slider_powell

JOANNE POWELL: LEAD ADVISOR OF QUALITY EDUCATION DEVELOPMENT

Қазақстан мен оның аумағынан тыс елдердегі жоғары білім мамандарына бизнес-білім беруді аккредиттеу жөніндегі халықаралық сарапшы Джоан Пауэлл* тегін онлайн-вебинар өткізетінін қуанышпен хабарлаймыз!

Вебинарда спикер AACSB, AMBA, EFMD және EQUIS агенттіктерінен аккредиттеу түрлерін таныстыру арқылы халықаралық бизнес-мектептерді аккредиттеуге шолу жасайтын болады.

Вебинар Zoom платформасы арқылы 2023 жылғы 16 наурыз күні Алматы уақыты бойынша (9:00 GMT/10:00 CET) сағат 15:00 орын алады. Вебинардың ресми тілі – ағылшын, алайда орыс және қазақ тілдеріне синхронды аударма қолжетімді болады.

Вебинарға тіркелу үшін төмендегі сілтеме бойынша  өтіңіз:

https://forms.gle/tEcvmeY6Pnd8tqpe9

* Білім беру  саласы Джоан өміріндегі ең маңызды іс. Техникалық және кәсіби деңгейде бірнеше жыл қатарынан қызмет еткеннен кейін ол дипломды бухгалтер біліктілігіне ие болып, осы салада қызмет атқарды. Кеіннен қайтадан білім беру саласына оралады. 2006 жылы Джоан Ирландияның дипломды бухгалтерлер институтының мүшелігіне қабылданып, қызметін оқу бағдарламаларын әзірлеу менеджерінен бастап, содан соң оқу бағдарламалары мен бағалау бөлімінің жетекшісі қызметіне дейін жетті. Осы мерзім аралығында ол практик-бухгалтерлермен және ғалымдармен оқу бағдарламаларын әзірлеу мен қайта қарастыру, дипломды бухгалтерлер курстарының тағылымдамадан өтушілерін бағалау стратегиялары мен процесстері жөнінде көп еңбек етті.

Осыған қоса, Джоан Пауэлл DISC (DISC әдістемесі бойынша тұлғалық профильдеу)  сертификатталған тренері және көшбасшылық курстарының ұйымдастырушы-педагогы болып табылады. Оның көшбасшылық философиясы бойынша шынайы көшбасшылық тұлғаның жеке қасиетіне негізделуі тиіс. Ол осы философиясын, яғни жалпы тиімділік пен нәтижелілікті арттыру үшін адамдардың негізгі сипаты мен құндылықтарын терең түсінуге ерекше көңіл бөле отырып   “QED” (жоғары білім саласындағы кеңес беруші компания) көшбасшылық портфеліне қосылады.

Джоан – білім беру, оқыту және бағалау саласында мол тәжірибесі бар оқыту және дамыту маманы болып табылады. Ол – халықаралық аккредитацияға ұмтылатын бизнес-мектептермен ауқымыды қызметіне қоса, жоғары білім беру саласындағы топ-менеджерлерге арналған сертификатталған бизнес-тренер қызметін атқарады.

Джоан қиыншылықтарды анықтау және практикалық шешімдерді табу үшін топтармен және комитеттермен сәтті жұмыс істейтін тәжірибелі коммуникатор ретінде танымал. Ол QED-ке 2015 жылы қосылып, ұйымның қызметінде білімді дамыту және компаниялар мен клиенттер үшін ұтымды шешімдер табуда өзінің таптырмас күш-жігері мен іскерлік қайратын барынша жұмылдырып отыр.