2018 ж 27 қазанда КИМЭП Университетінің Корпоративтік даму бөлімінің Мансап және жұмысқа орналастыру қызметі (МЖОҚ) командасы «Шұғыл танысулар» іс-шарасын сәтті өткізді. Іс-шараға бір жағынан – 28 жұмыс беруші компания, екінші жағынан – оқуын биылға жылдың соңында немесе келесі жылғы көктемгі семестріңде бітіретін 28 студенті қатысты.
Қазақстандығ алғашқы рет өткізілетін осы іс-шараның мақсаты – түлектер мен әр түрлі салада сәтті жұмыс істейтін компаниялар арасында өзара әрекеттестік орнату. Компания өкілдері мен студенттердің алғашқы реакциясы бойынша, іс-шара өте қызықты және серпінді өтті және алғашқы байланыс орнатудың, болашақ жұмыс берушілермен, болашақ әріптестермен кездесудің, сондай-ақ университеттің үздік түлектерінің арасында жұмыс берушілер брендтерін дәріптеудің тиімді құралы болды.
іс-шараға келесі жұмыс берушілер қатысты:
Mars | L’Oreal | GlaxoSmithKline Kazakhstan | K’CELL | Coca Cola | Atasu | GlobalinkLogistics |
British American Tobacco | Imperial Tobacco | JTI | Philip Morris KZ | Grata | Synergy Partners | Unicase |
Deloitte | EY | KPMG | PWC | Grant Thoronton | BDO Kazakhstan | Ritz Carlton |
Fircroft | National Business | Altyn Bank | Tengri Capital | Finance Holding | Group 4 | DASM |
Іс-шараға қатысқан студенттер жоғары академиялық үлгерімі, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы және практикадан өту / сырттай жұмыс тәжірибесі негізінде таңдалды.
Жұмыс берушілердің іс-шара туралы пікірлері:
Щұғыл танысуларыңыз үшін көп рахмет. Іс-шараға қатысқан үміткерлердің жоғары дайындығын атап өткіміз келеді – олар жоғары академиялық деңгейге ие, қоғамдық өмірде де, белгілі бір функционалды бағыттарда да белсенді өмірге және әр түрлі тәжірибеге ие ең жақсы студенттер. КИМЭП Университетінің үлкен таланты мен жұмыс берушілерге деген қызығушылығы бізді қатты таң қалдырды.
Іс-шара өте тартысты өтті. Іс-шара форматы бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келеді және жұмыс берушілерге үміткерлерді бастапқы тексеруден өткізу үшін өте ыңғайлы болып отыр. Бізді барлық қатысушылар қызықтырды, сондықтан біз қызығушылық танытқандарға жұмыс ұсына аламыз деп үміттенеміз. «Алтын Банк» АҚ (Қазақстан Халық Банкінің филиалы) |
Іс-шараның форматы керемет, ойдағыдан да жақсы.
Сіздер тәрбиелеген студенттер – үміткерлердің ең жақсылары! Мен бұрын сұхбаттасуларды өткізгенде ешқашан осыншама тамаша үміткерлерді кездестірмедім. Маған олардың әрқайсысы ұнады. Егер мен сіздер шақырған компаниялардың бірінде HR-менеджер болсам, және компания маған ондай мүмкіндігі мүмкіндік берсе, мен бұл жастардың дерлік барлығын жұмысқа алып, бәсекелестердің барлығын «жыртып тастап» жұмысты қатырар едім! National Business Жоғары деңгейлі студенттер іріктелді. Іс-шараның өзі өте жақсы өтті! Жалғыз ғана өтінішім бар – осындай шараларды жиірек өткізу керек! Unicase заң фирмасы
|
Студенттермен бірге осындай жобаға қатысу мүмкіндігі үшін рахмет. Бізге аса ұнағаны:
1. Үміткердің бізге сай келе ме, жоқ па екенін түсіну үшін 5 минут жеткілікті болды; 2. Студенттер өздерін таныстыруға дайындалып, сұрақтарға жауап берді және қызығушылық танытты; 3. Қысқа мерзім ішінде көптеген үміткерлерді қарап шығу және сөйлесу мүмкіндігі; 4. Шараның ұйымдастырылуы. Үш студентті ерекше байқап қойдық – бұлар Арета Абетаева, Алишер Алимов, Чмых Валерия. Жақын уақытта сізге қоңырау шаламыз. Кока-кола |
Қызықты шара форматы үшін және студенттермен
қарым-қатынасты тамаша ұйымдастырғандарыңыз үшін көп рахмет. Шара бәрімізге қатты ұнады! K’CELL |
Әдеттегідей, іс-шара жоғары деңгейде өтті. Біз көптеген қызықты студенттермен кездестік; олардың кейбіреулерін біз сұхбаттасуға шақырдық. Болашақта осындай шараға қатысуға қуаныштымыз.
PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory ЖШС |
Жаңа идеяларыңыз үшін көп рахмет!
«Шұғыл танысулар» шарасын ұйымдастыру, әдеттегідей жоғары деңгейде болды – әсіресе басқа университеттер жасайтын іс-шаралармен салыстырғанда. Барлығы өте серпінді және қызықты күйде өтті! КИМЭП студенттері өз үздік қасиеттерін дәлелдегені соншама, компаниямыздың әр түрлі бөлімдеріндегі әріптестер оларды жұмысқа алу үшін бәсекеге түсе бастады. Әрине, жалпы әсер өте жағымды және біз бұл студенттер жақында біздің командамыздың құрамына кіреді деп сенеміз! KPMG |