1994 жылдан бастап КИМЭП басқарушы білім орталығы (бұрынғы үздіксіз білім беру орталығы) мамандарға дағдыларын жетілдіріп, еңбек нарығында бәсекелік артықшылық алуға мүмкіндік беретін динамикалық бағдарламалар ұсынады. Университеттің үздіксіз білім беруге мүдделілігі аясында Орталық кәсіптік дағдыларды екі бағытта жетілдіреді. Біріншіден, Орталық өндірістен қол үзбей икемді түрде нысаналы бағытталған даярлық шеңберінде орта буын басшылар мен тәжірибелі мамандар үшін кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынады. Ұсынылып отырған бағдарламаларға нарықтағы жетекші болып табылатын басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы, кәсіби даму бағдарламасы, тілдер курсы және қазақстандық іскерлік қоғамдастықтың проблемалары бойынша тұрақты дөңгелек үстелдер кіреді.