evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

ЖАНАТ АЛИМАНОВ

Alina-Davar-2

Жанат Алиманов – заңсыз жолмен табылған қаражатты заңдастыруға қарсы (заңсыз капиталды қайтару), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, корпоративтік басқару, копративтік этика және корпоративтік құқық саласында 14 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық заңгер. Оның докторлық диссертациясы заңсыз жолмен табылған капиталды заңдастыруға (заңсыз капиталды қайтару) қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ережелер мен елдердің заңнамасы мәселелері, сондай-ақ қаржылық қылмыстарға көмектесу және оларға қарсы іс-әрекет етудегі заңгерлердің рөлі қарастырылған.

2013-2018 жж.аралығында Жанат Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) мен Қазақстанның Инвестициялық Қорының (ҚИҚ) Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі, ҚДБ корпоративтік этика мәселелері жөнінде жауапты ҚДБ Омбудсмені, сонымен қатар ҚИҚ Аудит жөніндегі Комитет төрағасы болған.

Жанат АҚШ-тың Нью-Йорк штатында заңгерлік қызмет көрсетуге құқылы маман болып табылады.

Докторлық диссертация тақырыбы: “Заңсыз Жолмен Табылған Капиталы бар Мәмілелердегі Заңгерлердің Рөлі: АҚШ, Қытай және Ресейдегі Заңнамалар мен Практиканың Салыстырмалы Талдауы.”

Ғылыми зерттеу салалары: Заңсыз жолмен табылған капиталды заңдастыруға (заңсыз капиталды қайтару) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет.