Әр түрлі тілде сөйлесе білу қазіргі заманғы әлемдік экономикада күнен күнге бағалы қасиетке айналып, мемлекеттік және жеке меншік сектордың жұмыс берушілері тарапынан сұранысқа ие болуда. Қазіргі заманғы тілдерді зерттеу студенттерге тілдік, әлеуметтік және мәдени дағдылардың кешенді жинағын дамытуға көмектесіп, ол студенттердің тек нақты зерттелетін тіл мен мәдениетті ғана емес, әлеуметтік-мәдени нормалар мен құндылықтарды да түсінулеріне мүмкіндік береді.

Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің қазіргі заманғы тілдер бөлімі орыс, неміс және қытай тілдерін ұсынады. Бастапқы деңгейден бастап, жетілдірілген деңгейге дейінгі әр түрлі әлем тілдерінің толық ауқымы ұсынылады. Төрт негізгі тілдік дағдыларды ( ауызша сөйлеу тілі, тыңдау, оқу және жазу) дамытуға қосымша оқудың негізгі мақсаты бірнеше әлем тілдерімен берілген адамзат мәдениетінің алуан түрлілігін пайымдауға келіп саяды.

Біз студенттердің пән мазмұнын жақсы қабылдауын және өз перспективаларын белсенді түрде кеңейтуін қолдай отырып, инклюзивті және интерактивті оқу ортасын ұсынамыз.