evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
WhatsApp Image 2024-06-20 at 13.43.19

EEC-дың АҚ “Қаражанбасмұнай” (Ақтау) компаниясының кеңсесіне сапары

КИМЭП Университетінің Executive Education Center (Басшы кадрларға арналған білім беру орталығы) елдің жетекші компанияларының кадр резервтерін кәсіби дамытуға ықпал етуді жалғастыруда.

 

2024 жылғы 31 мамырда Ақтау қаласында 2014 жылдан бастап КИМЭП Университетінің оқу бағдарламаларында жоғары кадрлық құрамды оқытатын университеттің ұзақ мерзімді серіктесі АҚ “Қаражанбасмұнай” басшылық құрамы мен қызметкерлері үшін Mini MBA бағдарламасын халықаралық сертификаттауды тапсыру салтанатты рәсімі өтті!

 

Биылғы оқу жылында 20 маман осы курсты сәтті аяқтап, біліктілігін арттырып, жаңа мансаптық өсуге және бүгінгі кәсіби сынақтарға дайын екендіктерін растады.

 

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде АҚ “Қаражанбасмұнай” Бас директоры, Марат Елеусінов мырза, және Бас директордың орынбасары, Лю Цинго мырза, қатысты. Олар компанияның стратегиясындағы осы қадамның персоналды және жалпы бизнесті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

 

Mini MBA бағдарламасының аяқталуы біздің ынтымақтастық жолындағы алғашқы кезең ғана болды. Бұдан әрі әріптестік шеңберінде АҚ “Қаражанбасмұнай” қызметкерлері біздің білім беру орталығымен бірге өздерінің кәсіби жетілдірілуін жалғастыра отырып, Executive MBA бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі.

 

Біз өз студенттеріміз бен тыңдаушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз және оқу барысында алған жаңа білім мен дағдылар өз мансабының да, жалпы компанияның да өсуі мен өркендеуі үшін күшті іргетас болатынына сенімдіміз.

 

Түлектерді құттықтаймыз және оларға болашақ жетістіктерінде табыс тілейміз!

 

WhatsApp Image 2024-06-20 at 13.42.52 (1)

WhatsApp Image 2024-06-20 at 13.42.52 (2)

WhatsApp Image 2024-06-20 at 13.45.07

WhatsApp Image 2024-06-20 at 13.41.12