evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

Д-р Рустам Атаджанов

Richard-LS-website-1 (1) (1)

Рустам Атаджанов – Өзбекстан (Қарақалпақ мемлекеттік университеті, 1999-2003), АҚШ (Коннектикут университетінің заң факультеті, 2005-2006) және Германияда (Гамбург университеті, 2014-2018) құқық мамандығы бойынша білім алды. 2007-2014 жылдар аралығында ол Орталық Азиядағы Қызыл Крест халықаралық комитеттің аймақтық өкілдігінде түрлі қызметтер атқарды, оның ішінде заңгер-кеңесші лауазымында жұмыс істеді. Доктор Атаджанов белсенді зерттеуші және Орталық Азиядағы құқық және практика мәселелері, халықаралық жария құқығы, халықаралық қылмыстық құқық, халықаралық гуманитарлық құқық, адам құқығы, құқық теориясы, конститутциялық құқық, қылмыстық және дипломатиялық құқық мәселелері бойынша бірқатар еуропалық және азиялық ғылыми журналдарда жарияланып отырады. Ол бірнеше академиялық периодикалық басылымдардың редакторы және бірлескен редакторы болып табылады, оның ішінде Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар бойынша Орта-Азиялық жылдық пен Украина құқығына шолу, сонымен қатар халықаралық құқық саласындағы бірқатар қауымдастықтар мен қоғамдардың мүшесі болып табылады.
Заң факультетінде оқытатын пәндері:
– Мемлекет және құқық теориясы;
– Қазақстанның конституциялық құқығы;
– ҚР қылмыстық құқығы: жалпы бөлімі;
– ҚР қылмыстық құқығы: ерекше бөлімі;
– Халықаралық келісімшарттар құқығы;
– Халықаралық жария құқық;
– Халықаралық адам құқықтары құқығы
– Халықаралық қылмыстық құқық;
– Халықаралық гуманитарлық құқық;
– Дипломатиялық және консулдық құқық;
– Халықаралық құқық тарихы

Email: r.atadjanov@kimep.kz