slider (2)

БҰҰ моделі & КИМЭП

КИМЭП Университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті БҰҰ Моделі халықаралық конференциясын өткізді. Бұл әлемнің ең маңызды халықаралық институттардың бірі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің симуляциясының ең танымал форматы болып табылады. ХХ ғасырдың ортасында құрылған сәтінен бастап БҰҰ Моделі жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында ең сүйікті интеллектуалды ойынына айналды. Оның себебі – әлемдік қауымдастықпен қайта қарастыруды және нақты әрекеттерді талап ететін жергілікті және жаһандық мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік беріледі.

Кезінде, шамамен 10 жыл бұрын КИМЭП Университеті Қазақстанда БҰҰ Моделін ұйымдастырушыларының алғашқысы болған. Биылғы жыл ерекше мәні бар жыл – БҰҰ Моделі КИМЭП-тегі өзінің өмірін қайта жандандырды. 2022 жылғы 20 қарашада көпжылғы үзілістен кейін бірінші БҰҰ Моделі Ұйымның бес агенттігінің өкілдігімен (Бас Ассамблея, Дүниежүзілік банк, ЮНЕП (UNEP), БҰҰ ійелдерге арналған бағдарламасы (UN Women), ЮНЕСКО (UNESCO) қайта өтті. 

Шараның аса қадірлі қонақтары және негізгі спикерлері ретінде Властимил Самек (БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаменті); Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының басшысы, Магнус Магнуссон; Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері, М.

Ананд Кришна және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жасыл және тұрақты даму институтының директоры, профессор Рафис Абазов оған қолдау көрсетті.

 

77 қатысушы, Бас хатшы, комитеттердің төрағалары мен тең төрағалары, соның ішінде Ауғанстан, Ұлыбритания, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Мексика, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан сияқты әртүрлі елдердің нақты өкілдері, Алматы қаласының әртүрлі университеттерінің өкілдері, сондай-ақ Алматы НЗМ , өздерінің емес, БҰҰ-ға мүше елдердің өкілдері ретінде комитеттерде жұмыс істеді.

 

Талқыға түскен басты тақырыптар: «Жаһандық энергетикалық күйзеліс» (БҰҰ Бас Ассамблеясы); «Бүгінгі таңдағы тұрғын үй мәселесі» (Дүниежүзілік банк); «Адам және биосфера» (ЮНЕП), «Қарулы қақтығыстардағы әйел құқықтары» (БҰҰ әйелдерге арналған бағдарламасы); «Lingua franca басымдылығының салдарынан тілдерге қауіп-қатердің төнуі» (ЮНЕСКО).

 

Ұйымдық құрылымы мен 2022 ж. КИМЭП Университетіндегі БҰҰ Моделінің жеңімпаз номинациялары. 

 

Бас хатшы – Дана Нұрғазинова

ЮНЕСКО:

Төрайым: Айзере Әбішева

Тең төрайым: Аружан Зейнуллаева

Үздік делегат: Жания Әбдіқадыр, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

Аса көрнекті делегат – Зинат Абдукаримова, Алматы НЗМ

Үздік позициялық парақ – Алена Тимофеева, КИМЭП Университеті 

Дүниежүзілік Банк

Төраға: Мағжан Әтірхан

Тең төрайым: Әмина Зауренбек

Үздік делегат: Шыңғыс Мусин, КИМЭП Университеті 

Үздік делегат – Жандос Хакимов, КИМЭП Университеті 

Үздік позициялық парақ – Айдана Алдабергенова, КИМЭП Университеті 

БҰҰ әйелдерге арналған бағдарламасы (UN Women)

Төрайым: Айнур Мередова

Тең төрайым: Эльмира Мұқанова

Үздік делегат – Дильназ Наукенова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ең көрнекті делегат – Айша Шарипова, КИМЭП Университеті 

Үздік позициялық парақ – Сағыныш Маматова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЮНЕП (UNEP)

Төрайым: Аружан Амангельды

Тең төрайым: Айя Сияз

Үздік делегат – Мадина Махаматқұлова, КИМЭП Университеті

Ең көрнекті делегат – Дархан Ахметов, Алматы НЗМ

Үздік позициялық парақ – Әйгерім Құлмұхамедова, КИМЭП Университеті

БҰҰ Бас Ассамблеясы

Төрайым: Сабина Турсунбаева

Тең төраға: Вахид Валижанов

Үздік делегат – Энрике Лопез де ла Пенья, КИМЭП Университеті

Ең көрнекті делегат – Таврат Нурахметов, Туран Университеті

Үздік позициялық парақ – Айдын Айтбек, КИМЭП Университеті, 2022 жылғы түлек

БҰҰ 2023 улгiciнде кездескенше!

Өскертпе авторы: Жамиля Утарбаева