Өткен 2019 жылы КИМЭП Университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің бастамасы бойынша Ресей Федерациясында да, сондай-ақ дүние жүзінде де ең әйгілі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі ММХҚИ Университетімен (Мәскеу, РФ) Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Екі университеттің ынтымақтастығы ММХҚИ-дің 75 жылдық мерейтойында басталмақ екендігін айрықша атап өту керек.
Бізге мәлім, Қазақстаннның Президенті Қасымжомарт Тоқаев, сондай-ақ еліміздің көптеген басқа да белгілі мемлекет қайраткерлері ММХҚИ түлектері болып табылады.
ММХҚИ Университетімен ынтымақтастық КИМЭП Университетінің студенттері, оқытушылары мен зерттеушілері үшін бірлескен зерттеулер мен жарияланымдар, тағылымдамалар мен әртүрлі бағдарламалалар бойынша жаңа мүмкіндіктер ашпақ.