17 қантардан 17 ақпанға дейін КИМЭП Университетінің Құқық мектебі Animal Law KazBar комитетімен, Қазақстан жануарларды
қорғау ұйымдары альянсымен, INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығымен, Халықаралық жануарлар құқығы ҒЗИ-мен
серіктестікте және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы
жануарларды қорғау: құқықтық және этикалық аспектілер» онлайн экспресс курсын өткізбекші.

Экспресс-курс кімдер үшін жарамды болады?

Бұл курс адамдардың кең ауқымына арналған. Ол жануарлар құқығы саласындағы білімін тереңдеткісі келетіндердің барлығына,
құқық, ветеринария және басқа да мамандықтардың студенттеріне, заңгерлерге, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік
органдардың өкілдеріне ұсынылады. Қатысу тегін.

Экспресс-курстан сіздер қандай пайда таба аласыздар?
  • Қазақстанда жануарларды қорғау туралы көбірек білесіздер;
  • Елімізде қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жүйесі қалай қызмет ететінін түсінесіздер;
  • Жануарларға қарау мәселелерді заңнамалық реттеуді түсінесіздер;
  • Жануарларға қарау мәселелеріндегі мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар қандай қызметтер
    атқаратындығын айқындайсыздар;

Курсты бітіргеннен кейін сізге сертификат алу мүмкіндегі беріледі. Ол үшін сізге 10 семинардың барлығына қатысып,
қорытынды тесті тапсыруға қажет болады.

Экспресс-курс баяндамашылары

Экспресс-курстың ашылуы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің профилактикалық қызметі Әкімшілік полиция комитеті экологиялық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов мырза кіріспе сөз сөйлейді.

Тіркеу семинардың басталуына 2 сағат қалғанда аяқталады.

«Қазақстандағы жануарларды қорғау: құқықтық және этикалық аспектілер» экспресс-курстың бағдарламасы

Ченцова Ольга

Толығырақ:

«Хвостатый рай» ҚҚ, Қамқоршылар кеңесінің төрайымы, «Animal Law» KazBar комитетінің басшысы, «Aequitas» заңгерлік фирмасының басқарушы серіктесі.

Қаңтар 17, 2023

15.00 – 16.30
Жануарларды заңды түрде қорғау
Language: Russian

Коваленко Юлия

Толығырақ:

«Каре-Забота» ҚҚ президенті

Қаңтар 20, 2023

15.00 – 16.30
Жануарларға қатыгездікпен қарау үшін қылмыстық жауапкершілік.
Language: Russian

Коваленко Юлия

Толығырақ:

«Каре-Забота» ҚҚ президенті

Қаңтар 24, 2023

15.00 – 16.30
Жанураларға қатыгездікпен қарау және жануарларға қарау саласындағы басқа да заңнамаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
Language: Russian

Сарсенова Лилия

Толығырақ:

«INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы, KazBar ЗПК мүшесі

Қаңтар 27, 2023

15.00 – 16.30
Қараусыз жануарларды аулау: заңнамалық реттеу және құқықты қолдану мәселелері
Language: Russian

Снегирев Сергей

Толығырақ:

«Аманат» партиясының республикалық қоғамдық экологиялық кеңесі, INUCOBO жануарларды қорғау ұйымдарының республикалық қауымдастығы, қоғамдық қайраткер

Қаңтар 31, 2023

15.00 – 16.30
Жануарларды қарау саласындағы қоғамдық бақылау
Language: Russian

Байдельдинова Мария

Толығырақ:

PhD, КИМЭП Университеті Құқық мектебінің ассистант-профессоры, Халықаралық зооқұқық ҒЗИ директоры, KazBar ЗПК мүшесі

Ақпан 3, 2023

15.00 – 16.30
Қазақстандағы қаңғыбас жануарлардың санын реттеу. АҰВҚ
Language: Russian

Уголькова Наталья

Толығырақ:

«Добрый город» ҚҚ басшысы, журналист

Ақпан 7, 2023

15.00 – 16.30
Адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті құрамдас бөлігі ретінде иттерді әлеуметтендіру
Language: Russian

Панажайлар: заңнама және тәжірибе

Толығырақ:

Корпоративтік коммуникациялар қауымдастығының президенті, «TLK Media» ЖШС бас директоры

Ақпан 10, 2023

15.00 – 16.30
Панажайлар: заңнама және тәжірибе
Language: Russian

Мамашева Жанна

Толығырақ:

«Бұқаралық қатынас құралдары қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық жастар бірлестігі

Ақпан 14, 2023

15.00 – 16.30
Жанаурларға қарау саласындағы және қаңғыбас жануарлардың санын реттеудегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтері және жұмысы
Language: Russian

Байдельдинова Мария

Толығырақ:

PhD, КИМЭП Университеті Құқық мектебінің ассистант-профессоры, Халықаралық зооқұқық ҒЗИ директоры, KazBar ЗПК мүшесі

Ақпан 17, 2023

15.00 – 16.30
Ауылшаруашылық, хайуанатханалық, зертханалық және басқа да санаттардағы жануарларға қарау
Language: Russian