2026-2027 академиялық жылы

Барлық гранттар 38 кредиттік шектеуге бағынады.

Psych Challenge жеңімпаздарына арналған гранттар

Өтеу мөлшері: 100% және 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттың саны: 2 100% грант және 2 50% грант
Азаматтық: Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан
Іріктеу талаптар: «Психология» оқу бағдарламасы бойынша жоғары және кәсіптік мектептің 2026 түлегі
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.

PSYCH CHALLENGE ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқау форматы екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар алдымен екі бағалау кезеңін қамтитын 1-кезеңді аяқтайды. Үзілістен кейін қатысушылар 2-кезеңге өтеді, ол лекция және эссе жазуды қамтиды. Лекция мен эссе қатысушылардың жоғары деңгейдегі білімін тексеруге бағытталған, психология саласында білімін және сыни ойлау қабілетін көрсетуін талап етеді.

1. Кезең 1: Бастапқы бағалаулар (жалпы ұзақтығы: 2 сағат)
1.1 Таңдау жауаптары бар тест (40 минут)
– Қатысушылар психология бойынша кең тақырыптарды, сондай-ақ әлеуметтік ғылымдар, биология және статистика сияқты психологияға қатысты салаларды қамтитын 50 сұрақтан тұратын тест орындайды.
– Бұл кезең қатысушылардың психологияны зерттеуге қатысты академиялық білімін бағалайды.
1.2 Математикалық тапсырма (40 минут)
– Қатысушылар математика бойынша 20 сұраққа жауап береді, оның ішінде элементарлық талдау тақырыптары да бар. Қалталық калькуляторды қолдануға рұқсат етіледі. Әр сұраққа жазбаша жауап беріледі.

2. Үзіліс (1 сағат)

3. Кезең 2: Аргументативті эссе (90 минут)
Барлық қатысушылар психология профессоры өткізетін 30 минуттық лекцияға қатысады. Лекция психологияның негізгі салаларының біріне арналады. Қатысушыларға жазба жасауға рұқсат етіледі. Бұл жазбалар тексерілмейді және бағаланбайды.
– Кейін қатысушыларға лекция тақырыбына негізделген берілген тақырып бойынша бір сағат ішінде аргументативті эссе жазу беріледі. Жазбаларын қолдануға болады. Эссе қолмен, ағылшын тілінде жазылады.
– Эссе келесі қабілеттер бойынша бағаланады:
1.тақырып бойынша білімін көрсету
2.психологиялық концепцияларды қолдану
3.сыни ойлау

Бағалау

Таңдау жауаптары бар тест психологияға қатысты салалар бойынша білімді бағалайды. Дұрыс жауаптар саны есептеледі.
Математикалық тапсырма математикалық білім мен дағдыларды, мұқият жұмыс істеуді және дедуктивті логика қолдану қабілетін бағалайды.
Эссені бағалау критерийлері:
• Жалпы құрылым (25%) – материалды логикалық және жүйелі түрде баяндау. Әр абзац немесе ой алдыңғысымен логикалық түрде байланысуы керек. Эссе біртұтас болуы тиіс. Кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды өзара байланыста болуы қажет. Әр абзац негізгі ойды қамтып, ол дамытылуы керек.
• Білім және түсіну (25%) – негізгі теориялық көзқарастарды дұрыс көрсететін психологиялық материалды түсіну және қолдану.
• Сыни бағалау (25%) – аргументтер тиісті дәлелдермен, теориялармен немесе логикалық тұжырымдармен негізделуі керек. Тәуелсіз ойлау, терең түсіну және дәлелдерді бағалау жоғары бағаланады.
• Жазбаша коммуникация сапасы (25%) – мәтінді анық, сауатты жазу, абзацтарды дұрыс қолдану, орфография мен грамматиканы сақтау.

Нәтиже туралы хабарландыру

– Барлық жұмыстар жарыс аяқталғаннан кейін тексеріліп, бағаланады. Жеңімпаздар жарыстан кейін шамамен екі апта ішінде жарияланады.

Қалай өтініш беруге болады:
Төмендегі тіркелу сілтемесі арқылы өтініш беріңіз: Psychbattles
Телефон нөмірі: +7 (727) 270-43-68 (ext. 2036)
Электрондық пошта: g.zhunussova@kimep.kz
Өтініштерді қабылдау мерзімі: сәуір 2026

Cognitive Science Challenge жеңімпаздарына арналған гранттар

Өтеу мөлшері: 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттың саны: 5
Азаматтық: Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан
Іріктеу талаптар:
– «Когнитивтік ғылымдар» оқу бағдарламасы бойынша 2026 жылғы орта мектеп түлектері;
– қажетті құжаттармен бірге толтырылған өтініш
– байқау:
1-ші кезең: Оқуды түсіну (1 сағат): бірнеше жауап нұсқасы бар тест
2-ші кезең: Аргументациялық эссе жазу (1,5 сағат)
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.
Грантқа өтінішті қалай беру керек:
Тіркелу келесі сілтеме бойынша қолжетімді: Осы жерден тіркеліңіз. Егер сізде сұрақтар туындаса, Нурбейне Қосылгановаға хабарласыңыз – nurbeine@kimep.kz ; +7 (727) 270-43-68 (қосымша 2263).
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 30 сәуірін қоса алғанға дейін

Когнитивтік ғылымдар гранттар (BACS)

Өтеу мөлшері: 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттың саны: 5
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Іріктеу талаптар:
– «Когнитивтік ғылымдар» оқу бағдарламасы бойынша 2026 жылғы орта мектеп түлектері;
– ағылшын тілін өте жақсы білу (кем дегенде IELTS Academic 5.5 (әр бөлімде 5.0-ден кем емес); TOEFL iBT – 51-66 (R 12-15; L 12-15; S 17-18; W 14-18); Duolingo – 95 (әр бөлімде 90-нан кем емес); CEFR – B2; Cambridge FCE – 160; LanguageCert Academic – 60; PTE Academic – 39).
– мектеп аттестатының академиялық балы – 5.00 балдың ішінен 4.50 балл (90%);
– ҰБТ ең жоғары балл. Сәйкес келетін арнайы пәндермен ҰБТ балы
Қосымша талаптар:
– “Алтын белгі”; Үздік аттестат;
– соңғы 3 жылдағы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі академиялық жетістіктер;
– қажет болған жағдайда Қаржылық Қолдау Бөлімі қосымша критерийлер орнатуы мүмкін (ағылшын тілдің деңгейі, 5-11/12 сыныптар бойынша табель орташа баллы, сұхбат және т.б.).
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.
Грантқа өтінішті қалай беру керек:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/төлқұжаттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Егер сізде IELTS Academic/TOEFL iBT/Duolingo/CEFR/Cambridge FCE /LanguageCert Academic/PTE Academic сертификаттары болса, жарамды көшірмелерін жүктеy.
4. Тіркелу формасы нысанына аттестат куәлігінің көшірмесін оның қосымшасымен жүктеңіз.
5. Тіркелу формасына ҰБТ сертификатын жүктеңіз.
6. Тіркеу формасына соңғы 3 жылдағы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі академиялық жетістіктердің көшірмелерін жүктеңіз (бар болса).
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 30 маусымын қоса алғанға дейін

Екі шет тілі гранттар (BAFL)

Өтеу мөлшері: 60% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттың саны: 25
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Іріктеу талаптар:
– «Екі шет тілі» оқу бағдарламасы бойынша 2026 жылғы орта мектеп түлектері;

Құқықтану (BLLB) және Халықаралық құқық (BIL) гранттар

Өтеу мөлшері: 100% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттың саны: 20
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Іріктеу талаптар:
– «Құқықтану (BLLB)» және «Халықаралық құқық (BIL)» оқу бағдарламалары бойынша 2026 жылғы орта мектеп түлектері;
– мектеп аттестатының ең жоғары академиялық балы;
– ҰБТ ең жоғары балл. Сәйкес келетін арнайы пәндермен ҰБТ балы
– ағылшын тілін өте жақсы білу (кем дегенде IELTS 7.5 / TOEFL iBT 102-110; TOEIC 835-900; CEFR немесе Cambridge Level C1/Advanced);
— cұхбат;
Сұхбат мыналарды қамтуы мүмкін:
1. Заңгер болуға деген ынталандыру және қызығушылық;
2. Сыныптан тыс іс-шаралар, әсіресе көпшілік алдында сөйлеу/пікірталас, әділеттілікке қол жеткізу және/немесе заң үстемдігімен байланысты іс-шаралар;
3. Күрделі міндеттерді шешу және оларды шешуде табандылық таныту қабілетінің дәлелі, әсіресе қиындықтарға тап болған кезде.
4. Біліктілік кемшіліктерін жою — мысалы, академиялық көрсеткіштердің төмендеуі, ҰБТ-дан төмен балл, сыныптан тыс іс-шаралардың болмауы және т.б.
5. Көшбасшылыққа, өмірлік таңдауларға, этикалық мәселелерге және т.б. қатысты басқа сұрақтар.

Алматы қаласынан тыс кандидаттарды қоспағанда, сұхбаттар офлайн форматта өткізіледі. Алматыдан тыс кандидаттар үшін онлайн сұхбат тағайындалуы мүмкін.
Қосымша талаптар:
– “Алтын белгі”; Үздік аттестат;
– соңғы 3 жылдағы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі академиялық жетістіктер;
– қажет болған жағдайда Қаржылық Қолдау Бөлімі қосымша критерийлер орнатуы мүмкін (ағылшын тілдің деңгейі, 5-11/12 сыныптар бойынша табель орташа баллы, сұхбат және т.б.).
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.
Грантқа өтінішті қалай беру керек:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/төлқұжаттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Егер сізде IELTS Academic/TOEFL iBT/TOEIC/CEFR/Cambridge сертификаттары болса, жарамды көшірмелерін жүктеy.
4. Тіркелу формасы нысанына аттестат куәлігінің көшірмесін оның қосымшасымен жүктеңіз.
5. Тіркелу формасына ҰБТ сертификатын жүктеңіз.
6. Тіркеу формасына соңғы 3 жылдағы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі академиялық жетістіктердің көшірмелерін жүктеңіз (бар болса).
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 30 маусымын қоса алғанға дейін

Орталық Азия елдерінің студенттеріне арналған гранттары

Өтеу мөлшері: 100% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 4 академиялық жылға (ұзартылмайды)
Гранттың саны: 10
Азаматтық: Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан
Іріктеу талаптар:
Маңызды! Қазіргі уақытта КИМЭПде оқитын студенттер бұл грантқа қатыса алмайды (2025 жылғы күзгі, 2026 жылғы көктемгі, 2026 жылғы жазғы семестрдегі пәндерге тіркелген)
– орта және кәсіптік мектептің 2025 және 2026 түлектері;
– ағылшын тілін өте жақсы білу (кем дегенде IELTS Academic 5.5 (әр бөлімде 5.0-ден кем емес); TOEFL iBT – 51-66 (R 12-15; L 12-15; S 17-18; W 14-18); Duolingo – 95 (әр бөлімде 90-нан кем емес); CEFR – B2; Cambridge FCE – 160; LanguageCert Academic – 60; PTE Academic – 39).
– орта/кәсіптік мектеп аттестатының академиялық балы – 5.00 балдың ішінен 4.50 балл (90%). Маңызды! Құжаттың барлық беттерінде көрсетілген барлық бағалар есепке алынады.
Қосымша талаптар:
– соңғы 3 жылдағы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі академиялық жетістіктер;
– қажет болған жағдайда Қаржылық Қолдау Бөлімі қосымша критерийлер орнатуы мүмкін (ағылшын тілдің деңгейі, 5-11/12 сыныптар бойынша табель орташа баллы, сұхбат және т.б.).
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.00;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.
Как подать заявку на грант:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/төлқұжаттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Егер сізде IELTS Academic/TOEFL iBT/Duolingo/CEFR/Cambridge FCE /LanguageCert Academic/PTE Academic сертификаттары болса, жарамды көшірмелерін жүктеy.
4. Тіркелу формасы нысанына аттестат куәлігінің көшірмесін оның қосымшасымен жүктеңіз.
5. Соңғы үш жыл ішіндегі Республикалық және/немесе халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда алған жүлделі орындар үшін берілген сертификаттардың көшірмелерін Тіркелу формасыға жүктеу.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 30 маусымын қоса алғанға дейін

Ақпараттық жүйелер (BISB) және Компьютерлік ғылым (BSCS) гранттар

Өтеу мөлшері: 100% және 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 2026-2027 академиялық жылы (ұзартылмайды)
Гранттың саны: әр оқу бағдарламасы бойынша 2 грант
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Іріктеу талаптар:
– «Ақпараттық жүйелер (BISB)» және «Компьютерлік ғылым (BSCS)» оқу бағдарламалары бойынша орта және кәсіптік мектептің 2026 түлектері;
– ағылшын тілін өте жақсы білу (кем дегенде IELTS Academic 5.5 (әр бөлімде 5.0-ден кем емес); TOEFL iBT – 51-66 (R 12-15; L 12-15; S 17-18; W 14-18); Duolingo – 95 (әр бөлімде 90-нан кем емес); CEFR – B2; Cambridge FCE – 160; LanguageCert Academic – 60; PTE Academic – 39).
– орта/кәсіптік мектеп аттестатының академиялық балы – 5.00 балдың ішінен 4.50 балл (90%). Маңызды! Құжаттың барлық беттерінде көрсетілген барлық бағалар есепке алынады.
– ҰБТ ең жоғары балл. Сәйкес келетін арнайы пәндермен ҰБТ балы
Қосымша талаптар:
– “Алтын белгі”; Үздік аттестат;
– соңғы 3 жылдағы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі академиялық жетістіктер;
– қажет болған жағдайда Қаржылық Қолдау Бөлімі қосымша критерийлер орнатуы мүмкін (ағылшын тілдің деңгейі, 5-11/12 сыныптар бойынша табель орташа баллы, сұхбат және т.б.).
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.
Грантқа өтінішті қалай беру керек:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/төлқұжаттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Егер сізде IELTS Academic/TOEFL iBT/Duolingo/CEFR/Cambridge FCE /LanguageCert Academic/PTE Academic сертификаттары болса, жарамды көшірмелерін жүктеy.
4. Тіркелу формасы нысанына аттестат куәлігінің көшірмесін оның қосымшасымен жүктеңіз.
5. Соңғы үш жыл ішіндегі Республикалық және/немесе халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда алған жүлделі орындар үшін берілген сертификаттардың көшірмелерін Тіркелу формасыға жүктеу.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 30 маусымын қоса алғанға дейін

Халықаралық студенттерге арналған грант

Өтеу мөлшері: 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 4 академиялық жылға (ұзартылмайды)
Гранттың саны: 10
Азаматтық: Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан немесе Өзбекстан емес
Іріктеу талаптар:
– орта және кәсіптік мектепті 2026;
– ағылшын тілін өте жақсы білу (кем дегенде IELTS Academic 5.5 (әр бөлімде 5.0-ден кем емес); TOEFL iBT – 51-66 (R 12-15; L 12-15; S 17-18; W 14-18); Duolingo – 95 (әр бөлімде 90-нан кем емес); CEFR – B2; Cambridge FCE – 160; LanguageCert Academic – 60; PTE Academic – 39).
– орта/кәсіптік мектеп аттестатының академиялық балы – 5.00 балдың ішінен 4.50 балл (90%). Маңызды! Құжаттың барлық беттерінде көрсетілген барлық бағалар есепке алынады.
Қосымша талаптар:
– соңғы 3 жылдағы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі академиялық жетістіктер;
– қажет болған жағдайда Қаржылық Қолдау Бөлімі қосымша критерийлер орнатуы мүмкін (ағылшын тілдің деңгейі, 5-11/12 сыныптар бойынша табель орташа баллы, сұхбат және т.б.).
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.
Грантқа өтінішті қалай беру керек:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/төлқұжаттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Егер сізде IELTS Academic/TOEFL iBT/Duolingo/CEFR/Cambridge FCE /LanguageCert Academic/PTE Academic сертификаттары болса, жарамды көшірмелерін жүктеy.
4. Тіркелу формасы нысанына аттестат куәлігінің көшірмесін оның қосымшасымен жүктеңіз.
5. Соңғы үш жыл ішіндегі Республикалық және/немесе халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда алған жүлделі орындар үшін берілген сертификаттардың көшірмелерін Тіркелу формасыға жүктеу.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 30 маусымын қоса алғанға дейін

BCB Case Study жеңімпаздарына арналған гранттар

Өтеу мөлшері: 50%, 25% және 15% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 2026-2027 академиялық жылы (ұзартылмайды)
Гранттар саны: 5 50% грант, 5 25% грант және 5 15% грант
Азаматтық:Қазақстан Республикасы
Іріктеу талаптар:
– 2026 жылғы орта мектеп түлектері, “Бухгалтерлік есеп және аудит (BACTA)”, “Қаржы (BFIN)”, “Менеджмент (BMGT)”, “Маркетинг (BMKT)” бағдарламалары бойынша;
– BCB Case Study байқауының жеңімпаздары;

Kazenergy Қауымдастығының гранты

Грантының демеушісі: Kazenergy қауымдастығы
Өтеу мөлшері: 100% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 2026-2027 академиялық жылы
Гранттың саны: барлығы ~30~35 бакалаврлар мен магистранттар талапкер және ағымдағы студенттер
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Өтініш беру мына жерде: kazenergy.com
Өтініш беруге көмек: Бірінші курс студенттері қабылданғаннан кейін справкаға өтініш бере алады. Бірінші курс студенттері семестрлер бойынша ұсынылған кредиттер санын алу үшін ссылка арқылы КИМЭП Университетінің Студенттерді оқытуды қолдау орталығына хабарласуы керек. Одан кейін қабылдау және оқу ақысы туралы анықтаманы алу үшін КИМЭП Корпоративтік даму департаментінің келісім-шарттар бойынша маманына cdd@kimep.kz мекенжайы бойынша хабарласыңыз. Электронды хаттарында бірінші курс студенттері келесі ақпаратты көрсету қажет:
Аты-жөніңіз (ресми жеке мемлекеттік куәлігіңізден);
– Жеке куәліктің скан көшірмесі;
– Студенттік нөмір;
– Әрбір семестрде (Күз 2026, Көктем 2027 және Жаз 2027) KIMEP E-Advising ақпаратының негізінде жоспарлап отырған кредиттер саны. Анықтамаңыз сіздің электронды поштаңызға оған тапсырыс бергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Шілде – Тамыз (мәліметтерді демеушінің веб-сайтынан қараңыз)
Байланыс телефоны (Kazenergy): 8(7172)794975
E-mail: candidate@kazenergy.com

KAEF гранты

Грантының демеушісі: KIMEP Alumni Endowment Fund
Ұсыну мерзімі: 4 академиялық жылға
Гранттың саны: 10-ға дейін
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Өтініш беру мына жерде: kaefund.kz
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2026 жылдың 31 мамыры. Толығырақ ақпарат алу үшін демеушінің веб-сайтына және әлеуметтік желілерге кіріңіз.
Instagram: @kaefund
E-mail: kaefund@kimep.kz KAEF гранты

Зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына арналған гранттар

Өтеу мөлшері: 100% және 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант шәкіртақы мен тұру ақысын, студенттік және медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттер және басқаларын қамтымайды
Грант мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттар саны: 15 – 100% грант және 15 – 50% грант
Азаматтығы: кез келген
Іріктеу талаптар: 2026 жылғы Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің түлектері
Күні: 29 наурыз 2026 жыл (жексенбі)
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін жері: КИМЭП Университеті
Өтініш қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 15 наурызына қоса алғанға дейін

Келесі факультеттердің бағдарламаларына түсетін үміткерлерге арналған:
– Доктор Бэнг атындағы Бизнес факультеті
– Әлеуметтік ғылымдар факультеті
– Білім және гуманитарлық ғылымдар факультеті
– Компьютерлік ғылымдар және математика факультеті

“Халықаралық құқық” және “Құқықтану” бакалавриат мамандықтарына түсетін үміткерлерге олимпиада пікірталас турнирі түрінде өтеді. Пікірталас турнирі туралы ақпарат осы сайтта жарияланды.

Маңызды! Сіз бір ғана іс-шараға қатыса аласыз – Пікірталас Турнирі немесе Интеллектуалды Олимпиада

Осы грантты бүкіл оқу кезеңі бойы сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде толық академиялық режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.

Олимпиадаға қалай қатысуға болады:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/Паспорттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Бітіретін сыныпта(11/12) оқитының растайтын, Мектепте/Колледжде берілетін анықтаманың көшірмесін жүктеу.
4. Жарамды сертификатты жүктеңіз – IELTS Academic, TOEFL iBT, Duolingo, CEFR, Cambridge FCE (B2 First), LanguageCert Academic немесе PTE Academic.
5. Өтінішіңіздің мәртебесін «Кабинет» сілтемесіндегі «Мәртебелік өтініш» қойындысындағы Тіркеу формасында тексеріңіз, сондай-ақ өтінімді толтырғаннан/жаңартқаннан кейін 2-3 апта ішінде бізден (finaid@kimep.kz) хат күтіңіз.

Егер қатысушылардың құжаттар пакеті толық болмаса, Олимпиадаға қатысуға жіберілмейді

ОЛИМПИАДА ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Зияткерлік олимпиада КИМЭП университетінің кампусында өтеді және 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Ағылшын тілі

15 наурызға дейін (қоса алғанда) қатысушылар IELTS Academic, TOEFL iBT, Duolingo, CEFR, Cambridge FCE (B2 First), LanguageCert Academic немесе PTE Academic халықаралық сертификаттарын ұсынуы тиіс.
Келесі кезеңге өту ұпайлары: IELTS Academic — 5.5 (әр бөлімде 5.0-ден кем емес); TOEFL iBT — 51-66 (R 12-15; L 12-15; S 17-18; W 14-18); Duolingo — 95 (әр бөлімде 90-ден кем емес); CEFR — B2; Cambridge FCE — 160; LanguageCert Academic — 60; PTE Academic — 39.
Сәйкес баллдары бар қатысушылар олимпиаданың екінші кезеңіне шақырылады.
Маңызды! Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).

2-кезең. Математика / Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы / Дүниежүзі тарихы және тіл білімі мен аударматану

Маңызды! Барлық емтихандар 2026 жылдың 29 наурызында Алматы қаласында КИМЭП университетінің кампусында өтеді.

Маңызды! Барлық емтихандар ағылшын тілінде өткізіледі. Өту баллының минималды пайызы – 50%. 50% – дан аз ұпай жинаған қатысушылар автоматты түрде сайыстан шығады. Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).

Математика емтиханы

Олимпиадаға «Менеджмент», «Маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Ақпараттық жүйелер», «Компьютерлік ғылым», «Экономика» пәндері бойынша үміткерлер математикадан емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтиханға қатысушылар математикалық есептерді шешу нәтижелері бойынша бағаланады. Ұсынылған математикалық есептер стандартты емес және классикалық олимпиадалық есептермен сәйкес болады. Бұл емтиханға қатысушылар логикалық және аналитикалық ойлауды көрсетуі керек.
Емтихан құрылымы:
Қатысушылар математикадан алты есепті шешуі керек. Олар мыналардан тұрады:
– Орта мектеп бағдарламасына негізделген 2 жеңіл есеп (әрқайсысы 10 ұпай);
– Логикалық ойлауды қолданатын 2 орташа есеп (әрқайсысы 15 ұпай);
– Олимпиадалық деңгейдегі 2 қосымша есеп (әрқайсысы 25 ұпайдан).
Математика емтиханының максималды баллы – 100 балл.
Бағалау критерийлері:
Ұйымдастыру комитеті әрбір үміткерге қатысты шешім қабылдайды. Математика саласындағы бәсекелестер өз мақалаларында қойылған мәселелерге толық егжей-тегжейлі шешімдер мен жауаптар береді деп күтілуде. Түпнұсқа және шығармашылық шешімдер ынталандырылады және бағаланады.

Математика емтиханына дайындалу үшін келесі дереккөздерді пайдалануға болады:
1) pdf-файл “Сборник задач по Математике для поступающих во вузы под редакцией М.И.Сканави” ішіндегі жауаптарымен;
2) pdf-файл “Сборник заданий для проведения письменного экзамена по Математике за курс средней школы. 11 класс. Г.В.Дорофеев”. Жинаққа жауаптар;
3) pdf-файл “Математические олимпиады школьников. И.С.Петраков” ішіндегі жауаптарымен;
4) pdf-файл “Задачи математических олимпиад. И.Л.Бабинская” ішіндегі жауаптарымен;
5) Кез келген басқа әдебиеттер.

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы емтиханы

Олимпиадаға «Халықаралық қатынастар», «Журналистика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Психология», «Когнитивті ғылымдар», «Саясаттану ғылымдар» мамандықтары бойынша үміткерлер Дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихы пәндері бойынша емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтихан құрылымы:
1. Дүниежүзі тарихы бойынша 30 сұрақтан тұратын тест. Жалпы ұпай саны 30-ға тең.
Дүниежүзілік тарих емтиханына дайындалу үшін келесі оқу құралын пайдалана аласыз “Дүниежүзі тарихы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. 2-бөлім. Р.Р.Кайырбекова” – орыс тілінде pdf-файл

2. Ағылшын тілінде эссе жазу. Эссе 500 сөзден кем болмауы керек. Дұрыс жазылуы мен грамматикасы ескеріледі. Эссе үшін берілетін максималды балл – 70 балл.
Эссе жазу құрылымы:
Қысқаша кіріспе: таңдалған тақырыптың өзектілігінің негіздемесі (негіздемелері) болуы керек; дәлелдер мен аргументтер болуы керек.
Негізгі бөлім: тақырып аясында қойылған сұрақтарға ұйымдасқан және логикалық жауап беруі керек; тақырыпты жақсы қамтығаныңызды дәлелдеу қажет. Әрбір сөйлем мен әрбір абзац тақырыпқа сәйкес және аргументті дамытуда қадамдық байланыс болу керек.
Қорытынды: эссенің негізгі ережелері мен дәлелдерін қысқаша баяндау керек.
Қазақстан тарихының эссе тақырыптары:
Жалпы тақырып: Kazakhstan in a World of Global Change
Ішкі тақырыптар: емтихан кезінде беріледі.

Дүниежүзі тарихы және тіл білімі мен аударматану

Олимпиадаға «Аударма ісі», «Шетел тілдері: Екі Шет тілі» мамандықтары бойынша үміткерлер Дүниежүзі тарихы және тіл білімі мен аударматану емтихан тапсырады.

Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат

Емтихан құрылымы:
1. Дүниежүзі тарихы бойынша 30 сұрақтан тұратын тест. Жалпы ұпай саны 30-ға тең.
Дүниежүзілік тарих емтиханына дайындалу үшін келесі оқу құралын пайдалана аласыз “Дүниежүзі тарихы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. 2-бөлім. Р.Р.Кайырбекова” – орыс тілінде pdf-файл
2. Ағылшын тілінде эссе жазу. Эссе 250-ден 500 сөзге дейін жазылуы керек. Эссе үшін берілетін максималды балл – 70 балл.
Емтиханына арналған эссе тақырыптары:
Жалпы тақырып: Жалпы эссе тақырыбы аударматану, тілдерді үйрену және білім берумен байланысты болады.
Ішкі тақырыптар: емтихан кезінде беріледі.

Дайын эссе келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Кіріспе қысқа, түсінікті және тақырыпқа сай ма?
2. Әр абзацта бір негізгі және нақты сұрақты тұжырымдайсыз ба?
3. Параграфтар логикалық реттілікпен берілген бе?
4. Өз идеяларыңызды қолдау үшін қандай дәлелдер қолданасыз?
5. Қарсы пікірлерді қабылдайсыз ба?
6. Қайталау мен жалпылаудан аулақсыз ба?
7. Сіздің қорытындыңыз қысқа және тақырыпқа сәйкес пе?
8. Сәйкес грамматика, сөздік және тыныс белгілерін пайдаланасыз ба?

Маңызды! Эссе автордың тақырып бойынша жеке пікірін ғана емес, сонымен қатар тақырыпты түсіну деңгейін көрсетуі керек.

Бағалау критерийлері:
Эссе IELTS Writing Task 2 (барына қолжетімді нұсқа) бойынша бағаланады.

Дайындау үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Academic Writing from Paragraph to Essay, 2010, by Dorothy E Zemach ; Lisa Rumisek
2. Engaging Writing 2: Essential Skills for Academic Writing, 2nd Edition, 2011, by Mary Fitzpatrick
3. Essay Writing For English Tests, 2001, by Gabi Duigu
4. Writing High School Essays With Advanced English Grammar: Book 2, 2016, by Quek Boon Chuan
5. Writing Essays: A guide for students in English and the humanities, 2015, by Richard Marggraf Turley

ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ

Нәтижелер шығу кезеңі: сәуір-мамыр
– Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті қатысушыдың екінші кезеңде жинаған ұпайлары бойынша гранттарды үлестіреді.
– Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).
– КИМЭП олимпиадасы әр мамандық ішінде 1-орын жеңімпазына 100% грант және 2-орынға 50% грант қарастырады.
– Екінші кезеңде 50%-дан аз жинаған қатысушы грантпен марапатталынбайды.
– Гранттарды қайта бөлу кезінде кезек күту тізімі қалыптасады. Тек жалпы балы 50% немесе одан жоғары үміткерлер кезекке қосылады.
– Грант зияткерлік олимпиадаға қатысу кезінде олимпидаға тіркелу нысанында тандалған мамандыққа беріледі.
– Марапатталған студенттер оқу бағдарламасын өзгерте алмайды, әйтпесе олардың гранты жойылады.
– Марапатталған студенттерге пошта арқылы марапаттау хаты мен ережелері жіберіледі.
– Олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережелерімен, сондай-ақ КИМЭП Университетінің ішкі қабылдау саясатында белгіленген қабылдау талаптарын орындауға міндетті, соның ішінде ҰБТ тиісті мамандандырылған пәндермен.
Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздарына арналған гранттар

“Халықаралық құқық” және “Құқықтану” бакалавриат мамандықтарына түсетін үміткерлерге олимпиада пікірталас турнирі түрінде өтеді. Пікірталас турнирі туралы ақпарат осы сайтта жарияланды.

Маңызды! Сіз бір ғана іс-шараға қатыса аласыз – Пікірталас Турнирі немесе Интеллектуалды Олимпиада

Ішкі шәкіртақыларды жазғы бөлу

Жазда бөлінетін ішкі шәкіртақылар кейінірек жарияланады