Құрметті КИМЭП Университетінің қауымдастығы,
Өткен апта ішінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауыр толқулар орын алды. Республиканы мен толық негізде қолдайтын қабілетті, әрі білікті көшбасшылар басқарып отыр, осы себепті тез арада бейбітшілік пен тұрақтылықтың қалпына келетіндігіне сенімдімін. Алматы өзінің бұрынғы қалыпты өмір ырғағына оралу үстінде. КИМЭП Университеті тәртіпсіздіктер нәтижесінде еш зардап шеккен жоқ. КИМЭП Университетінің президенті ретінде студенттерге жоғары дәрежелі білім беру қызметтерін ұсыну үшін бар мүмкіндіктерді қолдануымызды жалғастырамыз деп сеніммен айта аламын.
Сонымен қатар, 2022 жылғы көктемгі семестрдің басталуына шегеруден кейін білімдік қызметке қайта оралу туралы хабарлаймын. ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық жоо-ларда білім беру қызметі 2022 жылғы 24 қаңтарда басталатындығы туралы жариялады – бұл күні жаңа семестрде сабақтар басталады.
ҚР БҒМ ұйғарымына сәйкес, көктемгі семестрде білім алу 24 қаңтар күні онлайн форматта басталады. Қазіргі таңда Министрлік білім алуды 6 ақпанға дейін онлайн форматта жүргізуді ұйғарып отыр.
КИМЭП Университеті Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын бұлжытпай орындайды. Орын алып отырған коронавирус жағдайын ескеретін болсақ, мемлекеттік органдардың өкімдері өзгеруі мүмкін – біз барлық өзгерістер туралы хабардар етіп отыратын боламыз.
Өзіңіз бен жақындарыңызды коронавирустан қорғау мақсатында барлықтарыңызды вакцинациядан өтуге, оның ішінде қолжетімді екінші вакцинациядан өтуге шақырамын.
Құрметпен,
Чан Йан Бэнг, Ph.D.
КИМЭП Университетінің президенті
1406 – коронавирус бойынша ыстық желі
COVID-19 жоғары назардағы объектілер картасы https://egov.kz/cms/en/articles/covid-map