evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
ir-ba

College of Social Sciences (CSS) – UN Collaboration

Қазан айының 19-ы күні КИМЭП Университетінің Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті мен Біріккен Ұлттар Ұйымының уәкілдерінің арасында кездесу өтті. Кездесу барысында КИМЭП Университеті мен БҰҰ арасындағы қары-қатынасты ұлғайту келісілді. Осы келісімге сәйкес төменде келтірілген шарттар факультет деңгйінде іске асырылады:

  1. 2017 жылдың көктемгі семестірінде Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті «БҰҰ моделі» атты курс ұсынады. Студенттерге дипломатия, халықаралық қатынастар және Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс саласында практикалық білім алу мүмкіндігін беретін курс академиялық модельдеу түрінде өтеді.
  2. Әлеуметтік Ғылымдар Факультетінің студенттері БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңселерінде  іс-тәжірибе өтетін болады. Бұл таптырмас мүмкіндік студенттерге БҰҰ-ның жұмысымен танысып, КИМЭП-те алған білімдерін тұрмыста қолдануға қолайлы жағдай тудырады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.
  3. Студенттердің белсенділігін нығайтуға бағытталған жастар ұйымы құрылатын болады. Бұл ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарына сай болады және БҰҰ-ның қызметі туралы ел мен әлем хабардарлығын арттыру, заманауи мәселелерді көтеру, тиімді шешім жолдарын анықтауға бағытталады.