КИМЭП Университетінде Орталық және Шығыс Еуропа, Ресей мен Еуразияны зерттеу жөніндегі халықаралық магистратурасы (IMCEERES) Глазго Университеті (Ұлыбритания), Тарту Университеті (Эстония), КИМЭП Университеті (Қазақстан), немесе Консорциум мүше-серіктес-жоолардың біреуі кіретін жоо консорциумынан халықаралық магистр дәрежесін алу мүмкіндігін ұсынады.
Бағдарлама «Эразмус Мундус» бағдарламасының магистратурасы ретінде Еуропалық Комиссиямен танылған. Сонымен қатар, бағдарлама түлектері Консорциумға қатысушы-жооның ұлттық дипломын алатын болады.
IMCEERES төрт еуропалық және төрт еуропалық емес жоо-дан тұратын халықаралық консорциум болып табылады. Бизнес, мемлекеттік саясат пен ҮЕҰ саласында қызмет ететін білімдік емес ұйымдар-серіктестер қауымдастығының желісі студенттердің жұмысқа орналасуын кең тәжірибеден өту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады. IMCEERES бағдарламасы мемлекеттік саясатта, бизнес әлемі, дипломатиялық қызметте, халықаралық ұйымдар мен медия әлемінде мансап құрғысы келетін немесе докторантурада өзінің академиялық білімін тереңдеткісі келетін студенттерге арнлаған.
Бағдарлама түлеткері Еуропалық Одақ және оның жақын көршілерінің келесідей маңызды геосаяси аймақтарының біреуі немесе бірқатарында: Орталық Азия, Кавказ және Каспий теңізінің бассейні, Ресей, Балтық теңізінің аймағын қоса алғанда Орталық және Шығыс Еуропаның 21 ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси сын-қатерлерін шешу мүмкіндігін беретін дағдыларға ие болады. Икемді және жоғары сапалы тілдік дайындық IMCEERES бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Консорциумның барлық серіктестерінің қатысуымен көптеген ғылыми конференциялар, семинарлар мен әлеуметтік-мәдени шаралар IMCEERES бағдарламасы бойынша оқу тәжірибесін шын мәнінде болашақ кәсіби мансапқа дайындық пен берік әріптестік орнату тарапынан өте пайдалы болуға өз үлесін қосады.
IMCEERES бағдарламасының студенттері бірінші оқу жылының бірінші семестрінде Тарту Университетінде, екінші семестрде және жазғы мектепте Глазго Университетінде білім алады. Глазгодағы бірінші семестрде студенттер коммунисттік және пост-коммунисттік зерттеулер бойынша фундаменталды білім алып, екніші семестрде келесі бағыт бойныша мамандандырылған зерттеу жасау мүмкіндігі беріледі:
– Балтық теңізі аймағын зерттеу
– Кавказ/ Каспий теңізі бассейіні бойынша зерттеу
– Орталық Азияны зерттеу
– Орталық Еуропаны зерттеу
– Кеңес Одағы мен пост-кеңестік елдерді зерттеу
IMCEERES бағдарламасы бойынша толығырақ біліңіз…
Халықаралық қатынастар және аймақтану кафедрасынан үйлестіруші: Динара Нұрманова, эл.мекенжайы: zdinara@kimep.kz
КИМЭП Университетіндегі элективті пәндер үлгілері:
– Халықаралық саяси экономика (5 ECTS)
– Халықаралық мәселелердегі этика (5 ECTS)
– Аймақтану бойынша магистрлік семинар (5 ECTS) немесе
– Халықаралық қатынастар бойынша магистрлік семинар (5 ECTS)
– Ғаламдық саясаттағы Орталық Азия (5 ECTS)
– Дамушы державалар мен нарықтар (5 ECTS)
– Экологиялық саясат, даму және жаһандық басқару (5 ECTS)
– Халықаралық мәселелер бойынша саяси коммуникациялар (5 ECTS)
– Азиялық қауіпсіздік: теория мен практика (5 ECTS)
– Пост-коммунистік әлемдегі ішкі және сыртқы саясат (5 ECTS)
– Орталық Азиядағы басқару және саясат (5 ECTS)
– Ресейдің сыртқы саясаты (5 ECTS)
– Петросаясат (5 ECTS)
– Орталық Азия -Ресей қарым-қатынасы (5 ECTS)
– Орталық Азия мен АҚШ қарым-қатынасы (5 ECTS)
– Еуропалық Одақ: ішкі және сыртқы саясат (5 ECTS)
Консорциум
Халықаралық консорциум сегіз серіктесс-жоо-дан және бірқатар қауымдастырылған серіктес-университеттерден тұрады. Білім беруге байланысы жоқ, іскер ортадан, мемлекеттік саясат пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған біздің қауымдастырылған серіктестер желіміз студенттерге практикадан өту мүмкіндігін бере отырып, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.
Дәреже тағайындайтын әріптес-жоолар:
Глазго Университеті, Ұлыбритания
Тарту Университеті, Эстония
Корвин Будапешт университеті, Венгрия
Ягеллон Университеті, Польша
Илья мемлекеттік университеті, Грузия
Сараево Университеті (UNSA), Босния және Герцеговина
КИМЭП Университеті, Алматы, Қазақстан
Негізгі қауымдастырылған әріптес:
«Киев-Могиляндық Академия» Ұлттық университеті, Украина
Қауымдастырылған әріптестер:
– Батыс Онтарио Университеті, Канада
– Әзербайжандық дипломатиялық академия
Білімдің емес қауымдастырылған әріптестер
– Шотландия Үкіметі
– Грузиндік сауда-өндірістік палатасы
– Будапешт мемлекеттік саясат институты, Венгрия
– Орталық Азияның Еуроазиялық қоры, Қазақстан
– «Albion Overseas Ltd.» компаниясы, Ұлыбритания
– Шотландия-Ресейлік форум, Ұлыбритания
– Украинаның жұмыс берушілер конфедерациясы