slider_site (4)

Онлайн брифинг по программе БОЛАШАК на 2021-2022

ZOOM-ға сілтеме https://zoom.us/j/91548234496

Жоғары оқу орындары

Облыстардың және Нұр-Сұлтан,

Алматы, Шымкент қалаларының

білім беру басқармалары

Ғылыми-зерттеу орталықтары

Ағымдағы жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев тағайындаған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура, резидентура) өтуді де, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен компанияларында ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді де қамтиды.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 385 стипендия магистратура бағдарламаны бойынша бөлінген, 60 стипендия докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінген, 110 стипендия педагог қызметкерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуіне арналған. 500 стипендия қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін берілетін болады.

Стипендия беруге үміткерлерге академиялық оқу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық ұсынылады.

«Болашақ» бағдарламасын ғалымдар, студенттер, профессор-оқытушылар құрамы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері арасында кеңінен ақпаратты тарату мақсатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ стипендия тағайындау қағидалары мен шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіру үшін онлайн-брифингтер өткізеді.

Сіздің ұйымыңызда брифинг ұйымдастыру үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасына + 7 (7172)76-90-84 (Мадина Атайбаева) телефондары бойынша немесе ataibayeva@bolashak.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласу қажет.