evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
IMG_0125

КӨКТЕМ 2020 СЕМЕСТРІНІҢ ҚАРСЫ АЛУ МЕРЕКЕСІ

Халықаралық бөлім және BIS студенттік ұйымы 2020 жылдың қаңтар айының 17-і жұлдызында “Fun Club” студенттерге арналған ойын-сауық зонасында шетелден келген бірінші курс студенттері мен білім және тәжірибе алмасу бағдарламары бойынша келген студенттерді қарсы алу мерекесі өткізді.

IMG_0018

Шетелдіктерді Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық киімдері, билері және дәстүрлерімен таныстыру мақсатында арнайы шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Соның қатарына қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі “Беташар”, Қазақстан туралы бейнебаян, ұлттық билерден құралған флешмоб, сонымен қоса қазақ, өзбек, түркмен халықтарының ұлттық ойындары көрсетілді. Мерекенің ресми кезеңінен кейін барлық шетелдік студенттерге Орталық Азияның ұлттық тағамдары ұсынылды.

IMG_0061

Бұл семестрде 15-тен астам шетел мемлекеттерінен студенттері келді. Соның ішінде Фрация, Италия, Нидерланды, Венгрия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Қытай, Ресей, Украина, Тажікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және тағы басқа елдер өкілдері бар.

IMG_0034