evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

Ричард Линстром, Esq.

Richard- LS website (1)

2022 жылы КИМЭП-тегі қызметіне қосылмас бұрын ол халқаралық академиялық байланыстар саласының кеңесшісі қызметін атқарған. Соңғы уақыттарда Камбоджа және Вьетнамда декандық қызметінен басқа, ол Лас-Вегастағы Невада Университетінің (ЛВНУ) Сингапурдағы филиалының кампусын үш жыл бойы басқарған болатын, ал бұған дейін жеті жыл бойы Невада Университетінің вице-президенті және негізгі заң кеңесшісі қызметін атқарған.
Д-р Линстром Невада штатының бас прокуротурасында он жылдай бірқатар қызметтерді атқарды, оның ішінде Бас солиситордың көмекшісі және Лас-Вегастағы кеңсесіне жауапты бас прокурордың бірінші орынбасары лауазымында. Линстром өзінің заңгерлік қызметін Американың Гаваи штатында Гонолулу прокурорының орынбасары ретінде бастады. Кеіннен қылмыстық істер бойынша және апелляциялық соттағы жеке адвокаттық практикасымен айналысты.