Спорт орталығының миссиясы студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге және түлектерге кең ауқымды спорттық іс-шараларды, демалысты, дене шынықтыруды, спорттық шараларды және сауықтыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Біз ҚМЭБИ кампусында қауіпсіз және жайлы ортада салауатты өмір салтын және әл-ауқатты жақсартуға тырысамыз. КИМЭП студенттері кампуста орналасқан толық жабдықталған спорт кешенін пайдаланады, оның ішінде аэробика, кардио, еркін салмақпен айналысатын спорт залдары және әмбебап зал бар.Спорт кешені ғимаратында КИМЭП қоғамдастығының барлық мүшелері тегін кіре алатын бірнеше душ кабиналары мен шкафтар бар. Сонымен қатар, жақын жерде жазғы футбол алаңы бар. Студенттер «Жаттығу аймағында» өздерін сынай алады немесе «Street ball» аймағында кездейсоқ ойындарды тамашалай алады. Мектепішілік спорт бағдарламасы тұрақты тіркелген барлық студенттерге ашық. ҚМЭБИ спорт командалары әртүрлі спорт түрлері бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық жарыстарға қатысады, сонымен қатар бірнеше ішкі лигаларда ойнай алады. КИМЭП Университеті Қазақстанда құрылған бірінші американдық футбол командасының – Титандардың отаны болуымен ерекше.

Байланыстар
Tel: + 7 727 270 44 42
E-mail:
Assistance center sportassist@kimep.kz
Yergazy Orazaliyev, Director of Sport Center erik@kimep.kz
Dana Tursunova, Coordinator of Sport Center d.tursunova@kimep.kz

КИМЭП Университеті Спорт орталығындағы ережелері

I. Жалпы ережелер
1.Спорт Орталығы «КИМЭП Университеті» АҚ құрылымдық бөлімі болып табылады.
2.КИМЭП студенттері, оқытушылары, қызметкерлері спорт секциялары мен сауықтыру шараларына тегін қатысады.
3.Спорт Орталығының жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылады.

II. Негізгі басымдықтар мен міндеттер
Спорт Орталығының негізгі міндеттері негізгі білімдік бағдарламаларды нәтижелі меңгерудің міндетті шарты ретінде студенттердің, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлердің денсаулығын нығайту болып табылады.

Спорт Орталығының мақсаты:

  • Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Жолдауын жүзеге асыру.
  • Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын жүзеге асыру.
  • Студент жастарды темекі шегу, ішімдік ішу және есірткі пайдалану сияқты зиянды  әдеттердің ықпалынан арылту.
  • Студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру мен спорт құралдарын кеңінен пайдалану.
  • Ұлттық-халықтық, бұқаралық және ойын спорт түрлерін дәріптеу.
  • Студенттерді дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылдануға тарту.

III. Спорт Орталығының функциялары

  • КИМЭП студенттеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне мини-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, йога және әр түрлі фитнес бағдарламалар бойынша спорт секциялары мен сауықтыру сабақтарын ұсынады.

Спорт секциялары туралы ереже қосымша беріледі.

  • Оқытушылық және бапкерлік жұмысқа тарту, сонымен қатар жоғары кәсіби білікті маманның сауықтыру қызметін көрсетуі;/li>
  • Спортпен шұғылданушылардың жағдайына дәрігерлік бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Жастарды спорт секциялары мен сауықтыру топтарына тарту арқылы салауатты өмір салтын насихаттайды.

Спорт Орталығында баскетбол, волейбол, футбол, американдық футбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлері дамыған, сонымен қатар би, йога, шахмат, аэробика, пилатес, кардио және фитнес бағдарламалар өткізіледі.
2014 жылдан бастап Спорт орталығы студенттерге келесі пәндер бойынша дене шынықтырудан 2 кредиттік курс ұсынады: аэробика, кардио, фитнес, баскетбол, волейбол, мини-футбол, йога және пилатес. КИМЭП Университетінің дене шынықтырудан оқу бағдарламасы спорт түрлері бойынша студенттердің өз беттік таңдауын қарастырады (Спорт Орталығы ұсынғандардың ішінен).
2016 жылдың көктемінен бастап дене шынықтыру сабақтарында физикалық жүктемеге денсаулығы жарамайтын студенттерге (ерекше мүмкіндіктегі) шахмат бойынша курс ұсынылады.
2016 жылдың күзінен бастап дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламасына кіретін би курсы енгізілді.
Спорт Орталығына алғаш келген адам Спорт Орталығының ережелерімен танысады, сонымен қатар әрбір студентпен жеке сабақ кестесі құрастырылып, ол дерекқорға енгізіледі. Әрбір студент онлайн құралдар арқылы жеке сабақ кестесін құрастыруына болады.
Student Portal – Campus Life- Sport Activities-my sport activities

IV. Ұйымдық құрылым

    1.  Cпорт Орталығының құрылымы мен штатын «КИМЭП Университеті» АҚ Президенті бекіткен.
    2. Басшы Cпорт Орталығының ағымдағы жұмысын басқарады және Тәрбие істері жөніндегі проректордың орынбасарына бағынады.
    3. Ұйымдық құрылымға СО директоры, үйлестіруші, дәрігерлік қызметкер, ассистент және нұсқаушылар кіреді.

V. Спорт Орталығының сипаттамасы
Cпорт Орталығында 4 зал бар:
* Әмбебап зал — 330 кв.м.;
* Кардио зал — 80 кв.м.
* Еркін салмақтар залы — 80 кв.м.;
* Аэробика залы — 40 кв.м.
Стадион (футбол алаңы) — 1056 кв.м.
Воркаут алаңы — 210 кв.м
Стритбол алаңы — 63 кв.м
Cпорт Орталығы ең жаңа үлгідегі жаттығу құралдарымен, DVD күйтабақ ойнатқыштармен және музыкалық орталықтармен жабдықталған.
Сонымен қатар Cпорт Орталығында шешінетін бөлмелер мен душ бөлмелері (ерлердікі және әйелдердікі) бар.
Спорт Орталығы КИМЭП аумағында орналасқан, сондықтан Алматыға алғаш келген басқа жақтың студенттері үшін өте қолайлы.
Cпорт Орталығында студенттердің қауіпсіздігі үшін бейне бақылау орнатылған.
Cпорт Орталығында жалпы ережелер, әрбір залға арналған сабақ кестелері ілінген.

VI. Шаруашылық және коммуналдық мәселелердің есебін жүргізу және бақылау
Cпорт Орталығында шаруашылық және коммуналдық мәселелердің есебін жүргізу және бақылау үшін өтінімдер журналы ашылған:
— электриктер үшін
–   сантехниктер үшін
— ұсталар үшін
— телефонистер үшін
—  дезинфекторлар үшін
Журналдарда өтінім күні, орны, шақыру себебі, орындалған уақыты, орындаушының қолы тіркеліп, тікелей тиісті бөлімнің басшыларымен шешіледі.

VII. Спорт Орталығына келушілерді тіркеу және есепке алу
Cпорт Орталығына келушілерді есепке алу үшін тіркеу журналы бар, онда студенттің келген уақыты, күні мен орналасқан орны белгіленеді. Сонымен қатар дәрігерлік тексеруден өткені және Cпорт Орталығының ережелерімен танысқаны туралы ақпарат көрсетілген журнал да бар.

VIII. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін ұйымдастыру және бақылау
Cпорт Орталығының қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық өткізіледі.

IX. Жарыстар ұйымдастыру және дене шынықтыру-бұқаралық шаралар өткізу Салауатты өмір салтын жүргізудің саналы қажеттіліктерін тәрбиелеуге бағытталған жарыстар ұйымдастыру және дене шынықтыру-бұқаралық шаралар өткізу.
Тұрақты түрде әрбір аптада спорт залдарында волейбол, мини-футбол, баскетбол, үстел теннисі және армреслинг бойынша жаттығулар өткізіліп тұрады. Алматы мен Астана қалаларының спорт комитеттерімен тығыз байланыса отырып, КИМЭП Университеті Спорт кешенінің қызметкерлері университет аумағында спорт шараларын ұйымдастырып, спорттың әр түрі бойынша қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысушы КИМЭП Университетінің студенттері мен құрама командаларына  жәрдем көрсетеді.
Сонымен қатар аталмыш шаралар студенттердің арасында тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, азаматтық білім беру, патриотизм, отанға сүйіспеншілік, ҚР мемлекеттік рәміздеріне құрметті арттыру  мақсатымен өткізіліп, қылмысты, алкоголизмді, нашақорлықты, АИВ індетін болдырмау шараларын көздейді.

X. Дене шынықтыру бойынша аймақтық бөлімдермен жұмыс
Өзінің қызмет шеңберінде Спорт кешені аймақтық дене шынықтыру және спорт департаменттерімен кәсіби өзара әрекеттестікті жолға қойып, Алматы қаласы Медеу ауданының қалалық дене шынықтыру және спорт комитеті үшін жарыстар мен спорт шараларының кестесін келісу бойынша олардың жұмысына белсенді түрде қатысады. Алматы мен Астана қалаларының спорт комитеттерімен тығыз байланыста жұмыс істейміз.

Жарыстар мен дене шынықтыру бұқаралық шаралардың келісілген және бекітілген күнтізбелік жоспары қосымша берілген.

XI. Спорт Орталығының бюджетін құрастыру және бақылау
Cпорт Орталығының бюджетін құрастыру үшін спорт залдарының жарақталуына (жаттығу құралдары, спорт құрал-жабдығы, аппаратура, электр құралдары); кеңсе тауарларының қажеттіліктеріне талдау жүргізіледі. Бюджет КИМЭП Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті әзірлеген кестелер түрінде көрсетіліп, Cпорт Орталығы бойынша шығыстарға белгіленген лимитке сәйкес бюджет кестесі толтырылады.
Бюджет қаражатының шығысына бақылау бухгалтерия мен қаржы департаментінде, сондай-ақ тікелей Cпорт Орталығының  директорында белгіленеді.

XII. Спорт Орталығының бөлмелерін ағымдағы/күрделі жөндеуді жоспарлау және ұйымдастыру
Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарын құрастыру мақсатымен ШБ директорымен және Инженерлік қызмет инженерімен бірге спорт залдары мен футбол алаңына, сонымен қатар жалпы алғанда бүкіл Cпорт Орталығының күйіне визуалдық талдау жүргізіледі. Қабырғалардың, төбелердің, қаптама тақталардың және сантехникалық жабдықтардың тозу дәрежесі бойынша спорт залдарына, сантехникалық тораптарға қажетті жөндеу жұмыстарының жоспары құрастырылады.
Cпорт Орталығы бөлмелерінің күйі туралы талдау ақпараты КИМЭП Әкімшілік-техникалық департаментіне жіберіледі.
Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының қаржылық шығындары КИМЭП Әкімшілік-техникалық департаментінің бюджетіне қосылады.

КИМЭП Университеті Спорт орталығындағы спорт командаларының қызметінің ережелері

Жаупакершілікті шектеу туралы ескертпе
Жалпы ережелерге қосымша ретінде әрбір спорт командасы өздерінің мүшелік ережелерін анықтай алады. Оған қарамастан, мүше болу үшін қойылатын талаптар нәсіліне, жынысына, дініне, этникалық тобына байланысты кемсітушілікке жол бермеуі тиіс. Университеттің барлық студенттері спорт секциясына мүше болуға құқылы. Осыған қоса, қазіргі кезде білім беретін оқытушылар, қызметкерлер және түлектер спорт секцияларына қатыса алады. Барлық спорт командаларының мүшелері тіркелген спорт командасының белсенді мүшесі болу үшін жыл сайн мүшелік формасына қол қоюғатиісті.
КИМЭП спорт секциялары
Футбол(жігіттер) – ең көбі 20 студент
Футбол (қыздар) – ең көбі 20 студент
Американдық футбол (жігіттер) – ең көбі 25 студент
Баскетбол(жігіттер) – ең көбі 15 студент
Баскетбол (қыздар) – ең көбі 15 студент
Воллейбол (жігіттер) – ең көбі 15 студент
Воллейбол (қыздар) – ең көбі 15 студент
Үстел теннисі (аралас) – ең көбі 12 студент
Шахмат (аралас)–ең көбі 12 студент
Армрестлинг (аралас) –ең көбі 12 студент
I.Миссиясы мен мақсаттары
Спорт командалары жеке құнды және болашақта жетістікке жеткізетін қасиеттерді дамыту арқылы жоғары стандарттарға жетуге жетелейтін тәрбие беру, команда мүшесі ретінде басқалармен әрекеттеу негізінде ортақ мақсатқа жету мен әділеттілік пен өзара сыйласу қағидаларын насихаттау негізінде қызмет етеді.
Спорт секцияларының мақсаттары

  • Спорт және денсаулық сақтау жөнінде хабардарлықты жетілдіру және студенттердің сол салада қажеттіліктерін өтеу арқылы спорт және дене шынықтыру шараларына деген көзқарасты кеңейту, сонымен қатарспортқа қатысу деңгейін барынша өсіру
  • Жеке тұлғалар мен қауымдастықтарды спортпен айналысуға жігерлендіру және сол арқылы өздерінің мүмкіндіктерін толықтай ашу мен белсенділікті насихаттау

Спорт секциясының негізгі міндеттері:

  • Университетаралық, қалалық және халықаралық спорт шараларына қатысу;
  • Студенттерді спортқа тарту;
  • Спорт ойындарын студенттер арасында насихаттау;
  • Дене шынықтыру мен спорттың жеке тұлға және салауатты өмір салтын дамытудағы маңыздылығын студенттерге жеткізу;

II. Жұмыс тәртібі

  1. Мини-футбол, баскетбол, воллейбол, үстел теннисі, американдық футбол, шахмат, армрестлинг бойынша сабақтар жаттығу сессиялары түрінде және КИМЭП Университетінің спорт орталығының директоры бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
  2. Кез келген күндізгі бөлім студенті, оқытушылар, қызмметкерлер және Университет түлектері спорт командасының мүшесі бола алады.
  3. Сабақтарды кәсіпқой бапкер немесе тәжірибелі спортшы жүргізеді.
  4. Спорт командасына байланысты шығындар Спорт орталығының немесе КСА бюджетінен, демеушілерден түсетін қолдаудан немесе команда мүшелері жинайтын қаржыдан өтеледі.

III. Спорт командасына іріктеу процесі
Іріктеу талаптары
Жалпы үміткерлердің барлығына:

  1. КИМЭП-тің күндізгі бөлім студенті, толық ставкадағы оқытушысы, қызметкері және түлектер
  2. Денсаулығы туралы анықтама
  3. Спорт орталығы директорының және студенттік істер жөніндегі проректоро орынбасарының рұқсаты

Қызметкерлерге:

  1. Басшысының рұқсаты

Тек студенттерге:

  1. 2,7 немесе одан да жоғары Орташа академиялық балл

Түлектерге:

  1. Шағымнан бас тарту формасы

Келесі жағдайлар үміткерлерге іріктеу кезінде артықшылық береді:

  1. Спорт жетістіктері мен сәйкес салада кәсіпқойлық деңгейі
  2. Кәсіпқой спорт командасында немесе ассоциациясына мүшелік

Іріктеу процесі
Іріктеу процесі бірнеше сатыдан тұрады. Төменде көрсетілген сипаттама үміткерлердің әрбір сатыны түсінуге және оның осы процесте алатын орнын түсіндіреді.
Іріктеу процесі

  1. Қабылдауға өтінім формасын толтыру және тапсыру
  2. Іріктеу тестін тапсыру
  3. Іріктеу комитетімен сұхбаттасудан өту
  4. Спорт орталығының директорының іріктелген үміткерлерді бекіту
  5. Негізгі және резервтік команданы іріктеу
  1. Қабылдау
    Іріктеу процесінің бірінші сатысы қабылдауға өтінім формасын толтыру және төменде көрсетілген қажетті құжаттардың барлығын жинау:

Міндетті:
a) Қабылдауға өтінім формасы және резюме
b) Мотивациялық хат
c) Транскрипт
Қосымша талап етілуі мүмкін:
d) Оқытушыдан, қызметкерден немесе спорт командасының тәжірибелі мүшесінен мінездеме хат
e) Жетістіктер сертификаттарының көшірмесі
Барлық үміткерлер белгіленген күнге дейін қатысуға өтінім формасын толытырып тапсырулары тиіс

  1. Тест

Үміткерлер спорт секциясына қатысу үшін әрбір спорт түріне байланысты іріктеу тестін тапсырулары қажет. КИМЭП Университеті ұсынатын спорт секциялары қатарына футбол, американ футболы, воллейбол, үстел теннисі, шахмат және армрестлинг жатады. Спорт командалары өз санаты бой            ынша ең жоғары деңгейде жарысқа түседі, бірақ соған қарамастан барлық жастағы және мүмкіндіктегі ойыншыларға спорттан ләззат алу мүмкіндігін береді.

  1. Сұхбаттасу
    Іріктеу комитеті үміткерлердің өтінімдерін талаптарға сай болуын қарастырғаннан кейін іріктеліп алынған үміткерлер тобы сұхбаттасу сатысына өтеді. Сұхбаттасу кезінде іріктеу комитеті олардың мүшелікке деген қызығушылығын талқылайды.

Барлық үміткерлер кемелділігін, жауапкершілігін, шыдамдылығы мен араздыққа бармайтындығын, тапқырлығын, жігерілігін және құлшынысын көрсетулері қажет.
    4.Іріктеу
Комитет шешім қабылдағаннан кейін іріктелген үміткерлерге мүшелік ұсынысы туралы хаттарды сұхбаттасудан кейін 3 күн ішінде жібереді.
IV. Халықаралық немесе Алматы қаласынан тыс басқа жарыстарға қатысу
Қайсібір КИМЭП командасы халықаралық немесе Алматы қаласынан тыс өткізілетін жарысқа қатысатын болса, Спорт орталығының әкімшілігі келесі құжаттарды дайындап студенттік істер жөніндегі бөліміне ұсынулары тиіс:

  • Спорт орталығының ұсынысына (қатысатын студенттер тізімімен бірге) негізделген Бірінші проректордың немесе Оқу ісі жөніндегі проректор орынбасары шығарған бұйрығы
  • Мінез-құлық ережесі (студенттердің қолы қойылған)
  • Студент және оның ата-аналарының байланыс нөмірлері көрсетілген және студенттің қолы қойылған форма (төтенше жағдай кезінде қажет болатын ақпарат: аты-жөні, email, телефон нөмірі)
  • Студенттің қолы қойылған шағымнан бас тарту формасы
  • Толық бюджет
  • 18 жастан кіші спорт командасының мүшелері ата-анасынан немесе қамқоршысынан шетелде немесе Алматы қаласынан тыс өткізілетін спорт шараларына қатысу жөнінде нотариалды расталған рұқсат формасын ұсынулары қажет. Аталмыш рұқсат Спорт орталығының директорына тапсырылып, оның қолы қойылуы тиіс.

Спорт Орталығы Ережелері

I.Жалпы ережелер
Аталмыш ережелер спорт орталығында дене шынықтыру үшін қауіпсіз, тиімді және жайлы жағдай жасау мақсатында қабылданды.
1.1 Орталыққа келушілер тренажер залында, аэробика, кардио-тренажер және әмбебап залдарында және спорт орталығының басқа да объектілерінде белгіленген ережелерді сақтауға міндетті.
1.2 Орталыққа келушілердің ережелерге толықтырулар енгізу туралы көзқарастарын қарастыруға әрдайым қуаныштымыз.
1.3 Университеттік шараларға байланысты клеушілерге кейбір спорт жабдықтарына қол жеткізу шектелуі мүмкін.
II.Тіркеу ережелері
2.1 Орталыққа келушілер тіркелмес бұрын Спорт орталығының ережелерімен танысуы тиіс.
2.2 Келушілер орталықтың қызметкерлерімен келісім арқылы немесе вебсайттағы онлайн форманы толтыру және оны тапсыру арқылы(Student Portal – Campus Life- Sport Activities-my sport activities) жеке жаттығу кестесін жасай алады.
2.3 Спорт орталығына кіру үшін келушілер КИМЭП ID картасын ұсынулары қажет.
2.4 Келушілер жатттығуға қатыспас бұрын ресепшн қызметкеріндегі журналға тіркеліп, ID картасын қалдырулары тиіс.
2.5 Келушілер аптасына бөлінген уақыт пен күндерден (аптасына 3 рет, әрбір сабақ 90 минуттан) артық жаттығуларға қатыспауы тиіс.
2.6 Дене шынықтыруға тіркелген студентке 10 минуттан артық кешіккен жағдайда сабаққа қатысуға рұқсат берілмейді.
2.7 Келуші бір айдан астам уақыт жаттығуға(себепсіз) қатыспаған жағдайда оның тіркелген жаттығулар кестесі автоматты түрде жойылады.
III. Санитарлық және гигиена ережелері
3.1 Барлық студенттер КИМЭП Медицина орталығында жыл сайынғы тексеруден өтуге міндетті және тексеруден сәтті өткен жағдайда, міндетті дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламасынан тыс жаттығуларға тіркеле алады. Түлектер, магистрлер, оқытушы құрам мен қызметкерлер спорт орталығына кіру үшін Спорттық медицина орталығында тексеруден өтуге, сол жерде берілген дәрігерлік анықтаманы КИМЭП Медицина орталығына растау үшін тапсыруға  міндетті. Келушілер медициналық тексеруден жылынакем дегенде бір рет өтуге міндетті.
3.2 Кардио-тренажерларын қолдану кезінде біртіндеп көтере отырып орташа жүктемеден бастайды. Жүрек қағысының жиілігін өлшеу арқылы және инструктордың ұсыныстарына сәйкес жүктемені бақылау қажет.
3.3 Егер келуші өзін нашар немесе әлсірегенін сезінсе дереу жаттығуларды орындауын тоқтатып, инструктордан кеңес алуы қажет.
3.4 Келушілер барлық жабдықтарды қолдану кезінде жеке сүлгілерін қолдануы қажет және жаттығып болғаннан кейін құралдар мен орындықтарын тазалауы тиіс.
3.5 Жаттығу кезінде дененің ашық жерлері спорт жабдықтардың синтетикалық жамылғысына тимеуін қадағалау қажет. Ұзын жеңді свитер немесе жейде киген жөн.
3.6 Аэробика залына келу үшін тиісті спорт киімін кию керек. Киім жеңіл, қолайлы және ауа өткізетіндей, ал аяқ киімнің табаны серіппелі, өкше жағы қатты болуы (аэробикаға арналған) қажет.

IV.Мінез-құлық ережелері мен ұсыныстар

4.1 Жаттығу залында табаны ашық түсті спорт аяқ киімін кию керек және бұл аяқ киім далада киілмеген болуы қажет.
4.2 Спорт құралдарын пайдалану кезінде (ұзын шаш жинаулы болулы тиіс) жеке қауіпсіздігі мен құралдардың тозуына жол бермеу үшін келушілер таза және ыңғайлы спорт киімдерін киген жөн.
Атлетикалық киім түрі міндетті.

  • Жейде кеудені толықтай жабуы тиіс.
  • Атлетикалық шолақ шалбар немесе шалбар — джинс шалбарын киюге болмайды.
  • Аттлетикалық аяқ киім — сандалий киюге болмайды.

4.3 Өткір иісті парфюмерияны пайдаланбау керек.
4.4 Басқа келушілермен инабатты және сыпайы болу қажет.
4.5 Келушілердің жаттығу жасау кезінде орынсыз сын және ұсыныстар айтуға құқықтары жоқ.
4.6 Қандай да бір жарақат алу, жазатайым оқиға немесе спорт жабдықтарының ақаулықтарын байқаған болсаңыз, дереуресепшндегі спорт орталығының қызметкерлерін хабардар етуіңіз керек.
4.7 Пайдаланып болғаннан кейін спорт жабдықтарын (салмақ пластиналарын, гантельдерді, грифтерді, тұтқа, белдік, т.б.) тиісті күйде арнайы бөлінген орынға апарып қою керек.
4.8 Орталыққа келушілер құралдарды таза ұстауға, қоқысты арнайы шелектерге тастауға, жуынатын бөлмеде су мен жарықты өшіріп жүруге міндетті.
4.9 Келушілерден жоғалған немесе бүлдірген құралдар мен жабдықтар үшін өтемақы алынады. Құралдың нақты нарықтағы бағасына/басқа құрылғыға ауыстыру құнына сәйкес өтемақы анықталады.
4.10 Табылған құрал жабдықтарды Спорт орталығының қызметкерлеріне ең қысқа мерзімде қайтару керек.
V.Тыйым салынған әрекеттер
Денсаулық және қауіпсіздік себептеріне байланысты, сонымен қатар басқа да келушілерге кедергі келтірмеу мақсатында:
5.1 Спорт орталығының қызметкерлерінің алдын-ала келісімінсіз өз бетімен қандай да бір жаттығулар жүргізуге.
5.2 Инструкторсыз максималды салмақпен жаттығулар жасауға.
5.3 Салмақ пластиналары бар гантельдерді бекітусіз қолдануға.
5.4 Тренажерларды орнынан қозғауға және бір-бірімен біріктіруге.
5.5 Жалаңаяқ немесе жалаңаш жаттығуға.
5.6 Желдеткіштерді, музыка және басқажабдықтарды спорт орталығының әкімшілігінің келісімінсіз өз бетімен реттеуге.
5.7 Орталыққа ішімдік ішіп немесе есірткілік мас күйде келуге.
5.8 Темекі шегуге, түкіруге, қоқыс тастауға және қабырғаларды ластауға.
5.9 Тамақ немесе сусындар, сонымен қатар кезкелген қауіпті және тыйым салынған заттарды әкелуге (тек суға арналған қақпағы бар құтылар рұқсат етіледі).
5.10 Дөрекі, орынсыз және әдепсіз сөйлеуге. Бұндай әрекеттерге жол берілмейді және орталыққа келу құқығынан айырылуға әкеледі.
5.11 Спорт орталығының әкімшілігінің алдын-ала келісімінсіз суретке немесе видеоға түсіруге, түсірілім және транслация жасауға.
5.12 Өзімен бірге жануарлар, қозғалыс құралдарын (велосипед, бесік арба, скутер және т.б.) және басқа да көлемді заттарды әкелуге тыйым салынады.
VI.Қауіпсіздік ережелері:
Орталық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандығы және оның салдарынан туындаған нәтижелері үшін жауапты емес.
6.1 Орталыққа келушілер барлық құрал-жабдықтарды жеке басының және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін ескере отырып пайдалануы тиіс.
6.2 Егер орталыққа келуші қайсы бір жабдықты қолдану туралы хабардар болмаса, орталық қызметшілерінен көмек сұрағаны жөн. Келушілердің ыңғайлығы үшін әрбір жабдықтың инструкторлары кеңес беруге әрдайым дайын.
6.3 Жарақат алмау үшін барлық әшекей бұйымдарды шешкен жөн.
6.4 Келушілер жаттығулар кезінде ұялы телефондарды қолданбауы тиіс.
VII. Спорт орталығының жұмыс істеу уақыты
Спорт орталығы жұмыс күндері сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін ашық
Сенбі сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін ашық
Жексенбі – демалыс

  • Кейбір техникалық немесе басқа қажеттіліктер үшін, орталық әкімшілігінің еркінен тыс себептерге байланыстыспорт орталығы жұмыс уақытын өзгерту құқығына ие.
  • Орталықтың жабылу уақытынан 20 минут бұрын жаттығуыңызды аяқтауға және жұмыс істеу кестесіне сәйкес орталықты босатуға тиістісіз.
  • Жабылу уақытына 40 минут қалғанға дейін үлгермеген келушілер орталыққа кіргізілмейді.

Сізге зор денсаулық тілей отырып, керемет жетістіктерге жетеді деген үміттеміз!
Ережелермен танысқаныңызға ризашылығымызды білдіреміз! Жаттығуда кездескенше!

Кесте SU1/2021

Спорт кешені

Course Title Class_Times Days Instructor
Cardio 1 08:00-09:40 MTThF Gulnur Rakhmetova
Cardio 2 14:00-15:40 MTThF Gulnur Rakhmetova
Cardio 3 16:00-17:40 MTThF Gulnur Rakhmetova
Fitness 1 08:00-09:40 MTThF Natalya Pereverzeva
Fitness 2 14:00-15:40 MTThF Natalya Pereverzeva
Fitness 3 16:00-17:40 MTThF Natalya Pereverzeva
Pilates 1 08:00-09:40 MTThF Marina Golubnichenko
Pilates 2 10:00-11:40 MTThF Marina Golubnichenko
Pilates 3 12:00-13:40 MTThF Marina Golubnichenko
Pilates 5 14:00-15:40 MTThF Irina Ryazanova
Pilates 6 16:00-17:40 MTThF Irina Ryazanova
Chess 1 10:00-11:40 MTWTh Tsyganov Ivan
Chess 2 12:00-13:40 MTWTh Tsyganov Ivan
Chess 3 14:00-15:40 MTWTh Tsyganov Ivan

Спорттық залдардың жұмыс кестесі

SCHEDULE CARDIO HALL FOR SPRING 2020

SCHEDULE CHESS FOR SPRING 2020

SCHEDULE FITNESS HALL FREE WEIGHT GYM FOR SPRING 2020

SCHEDULE FOOTBALL GROUND FOR SPRING 2020

SCHEDULE OF UNIVERSAL HALL FOR SPRING 2020

SCHEDULE YOGA HALL AEROBIC GYM FOR SPRING 2020

Sport Team Training Schedule

2024-2025 оқу жылына Спорт орталығының шаралары

Семестр Шара Күні Өткізу орны
Күзгі семестр 2024  
КИМЭП Университетінің студенттері арасында мини-футбол бойынша турнир 14 кыркуйек, 2024 Кампуста
Алматы Марафон 29 кыркуйек, 2024 Алматы каласы
Үстел теннисі бойынша Президент Кубогі 2023 5, 26 қазан, 2024 Кампуста
Арнайы олимпиялық ойындар  9 ,30 қараша, 2024 Кампуста
Мини-футбол бойынша халықаралық турнир 1-8 қараша, 2024 Еуропа
Көктем семестрі 2025

 

КИМЭП Университетінің студенттері арасында волейбол бойынша турнир 8 ақпан, 2025 Кампуста
Весенний турнир по шахматам 2025 Наурыз, 2025 Кампуста
КИМЭП Университетінің студенттері арасында баскетбол бойынша турнир Наурыз, 2025 Кампуста
Американдық футбол матчы, Бішкек «АУЦА»-Алматы «КИМЭП Университеті» Сәуір, 2024

 

Бішкек, Қырғызстан