Бір күнге құқық мектебінің студенті
Құрметті абитуриенттер,
Сіздерді КИМЭП Университетінің Құқық мектебінде білім алуды қарастырып жатқандарыңызға қуаныштымыз.
Бұл іс-шара жоғары сынып оқушыларына бір күнге заң факультетінің студенті болып көруге арналған. Оған қатысу арқылы сіз Құқық мектебінің атмосферасына еніп, болашақ юристтердің қалай оқитынын көре аласыз.
Сізге мүмкіндік беріледі:
- Заң мектебінің оқу жобаларымен танысу;
- Оқытушылар құрамымен кездесу;
- Өз сұрақтарыңызды қою;
- Студенттік ұйымдар мен оқытушылар ұйымдастырған іс-шараларға қатысу.
Сонымен қатар, сіздерді сергітулер мен қызықты сыйлықтар күтеді.
Біз сіздерді іс-шарада күтеміз және құқық білімінің әлеміне алғашқы қадамыңызды жасауға көмектесуге дайынбыз!
8 сәуір
10:30 – 11:00 – Қарсы алу және танысу
Шараға келіп, ыңғайлы жайғасып, факультетпен танысыңыз – декан мен студенттермен танысып, кішігірім тосынсыйға ие болыңыз
11:00 – 11:50 – Заң клиникасына саяхат: клиника директоры д-р Серьгий Панасюкпен танысу және жаңа мүмкіндіктеріңізді ашу
12:00 – 12:50 – Жануарлар құқығын қорғау саласына д-р Мария Байделдинованың «Жануарлар құқығын қорғау жөніндегі заңгер болу – әрқашан кінәсіз клиенттерді қорғау» атты дәрісімен шолу жасап, оның әсеру мен мансап мүкіндіктермен танысып, Миша есімді пудельмен жүздесіңіз.
13:00 – 14:00 – Түскі үзіліс және еркін әңгіме (Study Room)
15 сәуір
15:30–16:00 — Қарсы алу және танысу
Шараға келіп, ыңғайлы жайғасып, факультетпен танысыңыз – декан мен студенттермен танысып, кішігірім тосынсыйға ие болыңыз
16:00–17:00 — Қалаған сұрағыңызды қойыңыз. Халықаралық құқықтағы мансап жолдары
Халықаралық құқық пен құқық ғылым саласындағы мансап жөнінде Сергей Саяпинмен бейресми сұрақ-жауап сессиясы. Сұрақтарыңызды дайындап, қызығушылығыңызды танытыңыз!
17:00–19:00 — Кино кеші: «Еліктіру заңдылығы» (Laws of Attraction)
Құқықтық классиканы пицца мен жеңіл тағамдармен бірге тамашалап, заң факультетінің студенттерімен пікірталасқа қатысыңыз.
22 сәуір
Таңғы бағдарлама:
09:30-10:00 — Қарсы алу және танысу
Шараға келіп, ыңғайлы жайғасып, факультетпен танысыңыз – декан мен студенттермен танысып, кішігірім тосынсыйға ие болыңыз
10:00-12:00 — ШЫҰ моделінің симуляциясы: д-р Әйгерім Мұсабалиновамен халықаралық келіссөздерге қатысыңыз: Шанхай ынтымақтастық ұйымы моделінің ашылу сессиясын бақылап, болашақ заңгерлердің елдерді қалай таныстырып, маңызды мәселелерді талқылап, халықаралық шешім қабылдауға қатысатынын көріңіз.
12:00–13:00 — Құқық саласындағы ағылшын тілі: құқық мектебінің студенті ретінде ағылшын тілін үйрен
Д-р Ракия Тоқсанбаевамен тәжірибелік тапсырмалар мен өмірлік жағдайлар арқылы құқықтық тіл дағдыларыңызды жетілдіріңіз.
13:00 – 14:00 – Түскі үзіліс және еркін әңгіме (Study Room)
Түстен кейінгі бағдарлама:
12:30-13:00 — Қарсы алу және танысу
Шараға келіп, ыңғайлы жайғасып, факультетпен танысыңыз – декан мен студенттермен танысып, кішігірім тосынсыйға ие болыңыз
13:00–14:15 — Деликт құқығы (Tort Law): практикалық сабақ
Проф. Сұлтан Сахариевпен интерактивті сабаққа қатысып, сот процесін модельдеу мен практикалық дағдыларды меңгеріңіз.
14:30–15:30 — Орталық Азиядағы халықаралық құқық: интерактивті сессия
Д-р Сергей Саяпинмен динамикалық дәріс — тікелей талқылау, сауалнама және аймақ бойынша өзекті талдаулар.
15:30–16:00 — Түскі ас және бейресми әңгіме
Үзіліс жасап, жеңіл тамақтанып, еркін ортада пікір алмасыңыз.
16:00–16:30 — Заң клиникасының ішінде
Клиника директоры д-р Сергий Панасюкпен танысып, клиниканың қалай жұмыс істейтінін және оның практикалық тәжірибеңізге қалай әсер ететінін біліңіз.
29 сәуір
Таңғы бағдарлама:
09:30–10:00 — Қонақтардың келуі және таныстыру сессиясы
Декан және студенттермен танысып, құқық мектебінің ғимаратын аралап, шағын сыйлықтар алыңыз.
10:00–10:50 — Рим құқығы: шынайы сабаққа қатысу
Проф. Арман Шәйкеновпен бірге құқықтың негізгі қағидалары қалай оқытылатынын өз көзіңізбен көріңіз.
11:00–11:50 – Қазақстанның құқықтық жүйесіне кіріспе және заңгерлік қызмет: Д-р Мария Байделдиновамен бірінші курс сабағына қатысу
12:00 – 12:50 — Түскі ас және бейресми әңгіме
Демалып, жеңіл тамақтанып, еркін ортада байланыс орнатыңыз.
Түстен кейінгі бағдарлама:
14:30–15:00 — Қонақтардың келуі және таныстыру сессиясы
Декан және студенттермен танысып, құқық мектебінің ғимаратын аралап, шағын сыйлықтар алыңыз.
15:00–17:00 — Кітап таныстырылымы және талқылау: «Құқықтың жалпы теориясы»
Д-р Рустам Атаджановтың жаңадан жарық көрген оқулығының тұсаукесеріне қатысыңыз. Аталмыш оқулық заң ғылымына қосқан қомақты үлес қатарына жатады. Тұсаукесерді студенттерімізге сабақ беретін және тәлімгерлік ететін автордың өзі ұсынады. Сессияға презентация, сұрақ-жауап және кофе үзілісі кіреді – бұл заң ғылымымен танысудың тамаша мүмкіндігі.
17:30–18:30 — Жаттықпа сот процесінің командалары: жарыс және жетістік
Жаттықпа сот процесінің командаларымен танысып, олардың халықаралық байқауларға қатысып, шешендік дағдыларын қалай дамытатынын білетін боласыз.
5 мамыр
13:00–13:30 — Қонақтардың келуі және таныстыру сессиясы
Декан және студенттермен танысып, құқық мектебінің ғимаратын аралап, шағын сыйлықтар алыңыз.
13:30–14:30 — Сот залынан тыс құқық
Доктор Николас Замбрана-Тевармен дауларды шешу бойынша тартымды әңгімеге қосылыңыз — сот ісінен бастап арбитражға дейін — заңгерлік қызметтен тыс жерде құқықтық сауаттылықтың неліктен маңызды екенін біліңіз.
14:30–16:00 — Заңгерлермен шәй ішу
Д-р Рақия Токсанбаевамен құқық саласындағы ағылшын тілі сабағының қорытындысын шай, жеңіл тағамдар, қызықты әңгіме және интерактивті ойындармен бірге атап өтіңіз.
Декандармен кездесулер
4 ақпан 2027
Бизнсе факультетінің деканымен кездесу
18.30-20.30
оффлайн
Уәлиханов ғимараты Тенгри холл
Тіркелу
4 ақпан 2027
Компьютерлік ғылымдар және математика факультетінің деканымен кездесу
18.30-20.30
оффлайн
Уәлиханов ғимараты Тенгри холл
Тіркелу
11 ақпан 2027
Әлеуметтік ғылымдары факультетінің деканымен кездесу
18.30-20.30
оффлайн
Уәлиханов ғимараты Тенгри холл
Тіркелу
18 ақпан 2027
Білім беру және гуманитарлық ғылымдары факультетінің деканымен кездесу
18.30-20.30
оффлайн
Уәлиханов ғимараты Тенгри холл
Тіркелу
25 ақпан 2027
Құқық мектебінің деканымен кездесу
18.30-20.30
оффлайн
Уәлиханов ғимараты Тенгри холл
Тіркелу
Байланыс ақпараты
КИМЭП Университетінің студенттерді тарту және қабылдау бөлімі сапалы жоғары білім алуға қызығушылық
танытатын талапкерлерді университеттің маңызды іс-шараларына қатысуға шықырады
Барлық іс-шаралар жыл сайын өткізіледі де, болашақ КИМЭП студенттеріне оқу бағдарламалары және маманданулар,
әрі университетке оқуға түсуге қойылатын талаптар мен ережелер туралы толығырақ білуге және туындаған
сұрақтардың барлығына жауап алуға көмектеседі.
Іс-шаралар және оларды өткізу күндері туралы толығырақ ақпарат алу үшін тиісті тарауға кіріңіз.
Сонымен қатар сіз нысанды толтырып КИМЭП Университетінің маңызды іс-шаралары туралы жаңалықтар жіберіліміне жазыла аласыз.
Байланыс ақпаратымыз:
КИМЭП Университетінің студенттерді тарту және қабылдау бөлімі
050010, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Абай даңғылы 4, Уәлиханов ғимараты
Телефон: +7 (727) 270 42 13, +7 (727) 270 42 48, +7 707 505 42 13.
WhatsApp: +7 (707) 170 42 13
Бакалавриат бағдарламалары: uao@kimep.kz
Магистратура бағдарламалары: gao@kimep.kz
Докторантура бағдарламалары: phd@kimep.kz
Болашақ заңгерлер мен халықаралық құқық саласындағы мамандарға арналған КИМЭП-тің мектептік пікірталас
гранд турнирі
Мектептік пікірталас гранд турнирі — бұл болашақ талапкерлер үшін өздерінің интеллектуалдық мүмкіндігін және
шешендік қабілеттерін көрсетуге, сондай-ақ 6В04201 Халықаралық құқық және 6В04202
Құқықтану бағдарламалары бойынша КИМЭП Университетінде 1 оқу жылына 100% және 50%
грант иегері атанудың бірегей мүмкіндігі.
Турниді өткізу мерзімдері (2022):
11 мамыр, дүйсенбі, 23:59 – турнирға тіркеудің аяқталуы
13 мамыр, жұма – шақыруды жіберу және қатысушыларды растау
14 мамыр, сенбі – турнирді ұйымдастыру бойынша алдын-ала кездесу (бриф)
21 мамыр, сенбі – Бірінші тур
22 мамыр, жексенбі – Екінші тур
Турнирді өткізу орны:
Алматы қ., Абай даңғ. 4, КИМЭП Университеті
Турнирге қатысу талаптары:
- Кез келген азаматтығы бар Қазақстан Республикасы мектептерінің бітіруші сынып оқушылары;
- Кез келген азаматтығы бар Қазақстан Республикасы колледж түлектері.
Қатысушыларды тіркеу
Пікірталас турнирі – бұл командалық турнир. Бір команда 2 адамнан тұрады. Мектептік пікірталас гранд
турниріне қатысу үшін команданы КИМЭП Университетінің сайтында мына
жерде тіркеу қажет.
Турнирге қатысуға өтініш беру нұсқаулары:
1-қадам. Өзіңізге серіктес табыңыз.
2-қадам. Команданы тіркеу үшін сілтеме бойынша өтіңіз. Командадағы екі қатысушының біреуі
ғана тіркеуді жүзеге асыратындығына көз жеткізіңіз.
3-қадам. Тіркеу формасындағы барлық бос орындарды толтырыңыз – команда атауы, әрбір
қатысушының байланыс мәліметтері.
4-қадам. Барлық жаңалықтар мен хабарландырулардан, дебат форматы мен ережелерінен хабардар
болу, сондай-ақ ұйымдастыру ережелерін түсіну үшін осы
сілтеме бойынша турнирдің Telegram арнасына жазылыңыз.
5-қадам. Турнир шешімдеріне дайындалу үшін арнаны мұқият қадағалаңыз.
Турнир командаларының максималды саны өтініштер санына байланысты болады – 16 команда (32
қатысушы) немесе 32 команда (64 қатысушы). Кеш тіркелген командалар турнирдің Wait-list-не
енгізіледі. Сіздің командаңыздың қатысуын растау шақыру хатында жіберілетін болады.
Пікірталас форматы
Турнир екі турдан тұратын парламенттік пікірталас форматында өтеді. Бірінші тур екі іріктеу раундынан
тұрады. Екінші тур да 2 раундтан – іріктеу турларында үздік қорытындылары бар командалар ғана қатыса алатын
жарты ширек пен финалдан тұрады.
Пікірталас раунды бірнеше палатадан (бөлмеден) тұрады. Палата Үкімет немесе Оппозиция
рөлдерін ойнайтын екі командадан тұрады. Үкімет немесе Оппозиция рөлі раундты жариялау
алдында кездейсоқ түрде анықталатын болады. Үкімет пен Оппозиция пікірсайыс раундында талқыланатын
мәлімдеме, яғни қарар жөнінде пікірсайысатын болады.
Палата спикерлерінің сөз сөйлеуі сегіз минут регламентімен шектелген. Пікірталасушылар палата судьясы болып
табылатын спикердің рұқсатынан кейін кезектесіп шығатын болады. Пікірталас форматының толық сипаттамасын
турнирдің Telegram-каналындағы
сілтемесінен оқи аласыздар.
Төрешілік
Турды бағалау спикерлердің сөзінің мазмұнының жүйелілігі, өзектілігі және маңыздылығы критерийлеріне
негізделеді. Судья рөлін КИМЭП Университеті Заң факультетінің профессорлары мен адъюнкттері, сонымен қатар
университеттің үздік студенттері атқарады. Турнирдің Үздік спикерін анықтау үшін шешендік
өнер 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағаланады. Пікірталасиы бағалаудың толық сипаттамасын турнирдің Telegram-каналындағы сілтемесінен оқи
аласыздар.
Пікірталастарды ұйымдастыру
14 мамырда турнирдің барлық тіркелген қатысушыларымен алдын ала кездесу өтеді,
қатысу қатаң талап етіледі. Барлық жаңалықтар, онлайн және офлайн кездесулер, басқа да оқиғалар ресми
Telegram арнасында жарияланады.
Аудитория нөмірі мен турнир кестесі көрсетілген шақыру хаты 2022 жылдың 12-13 мамырында
электрондық пошта арқылы жіберіледі. Пікірсайысқа кірген кезде қағаз немесе электронды тасымалдағыштағы
шақыру хатын және жеке куәлікті немесе төлқұжаттың түпнұсқасын көрсету керек.
Турнир ағылшын тілінде өткізілетін болады.
Марапаттау
Мектептік пікірталас гранд турнирінің қорытындылары бойынша үш грант берілетін болады:
- Турнирде жеңімпаз атанған команданың әрбір мүшесі 1 оқу жылына КИМЭП Университетінде
Халықаралық құқық және Құқықтану бағдарламалары
бойынша оқу ақысын 100% өтеу түріндегі грантқа ие болады. - Турнирдің ең үздік спикері 1 оқу жылында КИМЭП Университетінде Халықаралық
құқық және Құқықтану бағдарламалары бойынша оқу ақысын
50% өтеу түріндегі грантқа ие болады.
Грант құқықтану және халықаралық құқық бағдарламалары бойынша оқуға беріледі. Грант алу КИМЭП
Университетіне түсуге кепілдік бермейді, өйткені грант иегерлері осы бағдарламалар бойынша КИМЭП
Университетіне қабылдаудың барлық талаптарына, соның ішінде ҰБТ-ның негізгі пәндерінің жиынтығына
қойылатын талаптарға сай болуы керек.Оқуға түсу ережелері туралы ақпаратты қабылдау
комиссиясынан ала аласыз. Студент гранттан бас тартқан немесе басқа мамандыққа ауысқан жағдайда грант
сақталмайды. Бұл ережеден ерекшелік қалаған мамандыққа түсу үшін (НЗМ студенттері үшін және т.б.)
қажетті ҰБТ бейіндік пәнін таңдау мүмкін еместігі туралы мектептен жазбаша растауды уақтылы ұсынған
жағдайда ғана мүмкін болады. Мәліметтер алу үшін Қаржылық қолдау бөліміне хабарласыңыз.
Байланыс мәліметтері мен қолдау
Маңызды сілтемелер
050010, Алматы, Казақстан Республикасы
Абай даңғ. 4, Студенттерді тарту жіне қабылдау бөлімі, Уәлиханов ғимараты
Тел: +7 (727) 270 42 13, +7 (727) 2704248
Ұялы тел: +7 707 170 42 13
Эл. мекенжайы: uao@kimep.kz; gao@kimep.kz; phd@kimep.kz
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9:00-19:00
Sky Cinema
Қазіргі уақытта ешқандай іс-шаралар жоспарланбаған.
Виртуалды академиялық сессиялар
Біздің тікелей академиялық сессияға қатысу арқылы 4 факультет мүшелерімен байланысып, академиялық
бағдарламалар туралы толығырақ ақпарат алыңыз.
Қазіргі уақытта ешқандай іс-шаралар жоспарланбаған.
Ашық есік күндері
КИМЭП Университетінің студенттерді қабылдау бөлімі талапкерлер мен олардың ата-аналарын Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады.
Ашық есік күні – бұл ерекше және маңызды іс-шара, оның басты мақсаты – мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын университетпен таныстыру, және болашақ мамандық пен оқу бағдарламасын таңдау үшін білікті ақпараттық қолдау көрсету.
Осы іс-шараға қатысу – профессорлар-оқытушылар құрамымен, әкімшілік бөлімшелерімен, КИМЭП студенттерімен танысудың және сізді қызықтыратын сұрақтардың барлығына жауаптар алудың үздік мүмкіндігі:
- ұсынылатын бағдарламалрдың әрқайсысында оқыту әдістемесінің бірегейлігі мен бәсекелік артықшылықтары;
- қабылдау шарттары және ҰБТ өту ұпайлары;
- оқу құны және гранттық қолдау алудың шарттары;
- жатақханаға орналасу және КИМЭП-тегі студенттік өмір
- халықаралық білім тәжірибесін алу мүмкіндіктері;
- кәсіптік практика және жұмысқа орналасу;
- және тағы басқалары.
Іс-шараға қатысу үшін сізге қолайлы күнді төменде таңдауға болады.
Ашық есік күндерін өткізу кестесі
3 қазан 2026, Талдықорған
Ашық есіктер күні14:00-17:00
Ақан Сара көшесі, 120, Инноверс жеке мектебі
Тіркелу
9 қазан 2026, Қарағанды
Ашық есіктер күні16.00-19.00
Космонавтов қонақ үйі, Аманжолов көш., 162a
Тіркелу
10 қазан 2026, Шымкент
Ашық есіктер күні14:00-17:00
Риксос Хадиша қонақ үйі, Желтоқсан көш., 17
Тіркелу
28 қараша 2026, Астана
Ашық есіктер күні14:00-17:00
Hampton by Hilton қонақ үйі, Мәңгілік ел, 43a
Тіркелу
6 ақпан 2027, Тараз
Ашық есіктер күні14:00-17:00
Арай плаза қонақ үйінің конференц залы, 8 қабат
Тіркелу
27 ақпан 2027, Қызылорда
Ашық есіктер күні14:00-17:00
Султан Плаза қонақ үйі, Тоқмағамбетов көш., 38
Тіркелу
19 наурыз 2027, Бішкек, Қырғызстан
Ашық есіктер күні16:00-19:00
Golden Hotel, конференц-зал
Бішкек қаласы, Фрунзе көшесі, 551, 2-қабат
Тіркелу
Кампус турлар
Біз сізді КИМЭП Университетінің (Алматы, Қазақстан) аумағында асыға күтеміз.
Кампус қонақтары университет аумағына ақпараттық турларды брондамас бұрын келесі ұсыныстармен танысып, оларды ұстану қажет.
Кампустағы жеке/отбасылық тур
Турға келу алдында білуге міндетті ақпарат
- Кампус турлар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы және түстен кейінгі уақытта қолжетімді. Кампусқа саяхат демалыс пен мереке күндері, тығыз жұмыс уақыты кезінде немесе университеттің басқа шаралары орын алған жағдайда жүзеге асырылмайды.
- Кампус турға тіркелуді жоспарланған уақыттан кем дегенде екі күн бұрын жасау керек.
- Жеке/отбасылық кампус турда талапкерлермен бірге екі адамнан артық қонақтың келуіне рұқсат етілмейді.
- Кампус турға тіркелгеннен кейін қабылдау комиссиясының қызметкерінен кампус тур туралы толық ақпарат ұсынылған хат аласыз. Университеттің қабылдау комиссиясынан ресми растаусыз кампус турға келуді жоспарламауды өтінеміз.
- Жеке/отбасылық кездесуге қабылдау комиссиясының қызметкерінің басшылығымен және студенттердің қатысуымен ақпараттық сессия және кампус бойынша тур кіреді. Осы кездесу кезінде басқа бөлімдер мен кеңселерге жолыққыңыз келсе, онда топпен кездесуге онлайн өтініш берген кезде осы жайтты атап көрсетіңіз.
- Егер сіз кампус турға 20-30 минут кешігетін болсаңыз, онда сіз онлайн өтінішіңізде көрсеткен барлық қызмметтерді көрсетуге кепілдік бере алмаймыз.
Университетке келген кезде білген жөн
- Барлық қонақтар кампусқа кіру үшін жеке куәлігін немесе паспортын (ұялы құрылғыда құжат фотосын көрсету жеткілікті) ұсынулары қажет.
- Өзіңізбен бірге бетперде болу қажет. Қазақстан азаматтары мен тұруға рұқсатхаты бар шетел азаматтарына университет аумағына ASHYQ қосымшасы арқылы кіруге болады.
- Университетке келген кезде қонақтар ғимараттың бірінші қабатында (Абай даңғылы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы) орналасқан КИМЭП ішкі қауіпсіздік қызметкерінің жеке мәліметтер тексерісінен өтеді.
- Жеке мәліметтерді тексергеннен кейін қонақтар оларға кампус турды жүзеге асыратын Қабылдау комиссиясының қызметкері немесе студент күтіп отырған 103 офисіне өтулері қажет.
Егер жоғарыда аталған талаптардың орындалуы мүмкін болмаса, онда біздің университетімізге виртуалды турды келесі сілтеме арқылы жасай аласыз https://www.kimep.kz/kz/3d-tour/
Топқа арналған кампус тур
Турға келу алдында білуге міндетті ақпарат
- Кампус турлар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы және түстен кейінгі уақытта қолжетімді. Кампусқа саяхат демалыс пен мереке күндері, тығыз жұмыс уақыты кезінде немесе университеттің басқа шаралары орын алған жағдайда жүзеге асырылмайды.
- Кампус турға тіркелуді жоспарланған уақыттан кем дегенде 5 күн бұрын жасау керек.
- Кампус турға тіркелгеннен кейін қабылдау комиссиясының қызметкерінен кампус тур туралы толық ақпарат ұсынылған хат аласыз. Университеттің қабылдау комиссиясынан ресми растаусыз кампус турға келуді жоспарламауды өтінеміз.
- Топпен кездесуге қабылдау комиссиясының қызметкерінің басшылығымен және студенттердің қатысуымен ақпараттық сессия және кампус бойынша тур кіреді. Осы кездесу кезінде басқа бөлімдер мен кеңселерге жолыққыңыз келсе, онда топпен кездесуге онлайн өтініш берген кезде осы жайтты атап көрсетіңіз.
- Топпен бірге келетін кем дегенде бір тұлғаның болуы талап етіледі және ол қабылдау комиссиясынан ресми хат келгеннен кейін 1-3 күн ішінде топпен келуді растауы қажет.
- Егер сіз кампус турға 20-30 минут кешігетін болсаңыз, онда сіз онлайн өтінішіңізде көрсеткен барлық қызмметтерді көрсетуге кепілдік бере алмаймыз.
Университетке келген кезде білген жөн
- Барлық қонақтар кампусқа кіру үшін жеке куәлігін немесе паспортын (ұялы құрылғыда құжат фотосын көрсету жеткілікті) ұсынулары қажет.
- Өзіңізбен бірге бетперде болу қажет. Қазақстан азаматтары мен тұруға рұқсатхаты бар шетел азаматтарына университет аумағына ASHYQ қосымшасы арқылы кіруге болады.
- Университетке келген кезде қонақтар ғимараттың бірінші қабатында (Абай даңғылы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы) орналасқан КИМЭП ішкі қауіпсіздік қызметкерінің жеке мәліметтер тексерісінен өтеді.
- Жеке мәліметтерді тексергеннен кейін қонақтар оларға кампус турды жүзеге асыратын Қабылдау комиссиясының қызметкері немесе студент күтіп отырған 103 офисіне өтулері қажет.
Егер жоғарыда аталған талаптардың орындалуы мүмкін болмаса, онда біздің университетімізге виртуалды турды келесі сілтеме арқылы жасай аласыз https://www.kimep.kz/kz/3d-tour/
Өзіңізді КИМЭП студенті ретінде сезініңіз
КИМЭП Университеті барлық ниет білдірушілерге университеттегі дәрістерге қатысуға мүмкіндік береді.
Университеттің оқу үдерісін ішінен көру — өзіңізді КИМЭП студенті ретінде сезінудің, оқытушылармен танысудың және оқыту әдістемесімен жақынырақ танысудың тамаша мүмкіндігі.
Брошюраны жүктеп алу
Дәріске қатысу үшін төмендегі тізімнен бағдарламаны таңдап, тіркеуден өту қажет:
|
Бакалавриат бағдарламалары: |
Магистратура бағдарламалары: |
Байланыс:
Камиля Джелденбаева
Бағдарлама үйлестірушісі, студенттерді қабылдау және қабылдау бөлімі, КИМЭП Университеті
Алматы қ., Абай даңғылы, 2, ғимарат.Уәлиханова, 103А кеңсе
Тел.: +7 (727) 270 42 13, факс +7 727 270 43 34
Cот.: +7 777 002 19 18, e-mail: kamilya@kimep.kz
Воскресный клуб в Университете КИМЭП
Университет КИМЭП ежегодно проводит встречи Воскресного клуба, где участники вместе с преподавателями
университета обсуждают различные темы из сфер бизнеса, финансов, управления, международных отношений,
политики, экономики, личностного и профессионального развития, и многие другие.
Қазіргі уақытта ешқандай іс-шаралар жоспарланбаған.
Ата-аналарға арналған қабылдау
Құрметті талапкерлердің ата-аналары!
Сіздердің және балаңыздың КИМЭП Университетін бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алу үшін қарастырып отырғандарыңызға қуаныштымыз.
Біз университет таңдау — бүкіл отбасы үшін маңызды шешім екенін түсінеміз. Сондықтан сіздерге КИМЭП Университеті, білім беру бағдарламалары мен мамандықтары, қабылдау талаптары және басқа да маңызды мәселелер бойынша барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайынбыз.
Сіздерді жыл сайын өткізілетін Ата-аналар қабылдауына қатысуға шақырамыз. Іс-шара барысында КИМЭП Университетінің профессорлары, әкімшілік бөлімдерінің өкілдері және студенттері университет, білім алу мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы ақпарат беріп, сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.
Ата-аналарға арналған толық ақпаратты біздің ата-аналарға арналған ақпараттық брошюрамыздан таба аласыздар.
КИМЭП Университетінің жаңалықтары мен алдағы іс-шаралардан хабардар болу үшін жаңалықтар таралымына жазылып, КИМЭП Университетінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларындағы жаңартуларды қадағалауды ұсынамыз.
Сіздерге және балаңызға білім алу жолында саналы әрі сәтті таңдау жасауды тілейміз!
Ата-аналарды қабылдау
29 сәуір 2027, Алматы
Ата-аналарға арналған қабылдау18.30-20.30
Тенгри Холл, Уәлиханов ғимараты
Тіркелу
10 маусым 2027, Алматы
Ата-аналарға арналған қабылдау18.30-20.30
Тенгри Холл, Уәлиханов ғимараты
Тіркелу
12 маусым 2027, Шымкент
Ата-аналарға арналған қабылдау14.00-17.00
Риксос Хадиша қонақ үйі, Желтоқсан көш., 17
Тіркелу
19 маусым 2027, Астана
Ата-аналарға арналған қабылдау14.00-17.00
Hampton by Hilton қонақ үйі, Мәңгілік Ел көш., 43a
Тіркелу
26 маусым 2027, Ақтөбе
Ата-аналарға арналған қабылдау14.00-17.00
Дастан қонақ үйі, Бөгенбай батыр көш., 2
Тіркелу
30 маусым 2027, Атырау
Ата-аналарға арналған қабылдау18.30-20.30
Дастан қонақ үйі, Сәтпаев көш., 6
Тіркелу
Жазғы пикниктердің кестесі
Жазғы пикник
Жаз — жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін өте маңызды әрі жауапты кезең. Бұл кезең болашақ мамандық пен жоғары оқу орнын таңдаумен, қорытынды емтихандарды тапсырумен және жоғары оқу орнына түсу үдерісімен байланысты.
Құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру және қабылдау емтихандарын тапсыру үдерістерінің негізгі бөлігі жаз мезгіліне сәйкес келеді. Осыған байланысты КИМЭП Университетінің Қабылдау комиссиясына жаз мезгілінде талапкерлер мен олардың ата-аналарынан оқуға түсу және студенттер қатарына қабылдану үдерістеріне қатысты көптеген сұрақтар келіп түседі.
Сонымен қатар, Қабылдау комиссиясы болашақ студенттерге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қабылдау және оқуға қабылдау ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, егер олар болған жағдайда, қажетті ақпарат ұсынады. Сондай-ақ академиялық бағдарламалар, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар және іріктеу кезеңдері туралы ақпарат беріп, сіздерді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша жеке кеңес береді.
Жыл сайын жаз мезгілінде КИМЭП Университетінің Қабылдау комиссиясының қызметкерлері КИМЭП-те білім алуға қызығушылық танытатын немесе КИМЭП Университетін оқуға түсуге жоспарлап отырған жоғары оқу орындарының бірі ретінде қарастыратын талапкерлерге арналған Жазғы пикник іс-шарасын ұйымдастырады.
Бұл іс-шара КИМЭП-тің көрікті кампусында ашық ауада өткізіледі. Іс-шараға КИМЭП студенттері, оқытушылары және Қаржылық қолдау бөлімі мен Халықаралық офис сияқты түрлі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері тікелей қатысады.
Университет кампусында презентация өткізуге жеке/отбасылық өтініш
Біз сізді КИМЭП Университетінің (Алматы, Қазақстан) аумағында асыға күтеміз.
Кампус қонақтары университет аумағында презентацияны брондамас бұрын келесі ұсыныстармен танысып, оларды ұстану қажет.
Университетке келу алдында білуге міндетті ақпарат
- Презентация дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қолжетімді. Презентация өткізу демалыс пен мереке күндері, тығыз жұмыс уақыты кезінде немесе университеттің басқа шаралары орын алған жағдайда жүзеге асырылмайды.
- Презентацияға тіркелуді жоспарланған уақыттан кем дегенде 2 күн бұрын жасау керек.
- Жеке/отбасылық презентация барысында талапкерлермен бірге екі адамнан артық қонақтың келуіне рұқсат етілмейді.
- Кампуста презентация жасауға тіркелгеннен кейін қабылдау комиссиясының қызметкерінен растама аласыз. Университеттің қабылдау комиссиясынан ресми растаусыз кампус турға келуді жоспарламауыңызды өтінеміз.
- Жеке/отбасылық кездесуге қабылдау комиссиясы қызметкерінің басшылығымен және студенттердің қатысуымен 102 офисте өткізілетін презентация кіреді. Осы кездесу кезінде басқа бөлімдер мен кеңселерге жолыққыңыз келсе, онда онлайн өтініш берген кезде оны «қосымша ақпарат» бөлімінде атап көрсетіңіз.
- Егер сіз презентацияға 20-30 минут кешігетін болсаңыз, онда сіз онлайн өтінішіңізде көрсеткен барлық қызметтерді көрсетуге кепілдік бере алмаймыз.
Университетке келген кезде білген жөн
- Барлық қонақтар кампусқа кіру үшін жеке куәлігін немесе паспортын (ұялы құрылғыда құжат фотосын көрсету жеткілікті) ұсынулары қажет.
- Өзіңізбен бірге бетперде болу қажет. Қазақстан азаматтары мен тұруға рұқсатхаты бар шетел азаматтарына университет аумағына ASHYQ қосымшасы арқылы кіруге болады.
- Университетке келген кезде қонақтар ғимараттың бірінші қабатында (Абай даңғылы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы) орналасқан КИМЭП ішкі қауіпсіздік қызметкерінің жеке мәліметтер тексерісінен өтеді.
- Жеке мәліметтерді тексергеннен кейін қонақтар Қабылдау комиссиясының қызметкері немесе студент күтіп отырған 103, 103 А немесе 107 офисіне өтулері қажет.
Егер жоғарыда аталған талаптардың орындалуы мүмкін болмаса, онда біздің виртуалды шараларымызға қатысуға кеңес береміз, ал оған тіркелу келесі сілтеме арқылы мүмкін https://www.kimep.kz/kz/3d-tour/
Білім беру ұйымына презентация өткізуге өтінім
Жеке немесе отбасылық презентацияға өтінім
Вебинарлар
Қабылдау комиссиясы айына бір рет барлық үміткерлер үшін КИМЭП Университетіне түсу туралы онлайн ақпараттық сессиялар сериясын өткізеді. Біздің вебинарлар қабылдау талаптары, мемлекеттік емтихан тапсыру ұпайлары, оқу ақысы, ұсынылған әрбір бағдарламаның бәсекелестік артықшылықтары және т.б. туралы барлық сұрақтарыңызға жауап табуға көмектеседі.
Вебинарлар кестесі
23 қазан 2026
Вебинар15.00-16.00
онлайн
Оқуға түсу өтінішін қалай тапсыру керек, магистратура
Тіркелу
11 қараша 2026
Вебинар15.00-16.00
онлайн
Шетелдік университеттермен студенттер алмасу бағдарламалары
Тіркелу
9 желтоқсан 2026
Вебинар15.00-16.00
онлайн
Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарынан студенттердің ауысу немесе қайту түсу шарттары
Тіркелу
11 желтоқсан 2026
Вебинар15.00-16.00
онлайн
Оқуға түсу өтінішін қалай тапсыру керек, докторантура
Тіркелу
19 ақпан 2027
Вебинар15.00-16.00
онлайн
Оқуға түсу өтінішін қалай тапсыру керек, магистратура
Тіркелу
12 наурыз 2027
Вебинар15.00-16.00
онлайн
Халықаралық студенттерге арналған онлайн қабылдау сессиясы
Тіркелу
4 маусым 2027
Вебинар15.00-16.00
онлайн
Халықаралық студенттер мен олардың ата-аналары үшін онлайн қабылдау сессиясы
Тіркелу
2nd KIMEP Data Science Camp
Тіркелудің соңғы
мерзімі
– 2023 ж. 13
сәуір
Қатысушылардың ең көп
саны – 100
Деректер аналитигі немесе үлкен деректер көлемімен жұмыс істегің келе ме? KIMEP Data Science Camp – бұл
арманыңа жету үшін жасалатын қадамың!
Демалыс күндері сен:
- КИМЭП оқытушылары мен жоғары курс студенттерінің жетекшілігімен Python тілінде кодпен жазуды
үйренесің! - Жаңа достар табасың!
- Өз ағылшыныңды қолдану мүмкіндігін аласың!
- КИМЭП-тегі достық, әрі бәсекелес ортада ұмытылмас тәжірибе аласың!
- the Data Science Challenge бойынша бірінші бола аласың!
Егер өз күшіңді сынауға дайын болсаң, онда төмендегі ақпаратты қара да, тіркел!!!
Өткізу уақыты мен күні
Жұма 21 сәуір, 16:00 – 20:00
Сенбі 22 сәуір, 09:00 – 20:00
Өтетін орны
КИМЭП Университеті, толығырақ ақпарат тіркеліп, қатысуыңызды растағаннан кейін ұсынылады
Шара кестесі
| Жұма | 16:00-20:00 | Бағдар беру және қатысушылар командаларын құру |
| Сенбі | 09:00-12:00 | Coding Camp: Python Pandas, Merging Data, Visualization |
| Сенбі | 13:00-20:00 | Командалар жарысы, презентациялар мен жеңімпаздарды марапаттау |
Қатысушыларды іріктеу талаптары
- ҚР 10/11 және 11/12 сынып оқушылары
- Бағдарламалау бойынша алдын-ала тәжірибе қажет емес
- Қатысушылар өз ноутбуктарын алып келу керек
- Ағылшын тілін білу құпталады
Қатысу тегін
Байланыс тұлға: Али Маметраимов
Телефон: +7 707 505 42 13
Email: ali@kimep.kz








