slider (4)

BCB ACCREDITATION SEMINARS

Құрметті әріптестер!

Бэнг атындағы бизнес факультетінің (КИМЭП Университеті) деканы д-р Неджат Чапар мен халықаралық бизнес факультетінің (Хейлбронн қолданбалы ғылымдар университеті) халықаралық бизнес білімін аккредиттеу жөніндегі сарапшысы Мария Левченко Қазақстан мен оның аумағынан тыс елдердегі жоғары білім мамандарына арналған онлайн вебинарын өткізуге келісім бергенін қуанышпен хабарлаймыз!

Аталмыш вебинарда спикерлер EFMD (Менеджментті дамытудың еуропалық қоры) бағдарлама аккредитациясына алғаш рет қол жеткізу тәжірибесімен бөліседі.

1 сағаттық вебинар Zoom жүйесінде 2023 жылдың 6 сәуірінде Алматы уақыты бойынша сағат 15.00-де (Хейльбронн уақыты бойынша 11:00) өтеді. Вебинардың ресми тілі – ағылшын тілі, орыс және қазақ тілдеріне ілеспе аударма қолжетімді болады.

Вебинарға тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз:

*Д-р Неджат  Чапар жақында Орталық Азиядағы EFMD бағдарламасының аккредитациясын алған алғашқы бизнес мектебі болған Бэнг атындағы бизнес факультетінің деканы болып табылады. 2022 жылдың маусым айында КИМЭП Университеті SDG және жауапты басқару тәжірибесі мен білім беруді қолдайтынын көрсете отырып, БҰҰ-ның PRME (Жауапты басқару білімі қағидалары) ресми мүшесі атанды.

** Мария Левченко – Хейльбронн қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) Халықаралық бизнес факультетінің халықаралық аккредиттеу жөніндегі маманы. Мария 2021 жылы «EFMD аккредиттелген» сапа белгісін алған Халықаралық бизнес – мәдениетаралық зерттеулер бакалавриат бағдарламасына арналған EFMD аккредиттеу процесін үйлестіреді. Ол өз тәжірибесімен бөлісуді және осыған қатысты қызықты саяхаттағы ең маңызды сабақтар туралы айтып беруді асыға күтеді.
poster_page-0001