімшілдік саласында алдын ала дайындық пен білімі жоқ магистранттарды тұжырымдамалармен және терминологиямен таныстырады:

12*
Есеп негіздері 1.5
Қаржы негіздері 1.5
Маркетинг негіздері 1.5
Менеджмент негіздері 1.5
Ақпараттық жүйе негіздері 1.5
Операциялық басқару негіздері 1.5
Басқарушы экономика 3
Базалық міндетті 26
Стратегиялық менеджмент 3
Бизнес үшін зерттеулер мен сандық әдістер 3
Іскерлік байланыстар 2
Қаржылық есептілік және басқарушы бақылау 3
Логистика және жеткізілімдер жүйесін басқару 3
Ұйымдық мінез-құлық және көшбасшылық этикасы 3
Корпоративтік қаржының ілгері деңгейі 3
Маркетингтік менеджменттің ілгері деңгейі 3
Халықаралық бизнес 3
Мамандандырылған 6
Кәсіптік практика 3
Ғылыми зерттеу жұмысы 4
Қорытынды аттестация 1
Барлығы 52

*Есептелуі мүмкін кредиттердің ең көп саны 12 кредитті құрайды.

Практика, диссертация және соңғы аттестация (барлығы 8 кредит)

Практикадан өту және зерттеу жұмысын (диссертация) жазу талап етіледі. Негізгі мамандануды таңдамаған магистранттар практикадан өтеді және жалпы бизнес немесе кез келген негізгі/қосымша мамандану саласындағы жалпы тақырыптар бойынша диссертация жазады.

Маманданулар (барлығы 6 кредит)

Магистранттар келесі салалардан мамандандырылған білім ала алады:

  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы
  • Логистика және жеткізілімдер жүйесін басқару
  • Менеджмент
  • Маркетинг

Сонымен қатар маманданусыз МВА дәрежесін алуға болады, мамандық пәндерінің орнына кез келген негізгі/ қосымша мамандық бойынша 2 пәнді алыңыз.

Бағдарламаның ұзақтығы: 1,5 жылдан 2 жылға дейін (алдыңғы мамандануларға және семестрге тіркелген пәндердің санына байланысты)

Оқу тілі: ағылшын

Оқу түрі: күндізгі (сабақ кешкі уақыттарда өткізіледі)

Дәреже алу үшін қажетті кредиттер саны: 52

Сонымен қатар КИМЭП Университеті МВА бағдарламасының аясында қос диплом алу үшін тамаша мүмкіндіктер берілген. Қос диплом бағдарламасында оқи отырып, магистранттар КИМЭП Университетінде және әріптес жоғары оқу орнында бір жылдан оқып, ақырында екі диплом алады. КИМЭП Университетінен (МВА дипломы) және әріптес жоғары оқу орнынан (мамандану бойынша магистрлік диплом) беріледі.
Қос диплом бағдарламасының ішінде ең әйгілі бағдарламалар:

  • КИМЭП Университетінің МВА (Іскерлік әкімшілдік магистратурасы) бағдарламасы және Кәсіпкерлік, венчурлік капитал және жеке меншік капитал саласындағы магистратура (Каталония халықаралық университеті), Испания
  • КИМЭП МВА бағдарламасы – Халықаралық менеджмент саласындағы магистратура, IESEG Менеджмент Мектебі, Франция

Бағдарламаның ұзақтығы: 1,5 жылдан 2 жылға дейін (алдыңғы мамандануларға және семестрге тіркелген пәндердің санына байланысты)
Оқу тілі: ағылшын
Оқу түрі: күндізгі (сабақ кешкі уақыттарда өткізіледі)
Дәреже алу үшін қажетті кредиттер саны: 52

КИМЭП Университеті МВА бағдарламасының түлектері халықаралық және ұлттық компаниялардың келесі салаларында басшылық қызмет атқарады:

  • Есеп және аудит қызметіне басшылық
  • Қаржылық аналитика, банк ісі және консалтинг
  • Маркетинг және бренд-менеджмент
  • Адам ресурстарын басқару
  • Жобаларды басқару
  • Логистика/жеткізілімдер жүйесін басқару
  • Бизнесті дамыту