Қазақ тілі бөлімі өз курстарына үлкен көңіл бөледі, өйткені ол заң бойынша міндетті талап болып табылады және студенттер қазақ тілін өзінің оқу жоспарының маңызды бір бөлігі ретінде қабылдайды. Осы себепке байланысты Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультеті тек бастапқы деңгейден бастап қазақ тілін зерттеу курстарын ғана емес, қазақ халқының мәдениетін, тарихы мен дәстүрін зерттейтін курстарды да ұсынады.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылғандықтан, барлық бакалавриат студенттері (және шетелдік студенттер де) қазақ тілінің екі курсын (алты кредит) өтулері қажет.

Бір семестрде тек бір курсты ғана өтуге рұқсат етіледі. Екінші жазғы семестрде қазақ тілі курстары ұсынылмайды.

Алғашқы оқу аптасында студенттер тілді меңгеру деңгейін анықтау және оны тиісті деңгейге тіркеу үшін диагностикалық тестілеу жазады. Тілді меңгеру деңгейі диагностикалық тестілеумен, әңгімелесумен және консультациялармен анықталады.

Оқу жоспарындағы талаптардың айырмашылығына байланысты, 2007 жылы күзгі семестрде және одан кейін оқуын бастаған студенттер қазақ тілі бойынша үш кредит алады, ал 2007 жылға дейін түскен студенттер бір курс үшін тек 2 кредит ғана алады.

Келесі курстар ұсынылады:

Базалық қазақ тілі және бастапқы қазақ тілі 1 қазақ тілін білмейтін шетелдік студенттерге арналған. Түркі тілді аймақтың студенттеріне базалық қазақ тілін 1 оқу керек. Бастапқы қазақ тілі тек қана ана тілі түркі тілдес топқа жатпайтын студенттерге арналған.

Бастапқы қазақ тілі 1 және бастапқы қазақ тілі 2 ауызекі тілде аздап сөйлей алатын қазақстандық орта мектеп түлектеріне арналған.

Орташадан төмен деңгей 1 және орташадан төмен деңгей 2 тілді еркін меңгермеген, бірақ бастапқы деңгейге ие болған, қазақстандық орыс тілді орта мектеп түлектері үшін әзірленген. не арналған.

Қазақ тілінің орташа деңгейі 1 және қазақ тілінің орташа деңгейі 2 ауызекі қазақ тілін орташа (немесе орташадан жоғары) деңгейде меңгерген қазақстандық орта мектеп түлектеріне арналған.

Іскерлік қазақ тілі 1, іскерлік қазақ тілі 2, қазақ тілі және мәдениеті, қазақ тілінде іскерлік хат жазысулар және қазақ тілінде шешендік өнер қазақ тілінің кәсіптік білу деңгейін дамытуды қалайтын, қазақ тілін еркін меңгерген студенттерге арналған.

Кәсіптік қазақ және орыс тілдері

Академиялық ағылшын тілінің (12 кредит) және қазақ тілінің (6 кредит) міндетті курстарына қосымша оқу жоспарына кәсіптік қазақ және орыс тілдерінің курстары кіреді. Қазақстандық студенттер өздері бітірген орта мектепке байланысты кәсіптік қазақ тілінің бір курсын таңдаулары қажет. Осылайша,

  • Қазақстанда орыс тіліндегі орта мектепті бітірген студенттер кәсіптік қазақ тілі курсын өтеді. Студенттер ең лайықтысын таңдау үшін пәндердің сипаттамасын оқулары керек. Сонымен қатар олар Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінiң үйлестірушісінен немесе қазақ тілі бағдарламасының үйлестірушісінен кеңес алуларына болады.
  • Қазақстанда қазақ тіліндегі орта мектепті бітірген студенттер кәсіптік орыс тілі курсын өтеді. Қазір тек бір курс қана ұсынылған.
  • Басқа елдің немесе басқа мектептің студенттері қандай кәсіптік тілдік курсты өту керектігін таңдауларына болады.