evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
slider (7)

KIMEP Intellectual Olympiad

Өтініш қабылдау мерзімі: 1 Наурыз 2023

Тіркелу

Қүрметті мектеп және колледж тұлектері!

КИМЭП Университетінің Зияткерлік Олимпиадасына тіркелудің басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Олимпиада 2023 жылдың 19 наурызында Алматыдағы КИМЭП университетінің аумағында өткізіледі.   Бұл сіз үшін математика, тарих және жазу сияқты пәндер бойынша біліміңіз бен дағдыларыңызды көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Бұл іс-шара олимпиаданың барлық қатысушылары үшін қызықты және ақпараттық тәжірибе болуға уәде береді. Ең бастысы, жеңімпаздар КИМЭП Университетінде 4 академиялық оқу жылына берілетін 100% немесе 50% грантпен марапатталады.

Егер сіз “Юриспруденция” немесе “Халықаралық құқық” мамандықтарына түсуді жоспарласаңыз, Пікірталас Турнирі туралы толық ақпаратты келесі сілтемеден қарай аласыз.

Бэнг атындағы бизнес факультетінің (BCB): “Менеджмент”, “Маркетинг”, “Қаржы”, “Есеп және аудит”, “Ақпараттық жүйелер”, Әлеуметтік ғылымдар (CSS): “Экономика, “Халықаралық қатынастар, “Журналистика”, “Мемлекеттік және жергілікті басқару” және Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультеттерінің (CHE): “Шет тілі: Екі шет тілі”, “Аударма ісі және кәсіби коммуникация”, “Когнитивтік ғылымдар”, “Психология” бағдарламалары бойынша өтетін олимпиаданың мазмұны туралы қосымша ақпаратты біздің парақшамызда таба аласыз немесе электрондық пошта finaid@kimep.kz мен Whatsapp 8 707 970 4316 арқылы хабарласып, сұрақтарыңызды қоя аласыз.

Өзіңіздің білімізді сынай отырып, Қазақстанның ең жарқын және талантты студенттерімен бәсекелесу, сондай-ақ сіздің оқуыңызды қамтитын грант алу мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз. Қазір тіркеліп, осы зияткерлік олимпиаданың бір бөлігі болыңыз!

Конкурсқа тіркелу 2023 жылдың 1 наурызында жабылады, белгіленген күнге дайын болыңыз!

Қатысу критерийлері қандай?
  1. ҚР мектептерінің/колледждерінің түлек сыныптарының оқушысы болу
  2. Кез келген азаматтығы бар болу

Олимпиадаға қатысуға қалай өтініш бере аламын?

  1. Олимпадаға тіркеу нысанына кіріп, сұрақтарына жауап беру
  2. Жеке куәліктің/Паспорттың электрондық көшірмесін жүктеу
  3. Бітіретін сыныпта(11(12)) оқитының растайтын, Мектепте/Колледжде берілетін анықтаманың көшірмесін жүктеу
  4. IELTS/TOEFL/Duolingo сертификаттары болса, мерзімі бойынша жарамды көшірмелерін жүктеу немесе KEPT эмтиханың тапсыру.  KEPT – КИМЭП университетінің ағылшын тілінің деңгейін анықтауға арналған тегін онлайн тест. KEPT-ке тіркелу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қабылдау Комиссия бөлімімен хабарласыңыз (uao@kimep.kz , 8 707 170 42 13)
  5. Сіздің өтінішіңіздің статусын растайтын хатты бізден күтіңіз.
Олимпиадаға қатысты барлық сұрақтар бойынша Қаржылық қолдау бөліміне дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-дан 18:00-ге дейін хабарласуға болады: finaid@kimep.kz, телефон: 8 (727) 270 43 16, WhatsApp: 8 707 970 43 16.
Өтініш қабылдау мерзімі: 1 Наурыз 2023

Тіркелу