КИМЭП Университеті өткізетін емтихандар мен тест нәтижелерін тек КИМЭП-ке түсу мақсаты үшін ғана қолдануға болады және бір күнтізбелік жыл ішінде әрекет етеді.
Тесттерді екі рет тапсыруға болады.
Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
Емтихандар мен тесттерді өткізу ережесін, мерзімін және форматын Академиялық мәселелер жөніндегі бөлім / Тест қызметін көрсету басшысы және кафедралар белгілейді.
Үлгілік ережелерде жазылған мерзімге сәйкес, журналистика саласындағы бакалавриат бағдарламасының талапкерлері үшін шығармашылық қабылдау емтиханы күні қосымша жарияланатын болады.
Тесттер кестесі және оларды тапсыруға тіркелу талапкер порталында қолжетімді болады. Ол үшін сізге онлайн өтінішті тапсыруға, студеннттік нөмірді алуға және сізге қажетті тесттерге тіркелуге керек болады. Тестілеуге тіркелу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық ОСЫ ЖЕРДЕН қолжетімді.
Магистрлер үшін онлайн сұхбаттасудан өту нұсқамасы
LLM Файлын жүктеп алуMEPM Файлын жүктеп алуMAFL Файлын жүктеп алуMAIJ Файлын жүктеп алуMIR Файлын жүктеп алуMPMA Файлын жүктеп алу
Ағылшын тілі деңгейін анықтау бойынша тест (КЕРТ)
Тесті кім тапсырады: Бакалавриат және магистратура бағдарламаларына түсуші талапкерлер мен тыңдаушылар
Тілі: Ағылшан
Жалпы сұрақтар саны: 100
Ұзақтығы: 90 минут
Бөлімдер саны: 3
Қысқаша сипаттамасы:
1-бөлім: Грамматика
Бірінші бөлімнің мақсаты – грамматиканы білуін тексеру. Үміткерлерге қарапайым сөйлемдерді аяқтау үшін дұрыс сөзді немесе фразаны таңдау ұсынылады. Дұрыс жауапты бір мәндес үш-төрт нұсқаның ішінен таңдау қажет, бұл ретте тек оның біреуі ғана грамматикалық тұрғыдан дұрыс болып шығады.
2-бөлім: Контекстегі грамматика мен лексика
Екінші бөлімнің мақсаты – талапкерлердің грамматиканы білуі мен лексикалық қорын тексеру. Оларға қалдырып кеткен сөздермен қысқа мәтіндерді оқу ұсынылады. Тапсырма – осы контекске бәрінен жақсы келетін мүмкін болатын 3-4 нұсқадан таңдап сөзді қою.
3-бөлім: Оқылған мәтінді түсіну
Үшінші бөлімнің мақсаты – талапкерлер оқылған мәтінді қаншалықты жақсы түсінгенін тексеру. Оларға көлемді мәтінді оқып, мәтін бойынша дұрыс жауаптарын таңдау немесе мәтіннің мәнін көрсететін қысқаша жауаптарды өз бетінше құрастыру ұсынылады.
KGET Емтихан кестесі
МАE, МВА, MACTA, MFIN бағдарламалары үшін қабылдау емтиханыKGET тесті талапкерлердің оқу және жұмыс кезінде алған білім мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш тестің мақсатына талапкердің бизнес білімін, кәсіптік дағдыларын, бакалавриатта алған нақты білімдерін,белгілі бір пәндік салалардағы немесе мотвация, шығармашылық тәсіл және коммуникабелділік сияқты субъективті сипаттардағы білгірлігін тексеру кірмейді.Тест ағылшын тілінде өткізіліп, үш бөлімнен тұрады:
- Есептерді шешу (20 сұрақ, ұсынылатын уақыт – 30 минут)
- Мағлұматтардың жеткіліктілігі (20 сұрақ, ұсынылатын уақыт – 40 минут)
- Сындарлы ойлау (10 сұрақ, ұсынылатын уақыт – 20 минут)
50 сұрақтан тұратын тесті өту үшін 90 минут бөлінеді.
«Есептерді шешу» бөлімі негізінен математикалық тапсырмалардан тұрады. Аталмыш бөлім арифметикадан, қарапайым алгебра мен жалпы геометриядан білімін тексереді. «Мағлұматтардың жеткіліктілігі» бөлімі бір сұрақ пен екі пайымдаудан тұрады. «Сындарлы ойлау» бөлімінде оқылған мәтінді түсінуі және сындарлы ойлау дағдылары тексеріледі. KGET тестіне әр түрлі тақырыптар кіргізілген.
MIR, MPMA, MLLM бағдарламаларына түсу үшін емтихан кестесі (Алматы қ..)
Күні | 2018 | Емтихан басталуы |
жарияланатын болады |
Журналистика талапкерлеріне арналған шығармашылық емтихандар кестесі
Қысқаша сипаттамасы:
Оқуға түсушілер үшін эссенің мақсаты – талапкерге ұсынылған тақырыптардың бірі бойынша өз пікірін білдіруге, өзінің шығармашылық қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік беру. Эссе талапкердің жеке өмірлік тәжірибесіне негізделіп, басқа авторлардың емес, өзінің көзқарасын көрсетуі тиіс. Ол кіріспеден, негізгі идеяны көрсететін негізгі дәлелдемелік бөліктен және қорытындыдан тұруы керек.Эссені бағалау критерийлері:
- Мазмұны – бар болмысты талдау қабілеттілігі, дұрыс фактілерді таңдау және пайдалану – 8 балл;
- Логика – пайымдаулар мен идеяларды айқын және байланыстыра баяндау қабілеттілігі – 8 балл;
- Құрылым – эссені шығарма түрінде ұйымдастыру қабілеттілігі, оның барлық бөлігі логикамен және фактілермен расталған идеяларды дәйекті дамытуды көрсетеді – 8 балл;
- Тіл – бай сөздік қорын пайдалана отырып, ойды айқын, ойластыра баяндау – 8 балл;
- Шығармашылық тәсіл – эссе ұсынылған тақырыпты талдауға қазіргі заманғы тұрғыдан келуді көрсетуі тиіс — 8 балл.
«Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша арнайы қабылдау емтиханы
Құрметті «Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасына түсуші талапкерлер!ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 ж 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау ережелеріне сәйкес, «Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасына оқуға қабылдау арнаулы емтихан нәтижелерін ескеріп жүргізіледі.
ҚР білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарын қолдана отырып, КИМЭП Университеті арнаулы емтиханды онлайн форматында өткізеді.
Арнаулы емтихан сипаттамасы
Талапкерлер қойылған сұрақтардың біреуіне жауап ретінде 300-400 сөзден тұратын дәлелді эссе жазуға талап етіледі.
Эссе үш бөліктен құрылуы керек:
Кіріспе
Осы бөлікте жауап беруге ниеттеліп отырған сұрақты мазмұндау қажет.
Негізгі бөлім
Бұл бөлік белгілі фактілерге негізделген, реттелген, логикалық байланысы бар делелдеме абзацтардан құрылуы керек.
Қорытынды
Бұл бөлік қозғалған мәселе мен оның негізгі түйіндерін тұжырымдау керек.
Офлайн режимінде емтихан тапсыру қадамдардың дәйектілігі:
- Талапкер порталыңызда авторизациядан өтіңіз: https://www.kimep.kz/ext/application/online/en-US/
- “FILL IN” батырмасын басып «INTERVIEW» секциясына кіріңіз
- Эссе арнаулы тағайындалған терезешеде жазылуы керек
- Эссені жазып болғаннан кейін, оны тексеру үшін жіберуге сіз дайын болған мезетте “SUBMIT” батырмасын басыңыз
- Эссе жазу нәтижелеру «PASS/FAIL» бағасы түрінде рәсімделеді де, Талапкер порталыңыздың «Admission status» секциясында немесе біздің веб-сайтымызда (https://kimep.kz/prospective-students/ru/admission/) көрсетіледі
Төменде Талапкер порталыңызда арнаулы емтиханның түрін көрсететін сурет берілген.
Студенттер қатарына қабылдау
Бағдарламаға қабылдану үшін мектеп / колледж бітіру туралы аттестат түпнұсқасын және ҰБТ сертификатын (бар болған жағдайда) КИМЭП Университетінің Қабылдау комиссиясына келесі жолдардың бірімен ұсынуға қажет болады:
- Құжаттар түпнұсқаларын КИМЭП Университеті Қабылдау комиссиясының пошталық мекен-жайына курьерлік пошта арқылы жіберу
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы 4 (оф.107,103,103А)
КИМЭП Университетінің қабылдау комиссиясы, Уәлиханов ғимараты
- Құжаттарды Қабылдау комиссиясына жекеше әкеліп тапсыру – Уәлиханов ғимаратының № 103, 103 А, 107 офистері
КИМЭП Университетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» бағдарламасына ҰБТ-дан өткен ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері, яғни тестілеу нәтижелері бойынша 75 балдан кем емес, соның ішінде әрбір пән бойынша 5 балдан кем емес алған талапкерлер қабылданады.
Егер сұрақтарыңыз туындаса, Қабылдау Комиссияға хабарласыңыз!
Құрметпен,
КИМЭП Университетінің қабылдау комиссиясы
Телефондары: +7 (727) 270 42 13, +7 (727) 2704248
Моб: +7 707 170 42 13
Эл. мекен-жай: uao@kimep.kz; gao@kimep.kz
Жұмыс істеу уақыты: дүйсенбі — жұма, 8:30 — 18:00