Құрметті журналистика бағдарламасына (5ВО50400) түсушілер!
Арқылы КИМЭП Университетінің қабылдау комиссиясы Сізді шығармашылық емтихандарды өткізу ережелері туралы хабардар етеді:
Өткізу күні – 2018 жылғы 8 шілде
Өткізу уақыты – сағат 10.00-12.45
Өткізу орны – № 1 зал (Жаңа академиялық ғимарат)
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін сізге 2018 жылдың 7 шілдесіне дейін келесі қадамдарды жүзеге асыру қажет:
- https://www.kimep.kz/ext/application/online/ талапкер порталы арқылы шығармашылық емтиханға тіркелу
- мектеп/колледж бітіру туралы аттестат түпнұсқасын және ҰБТ/ТКТ (бар болған жағдайда) сертификатын қабылдау комиссиясына ұсыну
Әр шығармашылық емтиханы бойнша ең жоғарғы бал – 40, ең төмен өту балы – 5 болып табылады. Шығармашылық емтиханнан 5 балдан төмен алған немесе оған келмеген тұлғалар журналистика бағдарламасына қабылданбайды. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Шығармашылық мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін ҰБТ/ТКТ бойынша Қазақстан тарихы және мәнерлеп оқу бойынша балдары есепке алынады.
КИМЭП Университетінде ақылы негізде оқу үшін ҰБТ /КТ-дан өткен ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері, яғни тестілеу нәтижелері бойынша 50 балдан кем емес, соның ішінде келесі пәндерден: Қазақстан тарихынан, математикалық сауаттылықтан, оқу сауаттылығынан – оқу тілінен 5 балдан кем емес және әрбір бейінді пән бойынша 5 балдан кем емес бал алған талапкерлерқабылданады.
Шығармашылық емтихандардың өткізу ережелері және мазмұны (эссе және жазбаша сұхбат) төменде келтірілген.
Журналистика бағдарламалары бойынша шығармашылық қабылдау емтихандары: эссе және жазбаша сұхбат
Емтихан тапсыратындар: | Журналистика бағдарламасына түсетін талапкерлер |
Емтихан тілі: | Ағылшын, қазақ және орыс тілдері |
Ұзақтығы: | 2 сағат (эссе) және 45 минут (сұхбат) |
Эссе көлемі: | 450 – 500 сөз, A4 форматтағы екі беттен кем емес |
Балдар саны: | Эссе бойынша ең жоғарғы бал – 40. Сұхбат бойынша еңжоғарғы бал – 40. |
Қысқаша сипаттамасы:
Талапкерлерге арналған эссе мақсаты – ұсынылған тақырыптардың біреуі бойынша талапкерге өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету болып табылады. Эссе талапкердің өзінің жеке өмірлік тәжірибесіне және басқа автордың емес, жеке өзінің көзқарасын көрсетуге негізделуі қажет. Эссе кіріспеден, басты идеяны ашатын негізгі дәлел келтіру бөлімінен және қорытындыдан тұруға тиіс.
Эссені бағалау критерийлері:
- Мазмұны – қазіргі таңдағы реалийді сараптау қабілеті, дәл фактілерді таңдау және қолдана білу;
- Логика – пайымдаулар мен идеяны нақты және байланысты түрде мазмұндау қабілеті;
- Құрылымы – барлық бөлімдердің логика тұрғысынан және фактілермен дәлелденген идеяның дәйекті дамуынан тұратын шығарма түрінде эссені ұйымдастыру қабілеті;
- Тіл – сөз байлығы қорын қолдану арқылы ойын нақты және салмақты жеткізу;
- Шығармашылық тәсіл – эссе ұсынылған тақырыпты талқылауда заманауи тәсілді көрсету.
Назар аударыңыз * 2018 жылғы 8 маусымдағы № 334 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, журналистика мамандығына түсетін талапкерлер журналистика бағдарламасын ұсынатын Қазақстан Республикасының кез-келген жоғары оқу орнында шығармашылық емтиханын тапсыруға құқылы. Шығармашылық емтихан қорытындысы бойынша, шығармашылық емтихан тапсырылатын орынға қарамастан, жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсу туралы өтініш берушіге үзінді көшірме беріледі. « Осылайша сізде таңдау бар – КИМЭП Университетінде немесе басқа университетте шығармашылық емтихандарды тапсыру. Тестілеуден жоғарыда белгіленген балдарды алған жағдайда, КИМЭП Университеті студенттерді журналистика бағдарламасына қабылдау мақсатымен берілген үзіндіні қабылдайды.
Егер Сіздің сұрақтарыңыз болып жатса, Қабылдау Комиссияға хабарласыңыз!
Құрметпен,
КИМЭП Университетінің қабылдау комиссиясы
050010, Алматы, Қазақстан Республикасы
Абай даңғылы 2, Достық ғимараты
телефондар: +7 (727) 270 42 13
Электрондық адрес: uao@kimep.kz
Жұмыс кестесі : дүйсенбі — жұма, 8:30 — 18:00