Алина Давар – академиялық жетістіктері үшін берілетін КИМЭП стипендиясының иегері. Ол алдымен Заң факультетінің ғылыми-зерттеу ассистенті ретінде қызмет атқарып, КИМЭП Заң клиникасының негізін қалағандардың бірі болды. Сонымен қатар, Алина КИМЭП-те БҰҰ-ның Қазақстандық моделі сайысының тұрақты қатысушысы мен жеңімпазы болды. Оның белсенді заңгерлік практикасына қоса ол алты жыл заң факультетінде адъюнкт оқытушы ретінде қызмет атқарып, ерікті түлек ретінде менторлық бағдарламасын басқарып отырды. Соңғы жылдары оның кәсіби қызметі коммерциялық құқық, активтерді басқару және ақпрараттық технологияларға негізделген халықаралық холдингтік компанияларға құқықтық кеңес беруге негізделді. Алина КИМЭП Университетінің тұңғыш практика профессоры атағындағы оқытушысы болып табылады.