КИМЭП Университетінің Студенттерді академиялық қолдау орталығы (САҚО) барлық студенттерге келесі мақсаттарға жету үшін арнайы бағдарламалар арқылы білікті көмек көрсетеді:
- Студенттерге аса жоғары деңгейдегі жаңа оқу дағдыларына ие болуға, сонымен қатар ұсынылған пәндерді игеру мақсатында арнайы оқу стратегиясын дамытуға жәрдемдесу;
- Белсенді және өз бетімен білім алу дағдысын дамытатын, студенттерді жан-жақты демеуге бағытталған академиялық қолдау бағдарламалары;
- Үздік студенттерге кәсіби және көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруда көмек көрсету;
- Әрбір мамандану бойынша тиісті білім алу стратегияын қалыптастыру мақсатында факультеттер тарапынан студенттерді академиялық қолдау бағдарламалары бойынша оқытушылармен ынтымақтастық орнату;
- Шектеулі мүмкіндіктеріне, басқа да ерекше қажеттіліктеріне немесе дайындығы жеткіліксіз болуына байланысты академиялық үлгерімі төмен (тәуекел аймағына түскен) студенттерді қолдау.
Студенттерді академиялық қолдау орталығының барлық ресурстары студенттердің кең ауқымды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады, оның ішіне жекелеген студентке бағытталған құрылымдалған көмек пен қызметтер, сонымен қатар қолдаудың мамандандырылған, кешенді және шоғырландырылған әдісі кіреді.
Бізбен бірге өз мүмкіндіктеріңізді ашыңыз! Біздің мақсатымыз – сіздердің академиялық және өмірлік жетістіктеріңіз!
Барлық сұрақтарыңыз бойынша:
advising@kimep.kz
salta@kimep.kz
marzhank@kimep.kz
+7 727 270 42 68
+7 727 270 43 10
+7 701 309 17 47
+7 701 309 16 24
Жұмыс уақыты : сағат 9:00-18:00, дүйсенбі-жұма күндері
КИМЭП Университеті
Бірінші курс студенттері үшін бағдарлау және
академиялық кеңес беру бағдарламасы
2022 ж күзгі семестр.
БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТ КҮНІ – 2022 ж 23 тамыз
Шаралар | Шаралар кестесі |
Тимбилдинг және студенттік ұйымдар | КИМЭП Университетінің аумағы 11:00 – 11:30 Шараға тіркелу 11:35 – 12:40 Тимбилдинг 12:40 – 13:10 “ID2022” фото-сессиясы 13:10 – 13:30 Кофе-брейк 13:30 – 14:00 Студенттік ұйымдармен танысу |
Академиялық кеңес беру және пәндерге тіркелу | Студенттерді академиялық қолдау орталығы, # 101 офис және/немесе #301, # 302 компьютер зертханалары, Уәлиханов ғимараты 14:30 – 18:00 Академиялық кеңес беру және пәндерге тіркелу |
Жатақхана резиденті қатарына қабылдау шарасы | Жаңа академиялық ғимарат, Starbucks кафесінің жанында 18:00 – 20:00 Жатақхана резиденті қатарына қабылдау шарасы |
ФАКУЛЬТЕТТЕР БОЙЫНША БАҒЫТ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ – 2022 ж 24 тамыз
Шаралар | Шаралар кестесі |
Факультеттер бойынша бағыт беру бағдарламасы | КИМЭП Университетінің аумағы 11:00 – 11:30 Шараға тіркелу 11:30 – 13:30 Факультет оқытушыларымен кездесу және кампус бойынша экскурсия 11:30 – 12:30 Әлеуметтік ғылымдар факультеті (Акт залының жанында) 12:30 – 13:30 Әлеуметтік ғылымдар факультеті (Акт залының жанында) 11:30 – 12:30 Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультеті (Акт залының жанында) 11:30 – 12:30 Бэнг атындағы бизнес факультеті (Жатақхана ғимаратына қарсы) 12:30 – 13:30 Бэнг атындағы бизнес факультеті (Жатақхана ғимаратына қарсы) 11:30 – 12:30 Құқық факультеті (Жатақхана ғимаратына қарсы) 12:00 – 14:00 Студенттерге арналған кофе-брейк 14:15 – 15:15 Халықаралық студенттерге арналған семинар (№2 аудитория, Жаңа академиялық ғимарат) |
Ата-аналарға арналған семинар | 11:40 – 12:40 Ата-аналарға арналған семинар (№1 аудитория, Жаңа академиялық ғимарат) |
Академиялық кеңес беру және пәндерге тіркелу | Студенттерді академиялық қолдау орталығы, # 101 офис және/немесе #301, # 302 компьютер зертханалары, Уәлиханов ғимараты 14:30 – 18:00 Академиялық кеңес беру және пәндерге тіркелу |
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ
Семестр | Іс-шаралар | Күні | Өткізу тәсілі |
2024 ж күзгі семестр | |||
1 | F2024 күзгі семестрі үшін кеңес беру және пәндерге тіркелу кезеңі | 2024 ж 17 маусым – 3 қырқүйек | E-эдвайзинг және / немесе офисте |
2 | КИМЭП Университетінің ережелері мен қағидалары, пәндерге тіркелу, бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар | 2024 ж 10 шілде | вебинар |
3 | Негізгі құндылықтар, ережелер және КИМЭП Университетінде оқудан күтілетін нәтижелер
Кампуста тұру ережелері Бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар
|
2024 ж 12 шілде | вебинар |
4 | Ата-аналарға арналған семинар
Бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар |
2023 ж 13 шілде | вебинар |
5 | КИМЭП Университетінің ережелері мен қағидалары, пәндерге тіркелу, бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар | 2024 ж 16 шілде | вебинар |
6 | Негізгі құндылықтар, ережелер және КИМЭП Университетінде оқудан күтілетін нәтижелер
Жатақханада тұру ережелері Бұрын бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар |
2024 ж 18 шілде | вебинар |
7 | Ата-аналарға арналған семинар
Бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар |
2024 ж 20 шілде | вебинар |
8 | КИМЭП Университетінің ережелері мен қағидалары, пәндерге тіркелу
Бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар |
2024 ж 6 және 8 тамыз | вебинар |
9 | Негізгі құндылықтар, ережелер және КИМЭП Университетінде оқудан күтілетін нәтижелер
Жатақханада тұру ережелері Бұрын бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар |
2024 ж 12 және 14 тамыз | вебинар |
10 | Moodle платформасын қалай пайдалану керек
Бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар |
2024 ж 9 және 16 тамыз | вебинар |
11 | Ата-аналарға арналған семинар
Бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін вебинарлар |
2024 ж 17 тамыз | Кампус аумағында |
12 | Бірінші курс студенттері күні
Бірінші курс студенттеріне арналған бағдарлау шарасы
|
2024 ж 19 тамыз | Кампус аумағында
|
13 | Бірінші курс студенттеріне арналған факультеттердің бағдарлау шаралары | 2024 ж 20 тамыз | Кампус аумағында |
14 | Халықаралық студенттерге арналған семинар | 2024 ж 20 тамыз | Кампус аумағында |
15 | Қолдау бағдарламасы, КИМЭП Университетінің ережелері мен қағидалары
Бағдарлау шарасы |
2024 ж 9-13 қырқүйек | Кампус аумағында |
16 | Студенттер қатарына қабылдау салтанаты
|
2024 ж 12 қырқүйек | Кампус аумағында |
17 | Оқуда жетістікке жету үшін не істеу керек?
Бағдарлау шарасы |
2024 ж 16-20 қырқүйек | Кампус аумағында |
18 | КИМЭП Университетінің тәртіп ережелері | 2024 ж 23-27 қырқүйек | Кампус аумағында |
19 | Университеттен қаржылық қолдау алу мүмкіндіктері
Бағдарлау шарасы |
2024 ж 30 қырқүйек 4 қазан | Кампус аумағында |
20 | Серіктес университеттерде алмасу бағдарламалары
Бағдарлау шарасы |
2023 ж 14-18 қазан | Кампус аумағында |
21 | Оқудан кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері Бағдарлау шарасы | 2023 ж 21-25 қазан | Кампус аумағында |
22 | 2024 ж көктемгі семестрі үшін кеңес беру және пәндерге тіркелу кезеңі | 2024 ж 4 қараша – 2025 ж 21 қаңтар | Е-эдвайзинг және*немесе офисте |
23 | Жаңа студент-кеңесшілерді тарту және оқыту | 2024 ж. желтоқсан – 2025 ж. қаңтар | Кампус аумағында |
Тәлімгерлік және қосымша академиялық кеңес беру бойынша ереже
КИМЭП Университеті академиялық кеңес беру мен тәлімгерліктің оқу-тәрбие ісі мен студенттер жетістігінің қажетті компоненті деп біледі. Академиялық кеңес беру бағдаламасы профессор-оқытушы құрам, әкімшілік персонал мен университеттің басқа да қызметкерлерінің студенттермен қатар ортақ жауапкершілік негізінде құрылған. Академиялық кеңес беру мен тәлімгерлік қызметі студенттерді әлемдік қоғамда өмірге дайындай отырып, олардың жеке құндылықтарына, мақсаттарына және мансаптық жоспарларына сәйкес оқу бағдарламасының дамуына және тереңдеуіне үлес қосады.
КИМЭП Университеті тек қана студенттерге оқу кестесін жоспарлауға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, аса кең ауқымды қызметтерді орындай отырып, барлық студенттер үшін тиімді академиялық кеңес берудің тиісті бағдарламасын құруға тырысады. Осылайша, КИМЭП Университеті академиялық және әкімшілік мәселелер бойынша кеңес беру қызметтері кіретін, сонымен қатар студенттердің оқуының ең алғашқы қадамдарынан бастап академиялық бағдарламасын сәтті аяқтағандарына дейін қолдау көрсетуді біріктіретін көп деңгейлі кеңес беру жүйесін құруға әрдайым тырысады.
Кәсіби академиялық кеңес берушілер (Студенттерді академиялық қолдау орталығының қызметкерлері) студенттерге өздерінің оқу бағдарламалары бойынша оқу жоспарын түсіну және пәндерді таңдау мен оларға тіркелу кезінде әкімшілік аспектілері туралы практикалық ақпарат ұсынады. Олар КИМЭП Университетінің әртүрлі әкімшілік бөлімдері жайлы, сонымен қатар Университеттің күрделі ережелері мен тәртіптері туралы хабардар болуға кеңес береді. Академиялық қолдау орталығының қызметкерлері КИМЭП Университетінің білімдік бағдарламалары бойынша маңызды ақпаратпен, яғни мамандануды анықтауға қалай дайындалу туралы, соңғы оқу жылында немесе оқу бітіргенге екі жыл бұрын басқа дәрежелік бағдарламаға қалай ауысу керектігі туралы ақпаратқа әрдайым ие болады.
Әкімшілік және академиялық кеңес беру қызметкерлерінің міндетіне академиялық каталогтың жаңа нұсқалары туралы толыққанды ақпарат беру, академиялық ережелер мен талаптардағы өзгерістер туралы әрбір студентті жан-жақты хабардар ету кіреді. Кеңес берушілер университеттің оқу жоспарларындағы қандай да бір өзгерістер туралы немесе студенттің жеке мүмкіндіктерін, сонымен қатар білімдік мақсаттарын сәтті жүзеге асыруын ескере отырып оның ағымдағы үлгерімі туралы дер кезінде хабарар етіп отырады.
Кеңес берушілер сондай-ақ студенттердің академиялық үлгерімін қарастырады, қандай да бір өзгерістердің орын алуын қадағалайды, оқушылардың үлгерімі мен жетістіктерін бағалайды, оқу барысында пайда болатын академиялық қиыншылықтарын шешуге жәрдемдеседі, қорытынды емтихандарға дайындық бойынша ақпарат береді және т.б.
Студент пен кеңес беруші қарым-қатынас орнату мен оны қолдап отыруға өзара жауапты. Талапкерлер өздерінің кеңес берушілерімен тез арада хабарласуға кеңес беріледі.
Студент бастамашылықты өз қолына алып, кеңес берушіге жүгінген жағдайда ғана кеңес берушілер университеттегі барлық білімдік бағдарламалар туралы түсінуге және қажеті жоқ қателіктерден сақтануға жәрдемдесе алады. Студенттердің кеңес алу аясындағы жауапкершіліктері:
- Академиялық/мансаптық жоспарларға байланысты шешім қабылдауға жәрдемдесетін ақпарат көзін іздеу;
- Кеңес берушіні өздерінің академиялық үлгеріміндегі қандай да бір өзгерістер туралы, пәндерді таңдау және академиялық/мансаптық мақсаттар туралы хабардар ету;
- Бағдарлама талаптарымен танысу және осы талаптарға сәйкес әрбір семестрге сабақ кестесін құру;
- Ағымдағы семестрде студент тіркелуге жоспарлап отырған әрбір пәннің алдын-ала шарттары мен талаптарымен танысу, сонымен қатар, таңдалған білімдік бағдарлама аясында пәндерді алу кезегі бойынша осы шарттар мен талаптар қалайша ықпал ететіндігі жөнінде кеңес берушіге жүгіну;
- Пәндерге тіркелу мерзімдері және сабақтар кестесіне өзгерістер енгізу сияқты университеттің ережелерін сақтау.
- Оқу жоспарларын егжей-тегжейлі қарастыру, әрбір пән бойынша сабаққа қатысу жөніндегі бекітілген ережелер мен талаптарды сақтау.
- Студент тіркелген әрбір сабақ барысында белсенді болу, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау және сабақтан қалмау;
- Емтихан қорытындыларын қоса алғанда, оқытушы ұсынған ақпаратты түбегейлі ұғыну, сонымен қатар студент қойылған бағамен келіспеген жағдайда немесе баға мүлдем қойылмаған жағдайда келесі қадамдарды анық түсіну;
- Үлгерімнің академиялық нормалары мен талаптарын, академиялық сынақ мерзімін, университеттен шығару себептерін, сонымен қатар орташа академиялық баллға (GPA) қойылатын талаптарды түсіну;
- Плагиатпен күрес бойынша Университеттің ережелерін қоса алғанда, бірақ онымен шектеліп қоймай, пән бойынша талаптарды орындау үшін кез-келген дайындалған тапсырма немесе тапсырылатын емтиханға қатысты академиялық тұтастық және адалдық бойынша университет ережелерін сақта;.
- Байланыс ақпараты (пошта/элктрондыадрес және/немесе телефон нөмірлері) өзгерген жағдайда кеңесшіге жаңа ақпаратты уақытылы хабарлау;
- Университет әрдайым жіберіп тұратын электронды хабарламаларын оқып отыру және қажетінше оларға жауап беру;
- Егер күрделі жағдай (медициналық, жеке, қаржы) сабақтарға қатысуға бөгет болса, сабаққа көңіл бөлуге және жақсы оқуға кедергі болса, кеңес берушіге дереу ескерту.
Студенттер мамандану және алынған кредиттік сағаттарына байланысты кеңес берушілерге жүгінеді. Кез келген студент кеңес алу үшін Академиялық қолдау орталығына немесе сәйкес факультет үйлестірушілеріне жүгіне алады. Академиялық қолдау орталығы академиялық қауіпті аймақтағы студенттер мен жоғары академиялық үлгерімі бар студенттердің барлығына қызмет көрсетеді.
Университетке тіркелмес бұрын, барлық бірінші курс студенттері және ауысып келген студенттер Акдемиялық қолдау орталығымен ұйымдастырылған арнайы бейімдеу бағдарламасына қатысу керек, кеңес берушімен кездесу, тіркелу процедурасымен танысу қажет. Сондай-ақ, пәндерге тіркелмес бұрын барлық талапкерлер мен қайта оқуға қабылданған студенттер кеңес берушімен – Академиялық қолдау орталығының қызметкерімен кездесулері қажет.
Төмендегі студенттер тобы әр семестр (күзгі және көктемгі) барысында академиялық кеңес алуға міндетті:
- 30 кредиттік сағаттан кем студенттер
- Академиялық қауіпті аймақтағы студенттер
- Академиялық сынақ мерзіміндегі студенттер
Тең мүмкіндіктер ережесі
КИМЭП Университеті өз алуан түрлі қоғамдастықтың барлық мүшелері үшін әділ және инклюзивті ортаны қамтамасыз етуге міндеттенеді және этникалық немесе ұлттық тегіне, нәсіліне, жынысына, жасына, жеке сеніміне, әлеуметтік-экономикалық негізіне, жыныстық бағдарға, жұмыс немесе оқу талаптарына байланысты емес физикалық немесе психологиялық мүгедектікке байланысты кез-келген адамға қатысты кемсітушілік пен қысымға тыйым салады.
Бұл ереже барлық жеңілдіктерге, құқықтар мен іс-әрекеттерге жарамды болады және барлық оқуға тарту және қабылдау, шәкіртақы төлеу, орналастыру, оқытуда қолдау көрсету саясатына және жұмысқа тарту, жалдау, көтермелеу, жұмыстан босату, өтемақы мен жәрдемақыларды төлеуді қамтитын барлық жұмысқа қатысты шешімдерге қолданылады.
Осы ереженің талабы бойынша студенттердің университетке түсу және академиялық деңгейлерден өту тек қана олардың жеке басты академиялық қасиеттері мен оқу үлгерімімен анықталады. Университет қызметкерлеріне қатысты – жұмысқа алу және қызмет бабында көтерілу тек қызмет ету барысында жеке басты еңбегімен және әрбір нақты лауазымға лайықты қызмет міндеттері мен шарттарына қатысты бағалау критерийлері мен біліктілік талаптарымен анықталады.
Университеттің ешбір студенті, талапкері, қызметкері немесе қызметке орналасуға үміткері басқалармен салыстырғанда артықшылығы бар немесе жоқ тұлғалар тобына жату белгісі бойынша қолайсыз қарауға тап болмау керек.
Егер оқуға қабылданатын немесе қабылданған, не қызметкер ретінде тағайындалған кезкелген тұлға, жоғарыда аталған топтардың кез-келгеніне қатысу себебінен жоғары оқу орнына қабылдау және тіркеу, немесе қызметке процесінде заңсыз кемсітушілікке, қудалауға немесе виктимизацияға ұшыраған деп есептесе, ол шағымдар мен арыздарды тапсыру және қарастырудың келісілген процедуралары арқылы, немесе кемсіту мен алымсақтыққа қарсы ісқимыл тәртібі арқылы, тиісті жағдайларда байланысты шағым жасай алады. Университет осы Ережені бұзатын мінез-құлықтың алдын-алу, және, қажет болған жағдайда, ондай мінезқұлықты тәртіптік түрде жазалау үшін керекті әрекеттердің барлығын қолданады.
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
КИМЭП Университеті түрлі қажеттіліктері бар студенттерге білім алудың бірдей мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге тырысады. Университеттің саясатына сәйкес, білім алуда ерекше мүмкіндіктері бар бірде- бір адам кез келген бағдарламада оқудан немесе Университет өміріне қатысудан шектетіле алмайды, немесе кез келген бағдарламаның артықшылығынан немесе қызмет түрімен қолдану мүмкіндігінен айырыла алмайды. Осыған орай, КИМЭП Университеті төмендегі ережелерді енгізді:
- КИМЭП Университетінде ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады.
- КИМЭП Университеті ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға оқу жүктемеін үлестіруде жеке әдіс пен ұтымды жағдайлар ұсынады.
Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды анықтау
Осы ережелердің мақсаты үшін «ерекше қажеттілктері бар» ұғымы көп жағдайда әртүрлі медициналық, физикалық немесе ақыл-ойдың артта қалуы, даму қабілетінің кідірісі немесе шектеулі мүмкіндіктермен байланысты бірқатар қажеттіліктері бар тұлғаларға қолданылады.
Мақсатты аудитория
Академиялық қолдауды алу үшін ерекше қажеттіліктері бар студент КИМЭП Университетінің Медициналық орталығына жүгініп, жарамды құжаттамаларды куәландыру үшін тапсыруы қажет.
Ерекше қажеттіліктері бар студенттерге академиялқ қолдау тек сәйкес құжаттамаларды ұсынған сәттен бастап көрсетіледі. Студенттер төменде көрсетілген ауытқулардың бір немесе бірнеше түрі болған жағдайда академиялық қолдауға жүгіне алады:
- Қозғалу, есту немесе сөйлеу қабілеті қабілеті бұзылған жағдайда
- Когнитивті функциялардың төмендеуі
- Жүре пайда болған бас сүйек-ми зақымдары
- Даму қабілетінің кідірісі
- Психикалық денсаулығының түрлі ақаулықтары
- Академиялық үлгерімге теріс әсер ететін басқа созылмалы немесе денсаулыққа байланысты шектеулер
Медициналық куәландыру
Құжаттаманы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаның отбасы мүшесі болып табылматын тиісті мамандар даярлау қажет.
Құжаттаманың жасалған мерзімі бір жылдан аспауы тиіс. Құжат түпнұсқалары талап етілген шарттарға сай, толық болуы керек. Университет өз қалауы бойынша қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттама және құпиялылық
Студенттер академиялық қолдау алуға сұрау салу аясында Университетке тапсырылған медициналық құжаттама әрекет етуші заңнама және Университеттің саясатына сәйкес құпия медициналық ақпарат болып табылады. Осындай құжаттама қызмет бабы бойынша аталмыш ақпаратты алу үшін өкілеттілігі бар тұлғаларға ғана беріледі. Аталмыш құпия ақпарат Медициналық орталықта басқа құжаттардан бөлек сақталынуы қажет.
Пәндерге тіркелудегі артықшылықтар
Ерекше қажеттіліктері бар екендігін құжатпен растаған студенттер оқу пәндеріне алдын ала тіркелуге құқықтары бар. Студенттер өткісі келетін пәндердің тізімін тіркеу кезеңі басталуына үш бұрын Академиялқ қолдау орталығына тапсырулары керек. Бұл студенттер үшін оқу кестесін аса ыңғайлы жоспарлау мүмкіндігін беру, сабақтар арасындағы тиісті үзілістерді резервте сақтауда көмектесу және қол жетімді бөлмелерде пәндердің өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Академиялық қолдауға жататындар (төменде көрсетілгендермен шектеліп қана қоймайды):
- Аралық/соңғы бақылаудан өту кезеңін созу
- Аралық/соңғы бақылаудан өту үшін басқа орын беру
- Дәрісті таспаға жазуға рұқсат
- Өз еркімен дауыстап оқып беруші
- Конспектілер/ сабақтардың жазбалары
- Емтихандарға тамақ пен сусындар алып келуге рұқсат
- Нашар еститіндерге жазбаша нұсқаулықтар
- Нашар көретіндерге әріптері үлкейтілген материалдар
- Арбада отыратын немесе қозғалу қиыншалақтары бар студенттер үшін емтихандарды үйде қабылдау
Академиялық қолдауды сұрау
Қажет болатын академиялық қолдауды ұсыну жөнінде студенттер тікелей оқытушымен талқылауға кеңес беріледі. Оқытушымен өзінің мұқтаждықтарын талқылау студенттің жағдайын жақсы түсінуге көмектеседі және студентті жеке тұлға ретінде білуге мүмкіндік береді.
Академиялық қолдау алу үшін студенттер төмендегілерді орындаулары керек:
- Академиялық қолдау орталығына қажет академиялық қолдау жөнінде толық ақпарат беру;
- Оқытушыға өз мұқтаждықтарын түсіндіріп, академиялық қолдауды беру мүмкіндігін талқылау. Егер студент аталмыш мәселені оқытушымен жеке талқылауды орынсыз деп есептейтін болса, АҚО қызметкерлері оқытушылармен академиялық қолдау мәселесін шешуге көмектесе алады.
- <liТез арада өтініш беріп, академиялық қолдауға мұқтаждығын растайтын құжаттарды тапсыру;
<liӘр емтихан алдында оқытушыға өзінің академиялық қолдауға мұқтаждығы туралы, мысалы дайындыққа ұзағырақ уақыт және/немесе емтиханға тыныш бөлме керек екендігін ескерту қажет.
Оқытушылардың жауапкершіліктері
- Оқытушыларға академиялық адалдық ұстанымдарын бұзуға және бір немесе басқа пән бойынша талап етілетін түсіну немесе құзырет деңгейін көрсетуге шамасы келмеген студенттерге өту балын қоюға тыйым салынады. Академиялық қолдауды бергенге қарамастан, оқытушылар ерекше қажеттіліктері бар студенттердің үлгерімін басқа кез келген студенттердің үлгерімі сияқты бағалауға міндетті.
- Академиялық қолдауды беру кезінде қиыншылықтар сезінетін немесе ондай қолдауды беруге келіспейтін оқытушы Студенттерді академиялық қолдау орталығының қызметкерлерімен немесе тәрбие ісі жөніндегі проректордың орынбасарымен міндетті түрде хабарласуы керек.
- Академиялық қолдау көрсетуде қиыншлқтар болған немесе оны беруден бас тарту жағдайында оқытушы Академялық қолдау көрсету орталығының қызметкерлеріне немесе оқу ісі жөніндегі проректор орынбасарына жүгіну қажет;
- Егер оқытушы мен Орталық қызметкерлері академиялық қолдау мәселесі жөнінде келісімге келе алмаса, олар орын алған жағдады шешу мақсатында академиялық мәселелер жөніндегі вице-президентке жүгінулері тиіс
- Оқытушылар Студенттерді академиялық қолдау орталығын ескертусіз академиялық қолдау көрсетпеді;
- Оқытушылар презентациялар, оқу құралдарын, тарату материалдарын, БАҚ, интернет- сайттарын қоса алғанда барлық оқу материалдарының бар болуын және жеткіліктігін қамтамасыз етуге міндетті.
- Студенттерге қатысты мәселелерде құпиялылықты сақтауға міндетті.
Тұрғын үй жағдайы
Ерекше қажеттіліктері бар студенттер тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері тиісті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде басымдықты қызмет көрсетуді талап етуге құқылы. Бірінші кезектегі қолдау және тиісті тұрғын үй алу үшін студент Академиялық қолдау орталығынан растау алу керек.
Мінез-құлық ережелері
Ерекше қажеттіліктері бар студент мәртебесі лайықсыз мінез-қүлқын ақтамайды.
- Мінез-құлық ережесін бұзғаны үшін Университет өз қалауы бойынша және студенттің ерекше қажеттіліктеріне байланысты оған кез келген студентке бірдей қолданылатын тәртіп жөніндегі жаза қолдануға құқығы бар.
- Студент жазып берген дәрілерді ішуден бас тартудан немесе уақытылы қабылдамау және/немесе басқа терапиялық емдік шараларын алмау себебінен пайда болған лайықсыз мінез-құлық ақтауға жатпады.
Арыз және шағым берудің ішкі тәртіптері
Берілген қызмет көрсетуге, баспана немесе университеттік тәжірибелер мен талаптарды түрлендіруге қатысты қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмайды деп есептетін студенттер өз арыздары мен шағымдарын тез шешу мақсатында Университеттің өкілетті қызметкерлеріне, яғни оқытушыларға, декандар немесе студенттік мәселелер жөніндегі бөлімге хабарласуға кеңес беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар студенттерге Академиялық қолдау орталығы ұсынатын қызмет көрсетулерге тікелей қатысты арыздар немесе апелляциялар тәрбие ісі жөніндегі проректордың орынбасарына тез арада хабарлануы керек. Аталмыш лауазымды тұлға мәселені қарастырып, оны өз күшімен шешу үшін шаралар қолданады. Егер мәселе аталмыш құзырет аясында шешілмесе, студент университеттің бірінші проректорына арызын жіберуге құқылы. Барлық арыздар жазбаша түрде беріледі. Арызда арыз берушінің аты-жөні, ID номері және тиісті жағдайдың сипаттамасы болу керек.
Талапкерлер мен бірінші курс студенттеріне арналған ақпарат
Талапкерлер мен бірінші курс студенттеріне арналған ақпарат
Студенттерді академиялық қолдау орталығының (САҚО) үйлестірушілері бакалавриат бағдарламаларының барлық бірінші курс студенттеріне олардың бағдарламаларына қарамастан академиялық кеңес ұсынады. Екінші курстан бастап академиялық кеңес беру сәйкес факультеттердегі кеңесшілер құзыретіне ауысады.
Академиялық кеңесшіге барудың себептері:
- Төлем жасау, тіркеу және, жалпы білімдік компонент бойынша академиялық ережелермен, талаптармен және т.б. танысу үшін.
- Өзіңіздің қабілеттіліктеріңізге және мүдделеріңізге сәйкес академиялық оқу жоспарын жасау үшін.
- Өзіңіздің академиялық үлгеріміңізге ықпал ететін кез келген мәселелерді талқылау үшін.
- Алдағы тұрған семестрге пәндерді таңдау үшін.
- Қосымша пәндерді таңдау үшін немесе керек емес пәндерден бас тарту үшін.
- Академиялық үлгерімді талқылау үшін
- Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша, пәндерді тексеру парағы бойынша және негізгі немесе қосымша мамандануды таңдау бойынша сұрақтар қою үшін.
- Мансаптық мүмкіндіктерді талқылау үшін
Академиялық кеңесшілер оқу үдерісінде елеулі рөл атқарады. Біз студенттерге бағдарлама таңдау, мамандану таңдау және жоо-ны бітіріп шығару сияқты барлық үдеріс кезеңінде академиялық кеңесшілермен байланыста болуларын табанды түрде ұсынамыз.
Егер сіздерде оқу үдерісі бойынша сұрақтар бар болса, бізбен хабарласыңыздар.
advising@kimep.kz
salta@kimep.kz
marzhank@kimep.kz
+7 727 270 42 68
+7 727 270 43 10
+7 701 309 17 47
+7 701 309 16 24
Жұмыс уақыты; 9:00-ден 18:00-ге дейін, дүйсенбі – жұма
«Академиялық үлгерімеушілік тәуекелі» мәртебесі бар бірінші курс студенттері
Фриндландердің берген анықтамасына (1980) сәйкес, академиялық үлгермеушілік тәуекеліндегі стуенттер деп «төмен үлгерім, оқыту тілін нашар білу немесе төмен мотивация салдарынан оқу барысында қиыншылықтар туындаған студенттер» болып саналады.
Ескерту шараларын қабылдауға итермелейтін көрсеткіштерге төмендегілер жатады:
- Талапкерлерге қатысты ескрету шаралары келесі жағдайларда қолданылады:
Университетке тіркеу сатысында:
- ҰБТ жалпы баллы 60 төмен;
- Математикадан ҰБТ баллы (тек бизнес факультеті, ВРМА және ВАЕ білімдік бағдарламалары үшін) 10-нан төмен;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау тестінің (КЕРТ) баллы 50-ден төмен (ағылшын тілінің базалық курсы, С және В деңгейлері);
Немесе/және:
- Талапкер күзгі семестрдегі бағдар беру бағдарламасына қатыспады;
- Талапкер бағдарлау семинарларына/вебинарларына қатыспады.
Университеттің бірінші семестрінде:
Студенттерге қатысты ескерту шаралары келесі жағдайда орын алады:
- Себепсіз 2 реттен артық (ағылшын тілінің базалық курсы) немесе 3 реттен артық (академиялық ағылшын және/немесе қазақ тілі)сабақтан қалу, төмен үлгерім немесе семестрдің басталуынан кейін екі апта ішінде курсты сәтті аяқтауға қажетті дағдылардың жоқ екендігін көрсету;
- сабаққа қатысу, үлгерім көрсеткіштері және/немесе семестрдің 3-ші немесе 5-ші аптасынан кейін курсты сәтті бітіру үшін қажетті дағдылардың жоқ болуына байланысты оқытушылардың пікіріне сәйкес академиялық үлгермепушілік мәртебесі;
- бірінші және екінші аралық бақылаудың жалпы бағасы 50% кем;
- бірінші семестрдің қорытындысы бойынша кем дегенде бір Ғ немесе/және бір W бағасының болуы.
Бірінші курс студенттеріне (30 кредиттік сағаттан кем пәндерден сәтті өткен) қатысты ескерту шаралары келесі жағдайларды қолданылады:
- ағылшын тілінің базалық курсы аяқталмаған, университетке тіркелгеннен кейін бірінші семестр бойы А деңгейі;
- барлығы 24 кредиттік сағаттан кем пәндерге тіркелу және орташа үлгерім баллы (ОҮБ) 2,10 кем;
- бірінші семестрдің қорытындысы бойынша кем дегенде бір Ғ немесе/және бір W бағасының болуы;
- семестрдің 3-ші немесе 5-ші аптасынан кейін оқытушы пікірінше академиялық үлгермеушілік мәртебесі.
Жоғары курс студенттеріне (30 кредиттік сағаттан артық пәндерден сәтті өткен) байланысты ескерту шаралары келесі жағдайларда қолданылады:
- ағымдағы семестр аяқтағаннан кейін орташа үлгерім баллы (ОҮБ) 2,10 кем;
- семестрдің 3-ші немесе 5-ші аптасынан кейін оқытушы пікірінше академиялық үлгермеушілік мәртебесі;
- бір семестр ішінде кем дегенде бір Ғ немесе/және бірден артық W бағасының болуы.
Студенттерді қолдау бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты – КИМЭП Университетіндегі студенттердің академиялық үлгерімін көтеру үшін жан-жақты көмек және қолдау көрсету. Студенттердің күндізгі оқу форматында академиялық талаптарды орындау және Академиялық қолдау орталығымен кешенді әдісті қамтамасыз ету мақсатында келесі қағидалар қабылданды:
- төмендегі көрсеткіштер бойынша «академиялық үлгермеушілік тәуекелі» мәртебесі бар бірінші курс студенттерін анықтау: оқудың бірінші семестрінде ағылшын тілін меңгеру деңгейі, математикалық дағдылары, ҰБТ баллы, туу орны және т.б. Әрбір студентпен сұхбаттасу және студенттің күнделікті үлгерімін қадағалайтын, жаңа қиыншылықтарды алдын алуда жәрдемдесетін жеке куратормен танысу.
- семестрдің 3-ші және 5-ші аптасынан кейін курсты сәтті бітіру үшін сабаққа қатысу, үлгерімі мен/немесе қажетті дағдылардың жоқ болуы жөнінде ақпарат жинау;
- «академиялық үлгермеушілік тәуекелі» мәртебесі бар барлық бірінші курс студенттерімен жеке кеңес беру сессияларын өткізу, жан-жақты қолдау көрсету және қосымша сабақтарға қатысу.
Қолдау бағдарламасы «академиялық үлгермеушілік тәуекелі» мәртебесі бар, академиялық сынақ мерзіміндегі барлық бірінші курс студенттері үшін міндетті болып табылады. Қолдау бағдарламасы оқытушылардың пікірі бойынша белгілі бір пәндер бойынша қосымша жәрдем керек деп есептелетін студенттерге арналады. Бір семестр ішінде бір пәннен артық «F» немесе «W» бағасы бар студенттерге «академиялық үлгермеушілік тәуекелі» мәртебесі беріледі және қолдау бағдарламасына қатысуға міндеттеледі.
Оқудың бастапқы сатыларында «академиялық үлгермеушілік тәуекелі» мәртебесіне түсетін студенттерді анықтау
Академиялық қолдау орталығымен оқу курсын сәтті аяқтау үшін сабаққа қатысу, үлгерім немесе қажетті дағдылардың жоқ болуы көрсеткіштерінің негізінде оқудың бастапқы сатыларында «академиялық үлгермеушілік тәуекелі» мәртебесі бар студенттерді анықтау бағдарламасын әзірлеп, оны енгізді.
Бірінші курс студенттерінің екінші курсқа өтуін қамтамасыз ету және көрсеткіштерін ілгерілету арқылы студенттерді ұстап қалу мақсатында жалпыбілімдік және міндетті базалық пәндер оқытушылары семестрдің 3-ші және 5-ші аптасынан кейін курсты сәтті аяқтау үшін студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерімі және/немесе қажетті дағдыларының болмауы жөнінде есеп береді.
Бағдарлама қорытындысы:
Алдына қойған мақсаттарына сәйкес студенттер келесідей дағдыларға ие болады:
- Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану;
- Оқыту стратегияларын сәтті қолдану;
- Өзін тиімді сынау мүмкіндігі.
Студенттердің қосымша игеретіні:
- «Академиялық ортада адаспау дағдысы»
- Өзін-өзі мотивациялаудың негізгі қағидаларын қалыптастыру;
- «Белсенді оқушы» түсінігінің мәні мен мазмұны;
- Академиялық үлегрімді арттыру стратегиясы.
Бағдарламада қатысу талаптары:
- Студент ағымдағы семестрдегі пәндерге тіркелу қажет
- Академиялық қолдау бағдарламасына тіркелу және қосымша сабақтар мен кеңес берулерге қатысу.
- Студент семестр бойы кем дегенде 10 қосымша сабаққа және/немесе кеңес беруге қатысуға міндетті;
- Егер төмен академиялық үлгерім білім мен дағдылардың жетіспеушілігі емес тәртіпсіздікке байланысты болса, онда студент міндетті түрде штаттық психологтың кеңестеріне жүгіну қажет;
Студенттерге арналған қосымша сабақтар
Бағдарлама сипаттамасы
Қосымша сабақтар студенттерге олардың академиялық үлгерімін арттыру мақсатында ұсынылады. Репетиторлар барлық жалпыбілімдік және міндетті базалық пәндер бойынша қажетті қолдау көрсетуге дайын. Ең алдымен, қосымша сабақтар академиялық сынақ мерзіміндегі және академиялық төмен үлгерімі негізінде қауіпті аймақтағы қайтадан оқуға түскен, бірінші курс студенттеріне арналған.
- Кеңесші-студенттерді іріктеу Академиялық қолдау орталығымен жүзеге асырылады. Әрбір үміткер сәйкес пән бойынша оқытушымен келісіп таңдалады. Сондай-ақ, кеңесші-студенттер Академиялық қолдау орталығымен арнайы әзірленген және пәннің фундаменталды концепцияларын түсіну, алдына қойылған тапсырмаларды орындау дағдыларына баулу, сыни ойлау қабілетін дамыту және зерттеу жұмыстарын жазуға машықтануға бағытталған дайындық бағдарламасынан өтеді. Жоғарыда айтылғандармен қоса студенттер лекцияларға қатысу және үй тапсырмасын жүйелі түрде орындау арқылы материалдарды игеруде өз тараптарынан көбірек күш салу қажет.
- Кеңесші-студенттер пән бойынша тапсырмаларды орындауға тікелей көмек көрсетпейді, себебі бұл академиялық шынайылық қағидасының бұзылуы болып есептеледі.
- Топпен немесе жеке қосымша сабақтар үшін төлем ақы алынбайды. Кішігірім топтар жоғары сұранысқа ие немесе үнемі қайталанатын пәндер бойынша сабақтар өткізу мақсатында алдын-ала құрылуы мүмкін.
- Қосымша сабақтар академиялық күнтізбеге сәйкес семестр басталғаннан кейін екінші аптадан бастап сабақтың соңғы күніне дейін өткізіледі.
Оқытушыларды тарту
Профессор-оқытушы құрам академиялық стандарттар мен талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында студенттерге арналған қосымша сабақтарды жүргізуге белсенді қатысады.
Students with “At Risk of Academic Failure” Status
According to Fridlander (1980) at-risk students are “Those students who because of poor academic preparation, language handicaps, or low motivation may have difficulty to succeed”
Early warning indicators
- Freshmen are flagged for early intervention if:
Admission stage:
- Overall UNT score is below 60;
- UNT mathematics score (for BCB, BPMA and BAE programs only) is below 10;
- KEPT score is below 50 (Undergraduate English Foundation courses Level C and B).
or/and:
- fails to attend the Fall Orientation Program;
- fails to attend Orientation Workshops/Webinars.
First semester:
Students are flagged for early intervention if:
- have more than 2(Undergraduate English Foundation) or 3 (Academic English or/and Kazakh language) unexcused absences, demonstrate poor performance or/and skills deficiency during the first two weeks of classes;
- identified as “at risk” by faculty based on attendance, performance and/or skills deficiency two weeks before the midterm break;
- earn less than 50% of the first and second assessment scores.
- have one F and/or one W by the result of the first semester
First Year Students (less than 30 credits earned)are flagged for early intervention if:
- do not pass Foundation A course during the first year after admission;
- took less than 24 credits and have GPA bellow 2.10;
- have one F and/or one W by the result of the first semester
- identified as at risk by faculty two weeks before the first assessment.
III. Senior Students (over 30 credits earned) are flagged for early intervention if:
- GPA is below 2.10 at the end of the term;
- identified as at risk by faculty two weeks before the first assessment (midterm);
- have more than one F and/or more than one W in one semester.
Senior Students
We have an obligation to provide every student with the opportunity to get the maximum benefits possible from their KIMEP learning experience. A key objective of the LSC is to make continuous improvements in the quality of the KIMEP student learning experience. To achieve this ambition, our students need to be:
– challenged to achieve at their highest possible academic level; and
– supported if they fall behind, or are at risk of academic failure.
Student Learning Support and mentoring is a crucial determinant of the success of our students. We need to understand how best to provide this support. Learning Support Center gives guidance to students:
– who consider themselves to be in need of advice or/and tutoring;
– who wish to withdraw from, and transfer to another program;
– who are at risk of academic failure;
– who have special needs (such as physical disabilities or learning disorders); and
– who are high academic achievers.
If you have any questions concerning your studies, don’t hesitate to contact us.
E-mail:
advising@kimep.kz
salta@kimep.kz
marzhank@kimep.kz
+7 727 270 42 68
+7 727 270 43 10
+7 701 309 17 47
+7 701 309 16 24
Working hours from 9:00 a.m. to 6:00 p.m., from Monday to Friday.
Academic Standing
Academic standing is a measure of the student’s academic achievement relative to his/her degree requirements, and determines his/her eligibility to precede in his/her academic plan and to qualify for graduation.
A student’s academic standing is determined in part by the Cumulative Overall Average (GPA). The GPA is calculated by dividing the number of grade points earned in courses that assign letter grades by the number of units attempted. Courses in which grades of I, W, and IP are assigned are not used in GPA calculation. Should we add more here?
Undergraduate Academic Standing
The four categories of undergraduate academic status are listed below:
1. Satisfactory Standing
Students are in satisfactory standing at the conclusion of any matriculated term in which they have both a cumulative total GPA and a semester GPA of 2.0 or higher.
2. At-Risk of Academic Failure
According to Fridlander (1980) at-risk students are “Those students who because of poor academic preparation, language handicaps, or low motivation may have difficulty to succeed”
Студенттерге арналған қосымша сабақтар
Бағдарлама сипаттамасы
Қосымша сабақтар студенттерге олардың академиялық үлгерімін арттыру мақсатында ұсынылады. Репетиторлар барлық пәндер бойынша қажетті қолдау көрсетуге дайын. Ең алдымен, қосымша сабақтар академиялық сынақ мерзіміндегі және академиялық төмен үлгерімі негізінде қауіпті аймақтағы студенттерге оқу бағдарламасына байланысты жалпы білімдік пәндер немесе аса ауыр мамандандырылған пәндер бойынша қолдау көрсетуге бағытталған. Осыған қарамастан КИМЭП Университетінің кез-келген студенті қосымшаларға қатыса алады.
- Кеңесші-студенттерді іріктеу Академиялық қолдау орталығымен жүзеге асырылады. Әрбір үміткер сәйкес пән бойынша оқытушымен келісіп таңдалады. Сондай-ақ, кеңесші-студенттер Академиялық қолдау орталығымен арнайы әзірленген және пәннің фундаменталды концепцияларын түсіну, алдына қойылған тапсырмаларды орындау дағдыларына баулу, сыни ойлау қабілетін дамыту және зерттеу жұмыстарын жазуға машықтануға бағытталған дайындық бағдарламасынан өтеді. Жоғарыда айтылғандармен қоса студенттер лекцияларға қатысу және үй тапсырмасын жүйелі түрде орындау арқылы материалдарды игеруде өз тараптарынан көбірек күш салу қажет.
- Кеңесші-студенттер пән бойынша тапсырмаларды орындауға тікелей көмек көрсетпейді, себебі бұл академиялық шынайылық қағидасының бұзылуы болып есептеледі.
- Топпен немесе жеке қосымша сабақтар үшін төлем ақы алынбайды. Кішігірім топтар жоғары сұранысқа ие немесе үнемі қайталанатын пәндер бойынша сабақтар өткізу мақсатында алдын-ала құрылуы мүмкін.
- Қосымша сабақтар студенттердің өз бетімен жұмыс істеу және әрбір сабақта белсенді болу дағдысын қалыптастыруға негізделеді.
- Қосымшаларға қатысу үшін студент сол семестрде ұсынылатын пәндерге тіркелу қажет.
- Қосымша сабақтар академиялық күнтізбеге сәйкес семестр басталғаннан кейін екінші аптадан бастап сабақтың соңғы күніне дейін өткізіледі.
Бағдарлама мақсаты
- Студенттерді өз бетімен тапсырма орындауға баулу немесе оның өз бетімен оқу дағдыларын сәтті дамытқанға дейін сүйемелдеу. Материалдарды оқыту немесе пән бойынша тапсырмаларды студент орнына орындау қосымша сабақтар міндетіне кірмейді. Кеңесшілер семестр бойы өткен материалдарды қайталау және бекіту арқылы студент үлгерімін қадағалайды.
- Студенттің жеке тұлғалық және академиялық дамуына бағытталған, студенттер арасында, оқытушылар мен кеңесші-студенттер арасында жағымды жағдай мен оқу ортасын құру. Студенттерге арналған қосымша сабақтар осындай практиканы тұрақты негізде аудиториядағы сабақтарға қосымша жүктеме ретінде түрлі факультет оқытушыларымен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.
Бағдарлама қорытындылары
Студенттер пән бойынша материалдармен өз беттерімен жұмыс істеуге, пікірталасуға және сұрақ қоюға, сонымен қатар өз бетімен оқу дағдыларын дамыту үшін барлық қолжетімді ресурстарды қолдануға машықтанады.
Оқытушыларды тарту
Профессор-оқытушы құрам академиялық стандарттар мен талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында студенттерге арналған қосымша сабақтарды жүргізуге белсенді қатысады.
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА 2024 – 2025
1. Оқу жылы
Бір академиялық жыл 4 семестрден тұрады:
- Fall (күзгі) 16 апта (1 апта демалысты қоса)
- Spring (көктемгі) 16 апта (1 апта демалысты қоса)
- Summer 1 (жазғы 1) 6 апта
- Summer 2 (жазғы 2) 6 апта
Студент дәрежесін алу үшін орташа алғанда 48 пән (146 академиялық сағат) өту қажет.
Студент пәндер, сабақ кестесін және оқытушыларды өзі таңдайды.
2. Оқытудың кредиттік жүйесі
Кредит – бұл академиялық қарым-қатынас (дәрістер) сағаттарының саны.
1 кредит – семестрдегі 15 академиялық сағат, аптасына 1 сағат
2 кредит – семестрдегі 30 академиялық сағат, аптасына 2 сағат
3 кредит – семестрдегі 45 академиялық сағат, аптасына 3 сағат
Курстан курсқа ауысу жиналған кредиттер санына байланысты:
- 0-30 кредит – 1 курс
- 31-68 кредит – 2 курс
- 69-106 кредит – 3 курс
- 107 -146 кредит – 4 курс
3. Foundation –ағылшын тілін қарқынды оқу курсы
КИМЭП-ке оқуға түскен кезде талапкер ағылышын тілінен емтихан (КЕРТ) тапсырады. Егер емтихан қорытындысы 80-100 балл аралығында болса, онда талапкер «Foundation» курсынан босатылады.
Егер тадапкер 80 баллдан төмен жинаса, онда ол келесі көрсетілген «Foundation» курсының бір деңгейінен үш деңгейіне дейін өтуі қажет:
A деңгейі – 51-79 балл
B деңгейі – 30-50 балл
C деңгейі – 0-29 балл
4. Академиялық жүктеме
Студент бір академиялық жылда орташа алғанда 10-13 пән өтеді.
Бір академиялық жыл ішінде оқитын пәндердің ең көп саны (2 жазғы семестрді қоса алғанда) – 18.
5. Оқу ақысы
1 кредит құны (аптасына 1 академиялық сағат сабағы/лекциясы) – 112,130 теңге
2 кредит құны (аптасына 2 академиялық сағат сабағы/лекциясы) – 224,260 теңге
3 крдеит құны (аптасына 3 академиялық сағат сабағы/лекциясы) – 336,390 теңге
СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАРНАЛАРДЫ ҚОСА АЛҒАНДА ОҚУ АҚЫСЫН ЕСЕПТЕУ МЫСАЛЫ (ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕ)
Оқу ақысы
Пән | Кредиттік /академиялық сағаттар саны | Құны |
Қазақстан Тарихы немесе Қазақ тілі немесе Орыс тілі | 3 | 380,130 тг. |
Ағылшын тілі | 3 | 380,130 тг. |
Ағылшын тілі | 3 | 380,130 тг. |
Информатика | 3 | 380,130 тг. |
Өнер, қоғам және мәдениет санатынан таңдау бойынша жалпы білім беру пәні | 3 | 380,130 тг. |
Мамандық бойынша пән | 3 | 380,130 тг. |
Дене шынықтыру немесе Мәдениеттану | 2 | 253,420 тг. |
Барлығы | 20 | 2,534,200 тг. |
ОҚУ АҚЫСЫ +СТУДЕНТТІК және МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАРНА
Пәндер үшін оқу ақысының 1/3 | 844,734 тг. |
Оқу ақысының 100% | 2,534,200 тг. |
Студенттік жарна (әр семестр сайын) | 7,820 тг. |
Міндетті медициналық тексеріс үшін жарна (жылына бір рет) | 5,090 тг. |
Оқы ақысының 1/3 бөлігі | 857,644 тг. |
100% төлем | 2, 547,110 тг. |
СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАРНАНЫ ҚОСА АЛҒАНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН БАЗАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАДАН БАСТАЙТЫНДАРҒА ОҚУ АҚЫСЫН ЕСЕПТЕУ МЫСАЛЫ
Пән | Кредиттік /академиялық сағаттар саны | Құны |
Ағылшын тілінен базалық бағдарлама (Undergraduate Foundation A,B,C) | 0 | 529,690 тг. |
Қазақстан Тарихы немесе Қазақ/Орыс тілі немесе Информатика (тек А деңгейі үшін) | 3 | 380,130 тг. |
Дене шынықтыру | 2 | 253,420 тг. |
Барлығы | 5 | 1,163,240 тг. |
ОҚУ АҚЫСЫ +СТУДЕНТТІК және МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАРНА
Пәндер үшін оқу ақысының 1/3 | 387,747 тг. |
Оқу ақысының 100% | 1,163,240 тг. |
Студенттік жарна (әр семестр сайын) | 7,820 тг. |
Міндетті медициналық тексеріс үшін жарна (жылына бір рет) | 5,090 тг. |
Оқы ақысының 1/3 бөлігі | 400,657 тг. |
100% төлем | 1,176,150 тг. |
Кітаптарды қолдану үшін 57,650 теңгені құрайтын кепілдік жарна оқу ақысынан бөлек төленеді. Төлем мақсаты – «Кітапхана үшін».
Оқу ақысын уақытылы төлеген жөн, себебі кеш төлем жасаған үшін айыппұл қарастырылған. Есіңізде сақтаңыз! Егер соңғы төлем көрсетілген мерзімнен кеш жасалса (2-бөлігі – 2024 ж. 20 қыркүйек, 3-бөлігі – 2024 ж. 18 қазан), тіркеу жүйесі студенттің пәндерге тіркеуін автоматты түрде жояды және 29,950 теңге көлемінде айыппұл салынады. Студент қарызын 100% өтегеннен кейін пәндерге тіркелуді қайта қалпына келтіруге рұқсат беріледі.
6. Төлем жасау жолдары
Төлемді банк бөлімшелері немесе мобильді қосымша арқылы жүзеге асыруға болады.
Төлем ақының шотқа түсуі 2-5 күн аралғында уақыт алуы мүмкін.
- «ЦентрКредит Банкі» АҚ
- «Қазақстан Халық Банкі» (Halyk Bank) АҚ
- «Kaspi Bank» АҚ (транзакция 5 немесе одан да көп уақыт алуы мүмкін)
Төлем ақысын жүзеге асырған кезде қажетті құжаттар:
- Жеке басын куәландыратын құжат
- Студенттің аты-жөні мен жеке студенттік нөмірін көрсету ID 2024XXXX
- Төлем мақсатын көрсету: Білім немесе кітапхана үшін
Төлемді өңдеу біршама уақыт алатындықтан, пәндерге тіркелу басталмай тұрып оқу ақысын төлеген жөн.
Төлем жасау жолдары:
- оқу ақысының жалпы сомасының 1/3
- семестр үшін немесе оқу жылы үшін 100%
- 4 жылға 100% оқу ақысы 2024-2025 оқу жылының прайс-листі бойынша есептеледі және өзгермейді.
7. GPA – Орташа үлгерім балл
Студенттің үлегрімінің негізгі көрсеткіші болып әр семестрдің соңында есептелетін орташа үлгерім баллы (GPA) табылады.
Ең жоғарғы үлгерім баллы 4,33-ке тең (А+). 2,00-ден төмен орташа үлгерім балл бірінші курс студентінің қауіпті жағдайда екендігін көрсетеді.
Егер бірінші курс студентінің орташа үлгерім баллы 2,00-ден төмен болса, оған қоса кредиттік сағаттар саны 24-тен аспайтын болса, студент академиялық сынақ мерзіміне түседі. Бұл жағдайда студент өз баллын бір академиялық жыл ішінде көтеру қажет. Жағымды өзгеріс орын алмаған болса, студент оқудан шығарылады.
8. Баға қою жүйесі
КИМЭП Университетінде келесі шкала бойынша әріптік баға жүйесі қабылданған:
Баға | Балл (GPA) | Шкаласы |
А+ Ең жоғары баға | 4.33 | 90 – 100 |
А Үздік | 4.00 | 85 – 89 |
А- Өте жақсы | 3.67 | 80 – 84 |
В+ Жақсы | 3.33 | 77 – 79 |
В Жақсы | 3.00 | 73 – 76 |
В- Жақсы | 2.67 | 70 – 72 |
С+ Қанағаттырарлық | 2.33 | 67 – 69 |
С Қанағаттырарлық | 2.00 | 63 – 66 |
С- Қанағаттырарлық | 1.67 | 60 – 62 |
D+ Шекті балл | 1.33 | 57 – 59 |
D Шекті балл | 1.00 | 53 – 56 |
D- Шекті балл | 0.67 | 50 – 52 |
F Қанағаттанарлықсыз | 0.00 | 50-ден кем |
Әрбір пән бойынша баға үш негізгі бөліктен құралады:
- 1-аралық бақылау (1 midterm/assessment) – 30%;
- 2-аралық бақылау (2 midterm/assessment) – 30%;
- Қорытынды бақылау (final exam) – 40%.
Барлығы – 100%
9. Withdraw / Drop from the course
Пәнге тіркеліп, қандай да бір себептермен қорытынды емтиханды тапсыра алмаған студенттер үшін «Withdraw / Drop from the course» опциясы бар. Транскриптте пән үшін қойылған баға “W” әрпімен көрсетіледі және орташа үлгерім баллына әсер етпейді.
Студент кез-келген пәнге тіркеуді емтихан мерзіміне дейін жоя алады. Әрбір студент оқудың барлық мерзімі ішінде 10 рет тіркеуді жою құқығына ие. Егер студент пәннен бас тартса, онда тіркелген пән үшін төлем ақыны қайтару келесідей тәрттіпте жүзеге асырылады:
- 2 аптада пәннен бас тарту – төлем ақының 80% қайтару
- 3 аптада пәннен бас тарту – төлем ақының 60% қайтару
- 4 аптада пәннен бас тарту – төлем ақының 40% қайтару
- 5 аптада пәннен бас тарту – төлем ақының 20% қайтару
- 6 аптада пәннен бас тарту – төлем ақының 0% қайтару
10. Retake – пәнді қайта өту
Егер студент пәннен төмен баға алса, осы пәнді қайта өте алады.
Егер студент кез-келген міндетті пәннен «F» бағасын алса, ол осы пәннің толық төлем ақысын өтеп, оны қайта өту қажет!!!
11. Басқа оқу бағдарламасына ауысу
Оқудың басқа бағдарламасына ауысуды бірінші семестрді аяқтағаннан кейін пәндерге тіркеу мерзімі кезінде жүзеге асыруға болады. Ол үшін студенттік порталдағы келесі форманы www.my.kimep.kz -> Forms -> Transfer between programs Request толтыру қажет. Бұдан кейін формаңыз сәйкес факультет деканының қарастырылуына жіберіледі.
12. Алмасу бағдарламасы
Алмасу бағдарламасы бір семестр немесе толық академиялық жылды әріптес шетелдік жоо-да өткізу мүмкіндігін береді.
Алмасу бағдарламасынан басқа Халықаралық бөлім серіктес жоо-ларда жазғы және қысқы мектепте өту мүмкіндігін ұсынады.
Студенттерді іріктеудің негізгі талаптары: жақсы үлгерім және 2-курсқа өту.
Егер қосымша сұрақтар туындаса, онда Халықаралық бөлімге хабарласуыңызды өтінеміз:
Email: outgoing@kimep.kz
Тел.: +7 727 237 48 00
13. КИМЭП Медициналық орталығы
КИМЭП Университетінің оқытушылары студенттердің сабаққа қатысуына көп көңіл бөледі. Сабаққа қатысу қорытынды бағаға тікелей әсер етеді. Егер студент ауырып, сабаққа қатыса алмаса, ол КИМЭП Медициналық орталығына анықтаманы жабу сәтінен бастап 2 аптадан аспайтын мерзімде №037 формасындағы анықтаманы ұсыну қажет. КИМЭП Медициналық орталығы анықтаманы растап, оқытушыны хабардар етеді.
Әрбір студент флюорографиялық зерттеуден өтіп, қорытындысын Медициналық орталыққа ұсыну қажет (екі мөр және екі жерден қолы қойылған рентгенолог қорытындысы және сипаттамасы бар сурет). Осы талап орындалмаған жағдайда пәндерге тіркелуге жол берілмейді.
Маңызды! Қазақстан Республикасының басқа қалаларынан келген студенттер мен халықаралық студенттерге Алматы қ. Медициналық орталықтарының біреуінде флюорографиялық суреттің екінші реттік растау қажет.
14. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер
КИМЭП Университеті ерекше қажеттілігі бар студенттерге академиялық қолдау ұсынады. Қолдау алу үшін студент қажет құжаттарды КИМЭП Медициналық орталығына тапсыру керек.
Қосымша ақпарат алу үшін КИМЭП Медициналық орталығына хабарласыңыз:
Email: n.yasa@kimep.kz;
Тел.: +7 727 237 48 05
15. Әскери кафедра
КИМЭП Университеті Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бакалавриат студенттеріне әскери кафедрада білім алуға мүмкіндік береді. Оқыту ұзақтығы 1 немесе 2 жылды құрайды, одан кейін әскери бөлімде оқу-жаттығу жиындарынан өту қарастырылған. Бекітілген талаптарды сәтті орындағаннан кейін студентке тиісті әскери мамандық бойынша запастағы «сержант» немесе «офицер» әскери атағы беріледі.
Егер сізде сұрақтар туындаған болса, Студенттік мәселелер жөніндегі бөлімге хабарласуыңызды өтінеміз:
Жанна Байсалбекова, студенттік мәселелер жөніндегі үйлестірушісі
Email: zhanna@kimep.kz
Тел.: +7 (727) 237 47 80 вн.: 1083
Mob.: +7 701 327 58 39
16. Байланыс ақпараты
Құрметті ата-аналар, егер сізде қосымша сұрақтар туындаған болса, Студенттерді академиялық қолдау орталығына хабарласуыңызды өтінеміз:
Email: advising@kimep.kz
Teл. : +7 727 270 42 68; +7 727 270 43 10
Ұялы тел.: +7 701 309 17 47; +7 701 309 16 24