Бұл әріптестік туралы келісімшар мақсаты Қазақстан мен Орталық Азияда экономикалық дамуды нығайту, әсресе «Бір белдеу, бір жол» бастамасы қоластында инвестициялар, қаржы, жасыл және тұрақты қаржы, капитал нарығы салаларына ерекше көңіл бөлу. Аталмыш әріптестік КИМЭП студенттері мен қызметкерлері үшін капитал нарығы жөнінде білімдік семинарларған қатысу мен практикадан өту мүмкіндігін пайдалану арқылы өздерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мүмкіндігін береді. КИМЭП-тің жаңа әріптесі Tabys мобильді қосымшасын қоса алғандағы капитал нарығын қаржыландыру шешімдері мен бөлшек сауда нарығында инвестициялық шешімдері жөнінде жаңа білімдік платформасын ұсынады. АХБ-мен бірге біздің университет КИМЭП және AХБ қолданушылары үшін ортақ аналитикалық орталық құруды меңзеп отыр.
КИМЭП Университетінің жаңа әрптесі туралы қасқаша ақпарат:
Астана Халықаралық Биржасы Қазақстан және Орталық Азия аймағында капитал нарығының қоғамдық капитал мен қарызы саласын дамыту мақсатымен Астана халықаралық қаржылық орталығының (АХҚО) бір бөлігі ретінде 2017 жылы ашылды. Ұйым ағылшын жалпы құқығының негізінде құрылған және Қазақстан аумағында жеке конституциялық юрисдикциясымен АХҚО-ның нормативті-құқықтық базасы шеңберінде әрекет етеді. Биржа қызметі АХҚО шеңберінде тәуелсіз реттеуші орган болып саналатын Астана қаласының қаржылық қызметтерді реттеу басқармасымен қадағаланады. АХБ 20-дан астам жергілікті және халықаралық сауда бар экожүйесіндегі Т+2 есеп айырысу арқылы стандартты сауда жүйесін қолданады. АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы қоры мен өзінің сауда платфрмасын ұсынатын NASDAQ АХБ акционерлері болып табылады.