DSC00319

LG-дың КИМЭП студенттеріне арналған «Брендтік коммуникация құралдары» атты ашық дәрісі

КИМЭП университетінде «Брендтік коммуникация құралдары» тақырыбында ашық дәріс өтті. LG EdTech білім беру жобасы аясында ұйымдастырылған және 60-тан астам студент қатысқан шараны LG Electronics Almaty Kazakhstan корпоративтік маркетинг жөніндегі директоры Наталья Новикова жүргізді.

LG EdTech волонтерлік жобасының негізінде университет студенттерін таңдаған бағытының шынайы көрінісімен мүмкіндігінше ертерек таныстыру және одан әрі білім алуға шабыттандыру жатады.

Маркетинг және жарнама саласында 20 жылдан астам практикалық тәжірибесі бар сарапшы ретінде Наталья Қазақстанда да, жаһандық деңгейде де жүзеге асырылатын LG жобаларының мысалдарын келтіре отырып, салалық трендтер, заманауи маркетинг құралдары, соның ішінде phygital, CSR (бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі) және ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) сияқты соңғы PR коммуникация құралдары туралы айтты.

Мастер-класс қатысушылары клиенттің компаниямен, өніммен немесе қызметпен өзара әрекеттесуіне, табиғат пен қоршаған ортаға қамқорлық, денсаулық үшін тиімді үй экожүйесі сияқты брендтің негізгі хабарламаларын мақсатты аудиторияға тиімді жеткізуге көмектесетін құралдарға тәжірибелі PR маманының көзімен қарау мүмкіндігіне ие болды.

«Дәрістің негізгі бағыты компанияның оң имиджін қалыптастыру үшін PR өнерін тәжірибеде қолдану және бұл ақпаратты барынша кең аудиторияға тарату үшін әртүрлі арналарды пайдалану болды. Біздің кездесу бүгінгі студенттерді болашақта жақсы маман болуға шабыттандырды деп сенемін», – деді Наталья Новикова, LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының корпоративтік маркетинг жөніндегі директоры.

Тәжірибелік тапсырма аясында әрбір студент жігерлі ұран құруда өз күшін сынай алды, лекцияға қатысушылардың бірі инновациялық гаджет – LG PuriCare ауа тазартқыш функциясы бар киілетін масканың иесі болды. LG PuriCare™️-ның екі HEPA (High Efficiency Particulate Air) сүзгісі бар, олар бактериялардың, вирустардың және 0,1 микронға дейінгі басқа зиянды бөлшектердің 99,9%-ын ұстап қалады.

Сондай-ақ дәріс үшін компания БАҚ өкілдерінің жұмысы туралы бейнероликтер дайындады, онда студенттер теледидарда жаңалықтардың қалай жасалатынын және кәсіби радиожүргізушінің қандай дағдыларға ие болуы керектігін көре алды.