Экономика ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесі түлектердің шешім қабылдау мәселелерін құрылымдау және нақты
деректерді қолдану үшін; басқару, мемлекеттік қызмет және әлеуметтік ғылымдар саласында инновациялық шешімдер
іздестіру үшін қажетті зерттеу дағдыларын дамытады.

Бағдарлмаға магистр дәрежесі бар, математика мен ағылшын тілін (оқуға тұсу талаптарында көрсетілгендей) жақсы
меңгерген үміткерлер түсе алады.

Біздің PhD бағдарламаларымызға гранттар туралы осы бетте біле аласыз https://www.kimep.kz/prospective-students/kz/financial-aid/

Сферы научных интересов кафедры:

  • Экономика окружающей среды
  • Финансовое регулирование
  • Неравенство и социальная политика
  • Экономика труда
  • Денежно-кредитная политика
  • Общественная экономика
  • Региональная интеграция
  • Социальная оценка и возможности в развитии человеческого потенциала
  • Экономика торговли и развития
  • Страны с переходной экономикой

Кафедраның ғылыми бағыттары:

  • Қоршаған орта экономикасы
  • Қаржылық реттеу
  • Теңсіздік және әлеуметтік саясат
  • Еңбек экономикасы
  • Ақша-кредит саясаты
  • Қоғамдық экономика
  • Аймақтық интеграция
  • Әлеуметтік бағалау және адам әлеуетінің даму мүмкіндіктері
  • Сауда және даму экономикасы
  • Өтпелі экономика елдері

Экономика саласындағы докторантура PhD бағдарлмасына экономика немесе оған байланысты салада магистр дәрежесі
бар және келесідей салаларда кәсіби қызметке ұмтылатын үміткерлерді шақырылады:

  • Ғылыми қызмет және ғылыми зерттеу/аналитикалық қызмет
  • Кеңес беру
  • Қаржылық және бизнес компанияларының жоғары буынды басшылығы
  • Үкімет және үкіметтік мекемелер мен ведомстволар
  • Үкіметтік емес ұйымдар, үкіметаралық ұйымдар мен даму жөніндегі агенттіктер

Бағдарламаға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Үміткерлер бағдарламаның барлық талаптарын орындаудың және
одан нақты пайда алудың ең жоғары ықтималдығымен қабылданады. Соңғы шешім үміткердің жалпы біліктілігін, оның
ішінде бағдарламаны толығымен игеруге деген ынтаны және талпынысты жан-жақты бағалауға негізделген.

  1. Аяқталған магистр дәрежесі
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының «Магистр» дәрежесін алуын растайтын диплом
    көшірмесі
  • Бағалармен транскрипт көшірмесі (дипломға қосымша)
  1. Ағылшын тілін білуді растайтын жарамды халықаралық сертификаттардың болуы:
  • IELTS – кемінде 5,5
  • IELTS INDICATOR– кемінде 5,5
  • TOEFL ITP – кемінде 460
  • TOEFL IBT – кемінде 46
  • TOEFL PBT кемінде 45
  • CEFR деңгейі – В2

Ағылшын тілі ресми немесе мемлекеттік тілі болатын елдеріндегі жоо-лардан магистр дәрежесін алған PHD
үміткерлері, сол жоо-лар ЭЫДҰ мүшелері болатын елдерімен ресми түрде мойындалған акредиттеу агенттігілерінен
аккредитацияға ие болған жағдайда, ағылшын тілін меңгеру деңгейін тексеру талабынан босатылады. Бұл жағдайда
үміткердің магистрлік дипломының берілу мерзімі бес жылдан бұрын болмауы керек.

  1. Іріктеу комитетімен қосымша қарау:
  • Магистратурадағы орташа үлгерім баллы (GPA) – 3,0-ден бастап, одан жоғары, немесе КИМЭП Университетінің
    бағалау жүйесіне сәйкес келетін межелікке аударғанда – 69 % баламасы
  • 25 және одан жоғары баллмен KGET (КИМЭП жоо-дан кейінгі білім беру бағдарламасына қабылдау емтиханы)
    тестін тапсырудың жарамды нәтижесі, немесе экономика кафедрасы осы балллға баламалы деп есептейтін
    баллдармен GMATне GRE тестерін тапсырудың жарамды сертификаты.
  • Оқу мақсаттары туралы жазбаша мәлімдеме (500 сөзге дейін). Мәлімдемеде өтінішкердің академиялық және
    кәсіби қызығушылықтары, докторантура PhD бағдарламасы көмегімен тұлғалық және кәсіпқойлық даму
    жоспарлары, және бағдарламаның қатаң талаптарын сәтті орындау мүмкіндігін беретін өтінішкердің жеке
    қадір-қасиеттері көрсетілуі қажет.
  • Жоспарланған зерттеудің жалпы идеясын және пайдалануға жоспарланған әдістердің шамалы сипаттамасын
    беретін зерттеу тақырыбы ұсынымы (2-3 бет). Өтінішкер заманауи зерттеулермен таныстығын, зерттеудің ашық
    мәселелерін айқындау қабілетін және зерттеу тақырыбы бойынша өзіндік бірқилы ұсынымын тұжырымдау
    қабілетін көрсету керек.
  • Бағдарлама қабылдау комиссиясымен сұхбаттасу. Ол сұхбаттасу кезінде жарияланымдары немесе жұмыс
    тәжірибесі секілді өтінішкердің жетістіктеріне байланысты қосымша материалдар қарастырылуы мүмкін;
    қабылдау комиссиясы өтінішкерді PhD докторантура бағдарламасына қабылдауды ұсыну туралы тұжырымды шешім
    жасайды.

Өтінішкер тапсыратын құжаттар жинағында келесілер болуы тиіс: 

  • Толтырылған өтініш нысаны
  • Төлқұжат немесе жеке куәлік көшірмесі
  • Ажыратымдылығы 300 ppi (дюймге пиксель), көлемі 8 МР-ден (мегапиксель) кем емес, JPEG форматындағы
    сығылысуы төмен (сапасы жоғары) сандық фотосурет
  • Магистратураны бітіру туралы құжат көшірмесі
  • Кәсіптік түйіндеме
  • Ағылшын тілін білуді растайтын халықаралық тестерден өтудің жарамды нәтижелері (IELTS сертификаттарының
    көшірмелері немесе TOEFL сертификаттарының түпнұсқалары)
  • Медициналық анықтама – № 086-У нысаны немесе шетел азаматтары үшін ө оның баламасы
  • Екі кәсіпқойлық ұсынымхат
  • Лайықты жарияланымдар тізімі және жарияланым үлгісі (бар болған жағдайда)
  • Өтінішкер өз қалауы бойынша лайықты деп санайтын басқа да құжаттарды (мысалы – өтінішкер
    қызығушылары салаларындағы сертификаттар, марапаттар және дипломдар көшірмелерін, әсіресе – ұлттық және
    халықаралық деңгейде берілген) өтінішке қосуға рұқсат етіледі.

Құжаттар түпнұсқаларын көшірмелерімен бірге қабылдау комиссиясына тапсыру керек. Сәйкестендіруден кейін
құжаттар түпнұсқалары иеленушілеріне қайтарылады
.