2018 жылғы 25-27 сәуір аралығында Университетте институционалдық қайта аккредиттеу шеңберінде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА, https://iqaa.kz/) сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс істейтін болады.
Комиссияның жұмыс бағдарламасына академиялық сабақтарға қатысу, университет басшылығымен, декандармен, ПОҚ мүшелерімен және әкімшілік қызметкерлермен кездесулер; бакалавриат студенттерімен, магистранттармен және докторанттармен, жоо түлектерімен және жұмыс берушілермен сұхбаттасулар; өндірістік практика базасына, университет кітапханасына бару кіргізілген.
Сараптау комиссиясының құрамына білім беру саласындағы жоғары дәрежелі мамандар кірген: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры Ләззат Еркінбаева – сарапшы тобының жетекшісі; шетелдік сарапшылар: Мишель Вера – Нидерланы және Фландрияның аккредиттеу ұйымы – NVAO; Филип Шорн – Рейн-Ваальского қолданбалы ғылымдар университетінің декан орынбасары (Германия); Мечислав Соча – Польша аккредиттеу комитеті; жұмыс берушілер мен студент қауымының өкілдері: Ғани Тасмағамбетов – Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры; Талғат Нұрмашев – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің екінші жылғы магистранты, мамандығы – «Қаржы», және Айгүл Тәжібаева – БСҚА аналитика және сапа департаментінің директоры.