Working hours: 9.00 am 7.00 pm, 4 Abai Avenue, Almaty, 050010

Сұлтан Сахариев

SultanS

Сұлтан Сахариев – халықаралық заңгерлік кеңес беру саласында үлкен тәжірибесі бар, қазақстандық мемлекеттік лицензиясына ие маман. Оның мамандану саласына корпоративтік, келісімшарт, жалпы коммерциялық және еңбек құқығы кіреді. Осыған қоса, Сұлтан жеке деректерді қорғау және электрондық коммерция мәселелері бойынша кеңес берумен айналысты.
Ол қазақстандық ірі телекоммуникация провайдерінің, көлік дистрибьютерінің және банк салаларын құқықтық тексеру процедураларына қатысқан мамандар қатарында болды. Бұған қоса, ол M&A жобаларында құқықтық қолдау көрсетті. Оның ғылыми-зерттеу қызығушылықтар қатарына жемқорлыққа қарсы заңнамалар, адам құқықтары мен ІТ технологиялары мен интернетті құқықтық реттеу кіреді. Сұлтан «Юстус» қазақстандық заң қоғамының заң кеңесшілер палатасының белсенді мүшесі және басқару органдарының құрамында. Осыған байланысты ол адвокаттық/заңгерлік қызметті реттеу бойынша заң шығару қызметіне белсенді қатысады.