КИМЭП Университетіндегі Халықаралық Сертификаттау Бағдарламалары студенттің мамандығы бойынша халықаралық сертификатқа емтихан тапсыру үшін арнайы арналған дайындық курстары.

Халықаралық сертификаттардың иегерлері бүкіл әлемде мойындалады, олардың жұмысқа орналасу болжамы өте улкен, кәсіби білімі және өз саласында танымы жоғары.

Басқарушы Білім Орталығы осы бағдарламаларды 2009 жылдан бастап жүргізіп келеді. Орталық ұсынған алғашқы бағдарлама CFA® (Chartered Financial Analyst) дайындық бағдарламасы болып табылады. Бұл қаржы әлемінде танымал және кеңінен танылған халықаралық сертификат. CFA сертификатының иелері қор биржасында, инвестициялық компанияларда және әртүрлі қаржы институттарында жұмыс істейді.

Орталықтың екінші бағдарламасы Салық бойынша сертификат (ADIT-ке дайындық). ADIT халықаралық сертификаты Ұлыбританияда негізделген және салық мамандары үшін кәсіби сертификация болып табылады.

CFA® – CFA институтының меншігі

CFA Дайындық курсы

CFA® I деңгейге дайындық курсы

CFA чартері – қаржы және инвестиция саласындағы мамандар үшін кеңінен танылған біліктілік, әсіресе инвестицияларды басқару және акциялар, облигациялар мен олардың туынды активтерін қаржылық талдау салаларында. Бағдарлама портфельді басқаруға және қаржылық талдауға бағытталған, сондай-ақ қаржы саласының әртүрлі бағыттары бойынша кешенді білім береді.

CFA мәртебесін толық алу үшін үміткер бухгалтерлік есеп, экономика, этика, капиталды басқару және бағалы қағаздарды талдауды қамтитын үш деңгейлі емтиханды тапсыруы қажет.

KIMEP Университетінің Атқарушы Білім Беру Орталығы CFA I деңгейіндегі емтиханды тапсыруға бағытталған 4 айлық дайындық курсын ұсынады.

Неліктен CFA® чартерін алу керек?

  • Мансаптық мүмкіндіктерді жақсарту
  • Емтиханның қолжетімді бағасы
  • Мансаптық өсу мүмкіндіктері
  • Халықаралық деңгейде танылған біліктілік
  • Нақты тәжірибе алу

Курсты кім өте алады?

  • Қаржы саласында жұмыс істейтін мамандар немесе мансаптық өсуді қалайтын қаржы талдаушылары
  • Инвестициялық менеджерлер

Неліктен бізді таңдау керек?

  • Курстың оқытушылары нақты активтерді басқару тәжірибесі бар CFA чартерінің толық иегерлері
  • Білім сапасына кепілдік
  • KIMEP түлектері мен корпоративтік клиенттер үшін жеңілдіктер жүйесі
  • Курсты аяқтау туралы сертификат

Курстың тақырыптары:

  • Этикалық және кәсіби стандарттар
  • Сандық талдау
  • Экономика
  • Қаржылық есептілік және талдау
  • Корпоративтік қаржы
  • Портфельді басқару
  • Акцияларға инвестициялау
  • Тұрақты табыс
  • Туынды қаржы құралдары
  • Альтернативті инвестициялар

Курстың сипаттамасы:

  • 15 оқу сабағы, барлығы 120 академиялық сағат
  • Сабақтар сенбі күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді
  • Оқыту саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар CFA чартерінің иегерлері жүргізеді
  • Оқу барысында жеке оқытушылық қолдау көрсетіледі
  • Оқытушылар бейімдеген оқу материалдары
  • Қорытынды емтихандар мен олардың талдауы
  • Курстың соңында шолу сабақтары

 

Курсты өтуге қойылатын негізгі талаптар:

Үміткер қаржы саласына байланысты дәрежеге ие болуы, қаржы секторында жұмыс тәжірибесі болуы және ағылшын тілін Upper Intermediate деңгейінде меңгеруі қажет.

CFA® – CFA Institute ұйымының тіркелген сауда белгісі.

 

Байланыс ақпараты

 

Мадина Избасарова

Маркетинг менеджері

Executive Education Center

Абай даңғылы, 2, Офис 201а, Достық ғимараты

Телефон: +7(727) 270-43-61 (2125)

E-mail: m.izbassarova@kimep.kz

 

Асель Кожамсеитова

Сату және жарнама менеджері

Executive Education Center

Абай даңғылы, 2, Офис 201а, Достық ғимараты

Телефон: +7(727) 270-43-61 (2267)

E-mail: a.kozhamseitova@kimep.kz

Салық Бойынша Сертификат

Салық салу бойынша КИМЭП сертификаты 
ADIT (халықаралық салық салу бойынша жетілген деңгей дипломы) квалификациясын бір жылда алу мүмкіндігін береді.

ADIT – бухгалтерлер, салық бойынша корпоративті менеджерлер, салық құжаттамалары бойынша мамандар, заңгерлер, қаржылық кеңесшілер, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарддан қаржылар бойынша мамандар, бизнесте маманданатын студенттер үшін, және де жақсы техникалық икемділігі бар тұлғалар үшін және салық салу бойынша білім алу курстары қызықтыратындар үшін.
Салық салу бойынша КИМЭП сертификаты ADIT квалификациясын алу емтиханын тапсыруға бағытталған, мамандырылған форматтағы 3 курс сериясын өтуден кейін беріледі:

  • Халықаралық салық құқығы
  • Қазақстанның салық құқығы
  • Көпұлтты компаниялрға салық салу

Оқыту тілі: ағылшын

Ұзақтығы: әрбір оқу парағы үшін 6 күн

Оқу нәтижелері:
1. Халықаралық салық салуға байланысты проблемаларды анықтап, олар үшін кешенді шешімдер шығара аласыз;
2. Салық төлеуден жалтаруға қарсы бағытталған ережелер мен қағидалар орынды қолданылуын саралау, сонымен қатар, олардың көпұлтты компаниялардың белсенділігіне әсерін анықтай аласыз;
3. Тарифтер және салықтар сияқты түрлі салалардағы мемлекеттік реттеудің мәнісін негіздеп түсіндіре аласыз, сонымен қатар оның көпұлтты кәсіпорындардың салықтық міндеттмелеріне және салықтық стратегияларына қалайша әсер етеіндігін анықтай аласыз;
4. Бизнестегі іс жүзіндегі жағдайларды сараптай отырып, оның көкейкесті мәселелерін анықтап және конструктивті де, әрі жан-жақты шешім қабылдай аласыз;
5. Көпұлтты кәсіпорындармен байланысты саладағы қазақстандық заңнамалардың, халықаралық салық келісім-шарттарының, шетелдік салық заңнамаларының талқыламасы мен салыстырмалы анализін жүзеге асыра аласыз;
6. Көпұлтты кәсіпорындарға арналған салықтық жоспарлау мүмкіндіктерін жорамалдай аласыз

ADIT брошюрасы әрбір емтиханға арналған тақырыптар мен

форматтар туралы толық ақпаратты қамтиды.

ADIT веб-сайты: http://www.tax.org.uk/adit

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз:

+7 (727) 2374787 (ішкі 1034) немесе e-mail: m.izbassarova@kimep.kz