Alumni Reunion Slider (2)

Түлектер кездесуі

Құрметті Түлектер,

Сіздерді Алматы қаласында өтетін Түлектер кездесуіне шақырамыз! Бұл – бір-бірімізбен қайта байланысып, естеліктермен бөлісіп, ортақ саяхатымызды атап өтудің ерекше сәті!

Алматыдағы Түлектер кездесуі
Күні: 2024 ж. 8 қараша
Уақыты: 18:30
Кездесу орны: KIMEP Университеті, Жаңа Академиялық Ғимарат, 2ші қабат

Биылғы кездесу инновация мен кәсіпкерлікке арналады, түлектерге бизнес идеяларын ұсынуға арналған алаң беріледі!

Іс-шараның ерекшеліктері:
• KIMEP Alumni Endowment Fund презентациясы және марапаттау
• Түлектердің бизнес презентациялары
• Бизнес байланысты нығайту мүмкіндігі
• Университет жаңалықтары
• Фуршет

Біз Сіздерді шабыт, ынтымақтастық және естен кетпес естеліктерге толы кешке шақырамыз. Жоспарлауымызға көмектесу үшін 2024 ж. 7 қарашаға дейін қатысуыңызды растауды сұраймыз.

Қатысуды растау тәсілі: https://forms.gle/SnubFiTjRhLc7wR37

Бұл шақыруды басқа түлектермен бөлісуге ұмытпаңыз! Біз Сіздерді кешімізде көріп, болашағымызды қалыптастыратын қызықты идеяларды талқылауды асыға күтеміз.

Ізгі ниетпен,
KIMEP Түлектер Ассоциациясы

+7 727 2704459

alumni@kimep.kz