Кәсіптік даму және мамандануларды сертификаттау бағдарламасы экономиканың түрлі секторларының мамандарына білім алу, қарым-қатынас жасасу және тәжірибемен алмасуды ұсынады. 1994 жылдан бастап бағдарлама корпоративті клиенттермен қатар жеке тұлғаларға треннингтік қызметтер ұсынады. Қысқа мерзімді курстардың барлық көлемі алдын-ала жасалған кестеге сәйкес ұсынылады. Корпоративті тренингтер компания ерекшелігіне қарай дамытылады. Клиенттердің түрлі қызығушылықтары мен сұраныстарын есепке ала отырып біліктілікті жоғарылату курстарын да, сонымен қатар терең білім мен дағдылар беретін маманмандырылған курстар топтамасын да қатар ұсынады. Курстар 7 негізгі бағыт бойынша оқытады: менеджмент, бухгалтерлік есеп және қаржы, адам ресурстарын басқару, салық салу, маркетинг және сату, ақпараттық технологиялар, іс жұргізу және іскерлік әкімшілік. Курстар бағдарламасы жыл сайын жаңартылып тұрады.

Күнтізбелік семинарлармен қатар «КИМЭП Университеті» БАҚ Кәсіптік даму бағдарламасы Мини МВА бағдарламасы бойынша білім алуды ұсынады.

«КИМЭП Университеті» БАҚ Мини МВА бағдарламасы FIBAA халықаралық аккредитациясы бар Қазақстандағы жалғыз кәсіптік бағдарлама болып табылады.

Бағдарлама мақсаты клиенттер сұраныстарын есепке ала отырып Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде бизнес тұрақтылығы мен дамуын қолдау үшін жоғары сапалы тренингтер ұсыну. Осы мақсатта бағдарлама:

  • Қазіргі таңдағы іскерлік қауымдастықтың талаптарына сай келетін
  • Кадрлар резервін құру мен персоналды дамыту бойынша корпоративті бағдарламаларға қомақты үлес қосатын
  • Тренинг аяқталғаннан кейін қолданбалы және жұмыс істейтін дағдылар мен білім ұсынатын
  • Барлық қызығушылық танытатын клиенттер үшін ыңғайлы және қолжетімді сабақ кестесі мен әдістеме ұсынатын тренингтерді дамытады, жаңартады және ұсынады.

Курстар мен қысқа мерзімді семинарлар графигі мен кестесі клиенттердің ыңғайына орай құрастырылады:

  • Интенсивті қысқа мерзімді тренингтер (2-5 күн) апта сайын ұсынылады
  • Қысқа мерзімді курстар мен мамандандырылған курстар ұзақтығы 4-6 апта
  • Тренингтер мен курстардың біріктірілген кестесі аудиторияда немесе қашықтықтан оқу мүмкіндігін береді
  • Оған қоса, куратор жетекшілігімен таңдалған курстарды жеке оқу мүмкіндігі де беріледі

Бағдарлама Тыңдармандары түрлі деңгейдегі сертификаттар алады:

  • «Бітіру жөніндегі сертификат» таңдалған бір семинарға қатысқандығы үшін беріледі
  • «Мамандану бойынша сертификат» белгілі бір мамандануды таңдап, таңдалған мамандану бойынша 4 курстық бағдарламаны сәтті бітірген тыңдаушыларға беріледі

Оқы мерзімі, оқу күндері/сағаттары саны және білімді бағалау әдістемесі оқыту міндеті, курс мазмұны мен оқытуды ұсыну графигіне байланысты.

Негізгі оқыту тілі – орыс тілі. Ағылшын және/немесе қазақ тілдерінде оқу үшін алдын ала өтініш талап етіледі.
Оқыту әдістемесі дәстүрлі біліктілікті жоғарылату курстарынан өзгешелігімен ерекшеленеді. Қазіргі әдістеме ересек адамдарды оқыту мақсаты мен міндеттерін ғана ескермейді, ол барлық қатысушыларды тренинг үрдісіне қатыстыруға арналған интерактивті әдісті қолданады. Сұрақ/жауаптар, талқылаулар мен топпен жұмыс істеу қатысушылардың тәжірибе алмасуы мен байланыстар қатарын кеңейтеді.

Оқытушылар практиктер, нақты бизнес өкілдері және түрлі оқу орындардан профессор-оқытушы құрамнан тұрады. Олардың практикалық тәжірибесі мен терең теориялық білім үйлесімі тренингтерді күнделікті бизнеске қолданбалы және жұмыс істейтін қылады, сәтті мансаптық өсу мен жұмысқа орналасуға тікелей ықпалын тигізеді.

Тренингтер

1. Ашық форматындағы семинарлар

2. Банктер / компаниялардың тапсырысы бойынша семинарлар (корпоративтік формат)
Тренингтер 8 негізгі бағытта ұсынылады: менеджмент, адам ресурстарын басқару, бухгалтерлік есеп және қаржы, маркетинг және сатулар, банк ісі, салық салу, ақпараттық технологиялар, құжаттау және мұрағаттандыру.

3. Мини-МВА бағдарлама модульдері
Маманданулар:
— Адам ресурстарын басқару
— Менеджмент
— Маркетинг и және сатулар
— Қаржы және бухгалтерлік есеп

4. Халықаралық кәсіпқой тәуекел менеджерлер қауымдастығының (PRMIA)сертификатын тағайындау бойынша емтихандарды тапсыруға үміткерлерді даярлау курстары.

5. Салық салу бойынша сертификатқа (ADIT-пен бірлесіп)емтихан тапсыру үшін үміткерлерді даярлау курстары:
— Халықаралық салық құқығы
— Қазақстандағы салық құқығы
— Көпұлтты кәсіпорындар үшән салық салу

6. Компаниялар / банктер сұранымдары бойынша кеңес беру

Кәсіптк даму бағдарламасы күнтізбелік кестесі бойынша тренингтер ұсынады.
Қысқа мерзімді курстар 8 негізгі бағытта ұсынылады: менеджмент, адам ресурстарын басқару, бухгалтерлік есеп және қаржы, маркетинг және сатулар, банк ісі, салық салу, ақпараттық технологиялар, құжаттау және мұрағаттандыру.

Таңдалған мамандануда (5 маманданудың ішінен: менеджмент; адам ресурстарын басқару; бухгалтерлік есеп және қаржы; маркетинг және сатулар; офис-менеджмент және ассистенттік дағдылар) сертификат алу үшін 4 курсты бітіріп өту қажет. Аралас сабақ кестесі (күндізгі, онлайн және тәлімгер жетекшілігімен өз бетімен сабақтар) сізге оқу мен жұмыс істеуді біріктіруге мүмкіндік береді.
Тренингтер туралы Басқарушыларға арналған білім беру орталығынан толығырақ ақпарат алу үшін КИМЭП Университетінің Кәсіптік даму бағдарласымен хабарласыңыз (бағдарлама Бонн, Германиядағы FIBAA-мен сертификатталған).

Корпортативтік семинар өткізу құны:

Бір топтағы қатысушылар саны: Бір топ үшін 3-күндік семинар құны (теңге)
15-17 кісі: 1 110 000.00
Қосымша: Нұсқаушы үшін әуебилеттер және мекендеуге орналастыру құны (семинар Алматы қаласынан тыс өткізілсе)

Семинар бағасына келесілер кіреді: оқыту, оқытушы дайындап шығарған жеке оқу құралы; үлестірме мәліметтер; қалам; блокнот; курсты бітіру туралы сертификат.
Семинар кестесі: 9:30-17:00, түскі үзіліс – 12:30-13:30, шай/кофе үзілістері – 11:00-11:15, 15:00-15:15.  

Кәсіптік даму бағдарламасының (PDCP) мамандары бағдарламаның 8 кезеңі барысында әр клиентпен ілесіп жұмыс істеуде.

Корпоративтік оқуға жұмсалған ақшадан күтілетін нәтижеге қалай қол жеткізуге болады? Әлбетте, нұсқаушыға да, компанияның өзіне де оқу үрдісіне дайындалуға қажет болады.

Кәсіптік даму бағдарламасының (PDCP) мамандары бағдарламаның 8 кезеңі барысында әр клиентпен ілесіп жұмыс істеуде.

  1. Қажеттілікті айқындау. Бұл кезең компанияның қалаулы және шынайы нәтижелілігі арасындағы алашақтық деңгейін анықтауға байланысты болады. PDCP корпоративтік тренингтерге қаражат салудың пайдалылығын айқындаумен көмектеседі.
  2. Мақсаттарды қою. Екінші кезеңде компанияның оқыту департамаентімен бірлесе отырып тренингтерді өткізу мақсаттары мен міндеттері тұжырымдалады. Басқаша айтқанда – қызметкерлер оларға қойылған мақсаттарға ненің есебінен жетуі керек?
  3. Оқудың мазмұнын, нысандарын және әдістерін айқындау. Осы кезеңге топтың құрамын, қатысушылардың қызмет өзгешеліктерін, олардың тілектері мен қойылған мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып оқыту барысының ерекшеліктерін айқындау кіреді.
  4. Нұсқаушыларды таңдау немесе даярлау. Төртінші кезеңде қызметкерлерді оқытатын кәсіпқойлар таңдалады. PDCP бизнесте қызмет ететін және компания / банк қызметкерлері үшін максималды пайдасымен кез келген тренингті өткізуге қабілетті нұсқаушылармен қызметтеседі.
  5. Тренингке дайындалу, оның ішінде – ұйымдастыру шаралары және қызметкерлерді уәждемелеу. Осы кезеңде корпоративтік оқытуды ұйымдастыру (уақыты, орны, тренингтерді өткізу ұзақтығы) мәселелері шешіледі, және топ үшін нұсқаманы, және оны алдағы кәсіптік дағдыларды жетілдіруге күшін салуға ынталандыруды қалай дұрысырақ өткізуге болатыны ұсынылады.
  6. Оқытуды жүргізу. Осы кезеңде алдын ала келісілген сабақ кестесі мен корпоративтік іс-шаралар жоспарын орындау өтеді. Әр топта оқу үрдісі оның ерекшеліктерін және қойылған мақсаттарын ескере отырып, жекешеленген нұсқамен құрастырылады.
  7. Тренинг тиімділігін бағалау. Тыңдаушылар пікірін сұрау арқылы (бағалау формалары) қатысушылардың тренинг нысаны мен мазмұнымен немесе қызметкерлерді оқытудың басқа пайдаланылған жолымен қанағаттанушылығы анықталады. Осыған қоса тренингтің алдында қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, қызметкерлердің кәсіптік деңгейінің өсуі, олардың өз бөлімінің және бүкіл компаниянның қызмет тиімділігін арттыру үшін өз жұмысын қалай құрастыру керек екенінің түсінігі құрылғаны бағаланады.
  8. Тренингте алған білімді қазметкерлердің күнделікті жұмысына позитивті түре көшіруді қамтамасыз ету. Тренингтен кейінгі іс-шаралар тыңдаушыларға алған білім мен дағдыларын бекітуге, және оларды жұмыс үдерісінде пайдалану туралы берік түсінік алуға мүмкіндік береді. Нұсқаушы беретін шабыттану және ынталандыру қызметкерлерде өз жұмыс орнында күнделікті міндеттерді орындау барысында жаңа үлгілер мен құралдарды пайдалануға талпыныс дамытады.

Корпортативтік оқытуды жүргізу үшін 7 негізгі бағыттағы курстар ұсынылады: менеджмент; бухгалтерлік есеп және қаржы; салық салу; маркетинг және сатулар; адам ресурстарын басқару; ақпараттық технологиялар; іс жүргізу және іскерлік әкімшілдік.

Тәуекелдерді басқару бойынша сертификат (PRMIA)

«КИМЭП Университеті» БАҚ Халықаралық кәсіпқой тәуекел менеджерлер қауымдастығының (PRMIA) сертификатын тағайындау бойынша емтихандарды тапсыруға үміткерлерді даярлау тренинг курстарын ұсынады.

Халықаралық кәсіпқой тәуекел менеджерлер қауымдастығы (PRMIA) осы саласының танылған көшбасшысы болып, қаржылық тәуекелдерді басқарудағы кәсіпқойлар және болашақ мамандары үшін заманауи шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Қазіргі таңда Қауымдастыққа әлемнің 211 елінен 91000-на астам мүшелер кіреді.

PRM бағдарламасы келесіні қалайтындар үшін құрастырылған:

  • Тәуекелдерді басқарудың заманауи тәжірибесінің дағдыларын дамытып, өз білімін тереңдету
  • Халықаралық сертификаттау артықшылықтарын пайдалану
  • Компания / банктің тиімді тәуекелдерді басқару жүйесін құруға өз үлесін қосу

PRM сертификатының тыңдаушы үшін артықшылықтары:

  • Тәуекелдерді басқарудың заманауи тәжірибесі туралы білім
  • Тәуекелдерді сәтті басқару үшін қажетті статистикалық және математикалық негіздеме
  • Тәжірибешіл кәсіпқойлар мен әлемнің көшбасшы университеттері тарапынан халықаралық мойындау
  • Тәуекелдерді басқарудағы ең жаңа жарияланымдар мен зерттемелердің қолжетімділігі
  • PRMIA ұйымдастыратын кәсіби тренигтреге қатысу
  • Әлемнің ең дамыған елдерінде жұмыс табу мүмкіндіктері
  • Үш күндік емтихан кезеңінің кез келген жұмыс күнінде кез келген реттілікте емтихандарды тапсырудың икемді жүйесі
  • СFA, FRM, CIIA, CEFA секілді басқа біліктілік сертификаттарын мойындау

PRM сертификатының компания / банк үшін артықшылықтары:

  • Бұл саладаға мамандардың білімін бағалаудың халықаралық стандарты
  • Менеджмент тәуекелдерін басқару саласындағы мамандардың жоғары білікті командасын құрастыру
  • Іскерлік серіктестердің / инвесторлардың компанияға сенімін және қызығушылығын арттыру

PRM сертификатын алуға қойылатын талаптар:
Сертификат алу үшін үміткерлер 4 емтихан тапсыруы қажет.

Емтихан Мазмұны Ұзақтығы
1 Қаржы теориясы, қаржылық құралдар және нарықтар 120 минут ішінде 36 сұрақ
2 Тәуекелдерді басқарудың математикалық және статистикалық негіздері 120 минут ішінде 24 сұрақ
3 Тәуекелдерді басқарудың заманауи тәжірибесі: нарық тәуекелі, несие тәуекелі, операциялық тәуекел, өтімділік тәуекелі, күйзелістік тестілеу 180 минут ішінде 60 сұрақ
4 Компаниялардың нақты мәселелерін ахуалдық талдау (Case studies), PRMIA стандарттары және әдеп 60 миунт ішінде 24 сұрақ
Әр емтиханнан өту ұпайы – 60%. Емтиханды қайта тапсыру тек 60 күннен кейін ғана рұқсат етіледі

Тіркелу және емтихандарды тапсыру:
www.prmia.org арқылы онлайн тіркелу және ағылшын тілінде емтихандар тапсыру – Алматыдағы High Tech for Human, Softline Direct, ELTS LLC, т.б. тестілеу орталықтары арқылы.

Емтихандарды тапсыруға дайындалу:
Емтихандарға дайындалу «КИМЭП Университеті» БАҚ-ның кәсіптік даум бағдарламасы арқылы ұсынылады.

Оқыту орны: «КИМЭП Университеті» БАҚ, «Басқарушыларға арналған білім беру орталығы» ғимараты, жатақхананың 1-ші қабаты.

Бағасы: 150 000,00.
Курстың бағасына келесілер кіреді: оқыту, жеке оқу құралы, үлестірме мәліметтер, түскі ас және кофе үзілістері, Wi-Fi.

Курс сабақ кестесі: 9:30-17:00, түскі үзіліс – 12:30-13:30, шай/кофе үзілістері – 11:00-11:15, 15:00-15:15

Топтағы тыңдаушылар саны: кемінде 10 кісі. Ағылшын тілін Upper Intermediate деңгейінде білу міндетті.

Тыңдаушыларға қойылатын талаптар:
Әр тыңдаушыға жекеленген және тиімдірек оқыту тәсілдемесін табу мақсатымен топтағы тыңдаушылар саны шектеулі болады (10-12 кісі). Ағылшын тілін Upper Intermediate деңгейінде білу міндетті. Өзіңізде экспоненттерді және логарифмдерді есептеу функциялары бар (немесе Excel қосымшасы бар) калькулятор болуы керек.

Байланыс ақпараты:

Кәсіптік даму бағдарламасы
Басқарушыларға арналған білім беру орталығы
«КИМЭП Университеті» БАҚ
Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы, 050010, Абай даңғылы 2, КИМЭП Университеті, 101-офис,
Телефондарымыз: (727) 2704300, 2704301, ішкі нөмір 1116; факс (727) 2374802, 2374803

Байланыс ақпараты:

Malika Bakitova, BBA
Program Development Coordinator Professional Development and Certificate Programs

Tel: +7 701 763 09 30
Tel: 8 727 237-47-85 (ext. 1032)
E-mail: m.bakitova@kimep.kz
Самал Жазықбаева
Басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығы директордың орынбасары

КИМЭП Университеті Басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығы
Офис №103
Телефон: +7 (727) 237 47 87, ext. #1117
Моб.телефон: +7 (777) 002 19 16
E-mail: jsamal@kimep.kz
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы
Абай даңғылы, 4