Бағдарлама басқару саясатында, оқыту мен оқудағы зерттеулерде тәжірибесін кеңейтуге және тереңдетуге ұмтылатын мұғалімдерді, менеджерлерді, әкімгерлерді және басқа да білім беру мамандарын даярлауға бағытталған. Ол магистрлердің оқыту білім беру саласындағы көшбасшылық және басқарудың рөлін арттыру мақсатында қажетті білім мен дағдыларды игерулерін қамтамасыз етеді.

Бағдарлама магистрлері келесідей дағдыларды қалыптастырады:

  1. Білім беру мекемелерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау мен бағалауда басқару тұжырымдамалары мен қағидаларын қолдана алу дағдыларын көрсету.
  2. Қазіргі қоғамның сын-қатерлері мен талаптарын ескере отырып, білім беру мекемелеріне арналған стратегиялық жоспарлар мен даму бағдарламаларын дамыту.
  3. Білім беру сапасын бақылау тәсілдері мен құралдарын, оның ішінде оқу нәтижелерін бағалау, оқу үдерісін бақылау, оқу бағдарламаларының тиімділігін өңдеу мен талдау әдістерін қолдану.
  4. Білім беру ұйымдарындағы ұжымдар мен топтарды тиімді басқару үшін қажетті көшбасшылық қабілеттер мен шешім қабылдау дағдыларын көрсету.

Білім беру саясаты және менеджменті мамандығы бойынша магистр дәрежесіне қойылатын талаптар:

Негізгі бағдарлама Кредиттер ECTS
Міндетті пәндер 9 10
Таңдау пәндері 6 6
Негізгі мамандыққа қойылатын талаптар 3 4
Міндетті пәндер 15 29
Таңдау пәндері 6 10
Ғылыми тағылымдамадан өту 6 10
Кәсіби тағылымдамадан өту 3 9
Эксперименттік зерттеу компоненті 2 13
Қорытынды аттестаттау 1 8
Бітіруге қажетті барлық кредиттер саны 27 60

MEPM оқу жоспарын егжей-тегжейлі көру үшін келесіні қараңыз: КИМЭП университетінің каталогы

 

Оқу жоспары

Төмендегі кестелер бір жылда білім беру саясаты және менеджменті бойынша магистратураны аяқтауға арналған оқу бағдарламасының үлгісін береді.

Күзгі семестр Көктемгі семестр
Курс коды Пән атауы Кредиттер ECTS Курс коды Пән атауы Кредиттер ECTS
EPM5101 Білім берудегі стратегиялық менеджмент 2 2 EPM5104 Оқыту бағдарламаларын әзірлеу және басқару 3 5
EPM5102 Басқару психологиясы 2 2 EPM5301 Бағдарламаны бағалау 3 5
TFL5103.2 Академиялық жазу (шетел тілі) 2 2 EPMxxxx Мамандық бойынша электив 1 3 5
EPMxxxx Электив 3 4 EPMxxxx Мамандық бойынша электив 2 3 5
EPM5302 Кәсіптік тағылымдама 3 9 EPM5402.2 Диссертация қорғау 1 8
EPM5401.2 Дипломдық жұмыс 1 2 13
  ЖАЛПЫ 14 32   ЖАЛПЫ 13 28

Бағдарлама бойынша барлығы: 27 курс кредиті (60 ECTS)

Академиялық жазылым (шет тілі)Пән магистранттардың ағылшын тілінде академиялық және кәсіби жазылымын жетілдіруге бағытталған. Олар мәтіндерді жобалау және ұйымдастырды дағдыларын меңгереді. Пән барысында тұжырымдарды баяндау, таңдау, түсіндіру және сенімді дереккөздеріне сүйене отырып қажетті айғақтарды талдау, күрделі идеяларды терең пайымдаулармен ұсынып, кәсіби академиялық стильде баяндай алады. Магистранттар түрлі академиялық және кәсіби мәтіндерді, мысалы, ғылыми мақалалар мен есептер жазуға машықтанады.

 

Басқару психологиясы

Пән жеке тұлға мен топтардың мінез-құлығы жайында ғылым теориясына шолу болып табылады. Ол магистранттардың басқару психологиясындағы негізгі тұжырымдама, тәсілдермен танысуына мүмкіндік беріп, басқарудағы адам факторына әсерін қарастырады. Магистранттар қазіргі замандағы ұйымдарда тиімді басқарудың психологиялық әдістерімен және шешімдерді қабылдаудың ұтымды тәсілдерімен танысады.

 

Білім берудегі менеджмент

Бұл курс нақты жағдаяттарды талдау арқылы магистранттарға стратегиялық басқару концепцияларын таныстырып, білім берудің негізгі бағыттары мен білім беруді ұйымдастырудың мақсатын, қоршаған орта факторларын бағалауды, білім беру нарығының құрылымын оқытып, білім беруді ұйымдастырудың оң және теріс жақтарын түсіндіреді. Негізгі басымдылық бәсекелес нарықта білім беру стратегияларын құру және нарықты зерттеуге беріледі.

 

Білім берудегі қаржы мен бюджет

Бұл пән білім берудегі қаржылық, экономикалық және бюджетке қатысты мәселелерді талқылауға бағытталған. Магистранттар білім берудегі қаржыландыруға әсер ететін саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді, кіріс пен шығыстың құрылымы мен заңдылықтарын зерттеп, қаржылық ақпаратты түсіну қабілетін дамытып, стратегиялық жоспарлаудың құралы саналатын бюджетті бағалауды меңгереді, қаржыны бөлу және бақылау дағдыларын үйренеді.

 

Білім беруді бағалау

Курс білім беруге қатысты зерттеулерді бағалаудың теориясы мен практикасын үйретуге бағытталған. Курстың жалпы мақсаты – стандартты тестілеу және тапсырма стратегиялары мен тәсілдерін, түрлерін, саясатын, мақсаты мен құрылымын, қолданылуын, шектеулері және практикалық бағытын сыни шолу. Білім беруді бағалауды таңдау, сұрыптау, түсіндіру стратегияларын үйретеді.

 

Тілдік білім беру саясаты

Курс тіл саясатының әлеуметтік әсері мен адам капиталының формасы саналатын тілдік білім беру саясатына кіріспе ретінде құрылған. Пән бағдары тіл саясатын (заңды күші бар актілер мен құжаттарды, оқу бағдарламалары мен басқа да білім беру құжаттарын) сыни талдау, жасырын немесе айқын тілдік идеологияларды талқылау және білім берудегі тілдік практикаларға шолу жасауға негізделген.

 

 

Бағдарламаны бағалау

Бұл курс бағдарламаны бағалаудың негізгі концепциялары мен теориясына, бағдарламаны бағалаудың түрлі компоненттері және олардың бағдарламадағы және курс саясатындағы рөлін айқындайтын кіріспе курс ретінде құрылған. Курс барысында магистранттар бағдарламаны бағалау жобасының негізінде бағалау есептерін жасап, есеп бойынша мәліметтер жинап, оларды топта талқылайды.

 

Оқу жоспарын құру және менеджмент

Бұл пән магистранттарды оқу бағдарламаларының теориясы мен тәртібін құрумен, басқарумен және бағалаумен таныстырады. Пәннің тақырыптары келесідей: оқыту бағдарламаларының өзгеру тарихы, социолингвистикалық және саяси оқу жоспарларының агендасын, моделін, теорияларын және құрылымын; оқу жоспарын бағалау, басқару және іске асыру.

 

Білім беру саласындағы теңдік

Пән барлық оқушылар үшін білім берудің теңдігі мен сапасын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларын, оқыту стратегияларын және оқыту материалдарының мазмұнын әзірлеуге және енгізуге әсер ететін факторларды қарастырады. Магистранттар білімге қол жетімділіктің, мүмкіндіктер мен нәтижелердің теңсіздігіне ықпал еткен тарихи және әлеуметтік контексттерді зерттейді. Социологиялық, психологиялық, экономикалық, педагогикалық тәсілдердің принциптерін біріктіретін пәнаралық әдістеме негізінде магистранттар әлеуметтік-экономикалық мәртебе, этникалық, жыныс, қабілет, тіл және мәдениет сияқты білім беру теңдігіне әсер ететін факторларды сыни тұрғыдан талдай алады.

 

Білім беру саясатын талдау

Бұл курстың мақсаты білім беру саясатының мәселелері мен проблемаларын тұжырымдамалау, оларды шешудің стратегияларын құру және бағдарламалық құжаттарды түсіну қабілеттерін дамыту. Магистранттар саяси, әлеуметтік, мәдени және әлеуметтік контекст білім беру саясатын қалай қалыптастыратындығы және саясат қалай жасалып, қалай жүзеге асырылатыны және бағаланатыны туралы түсінік алады.

 

Білім берудегі көшбасшылық және ұйымдастырушылық

Аталған курс білім алушының көшбасшылық қасиеттерін дамытып, коммуникация құру қабілеттерін арттырып, білім беру орындарында ұжымды басқаруды үйретеді. Сонымен қатар, адам мінез-құлқын тануды және әлеуметтік процестерді зерттеуді қажет етеді. Бұл пән барысында магистрант ұжымда әрекет етудің және шешім қабылдаудың жеке, топтық және ұйымдастырушылық деңгейлерін теориялық және практикалық сабақтардың негізінде меңгереді.

Стипендии и гранты
Как казахстанским, так и иностранным студентам предоставляются различные гранты за академические заслуги. Во время обучения в Университете КИМЭП студенты также могут подать заявление на вакансию с неполной рабочей занятостью в Университете.Контактные данные отдела Финансовой Поддержки.

Стипендии и гранты

КАРЬЕРНЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ
Программа Магистратура «Образовательная политика и менеджмент» поможет вам получить квалификацию для работы в качестве администратора, эксперта в области образования в государственных и частных агентствах, лоббиста, разработчика учебных программ, советника по законодательным и правовым вопросам или аналитика.
Получив эту степень, у вас появится выбор среди множества карьерных путей в области образования. Ниже перечислены лишь некоторые из них:

  • Должность директора в частных и государственных школах
  • Должность руководителя в государственных структурах
  • Консультант по образованию
  • Аналитик образовательной политики
  • Разработчик учебных программ и образовательного контента
  • Разработчик образовательной политики
  • Корпоративный коучер
  • Вы также можете продолжить обучение на на докторантуре PhD «Образовательная политика и менеджмент»