КИМЭП Университеті оқу пәндеріне онлайн тіркелудің ыңғайлы жүйесіне жататын солтүстікамерикандық білім беру нұсқасын ұстанады. КИМЭП-тің әрбір студенті білетіндей, пәндерге ерте тіркелу ерекше артықшылық болып табылады, өйткені  қажетті пәндер мен сүйікті оқытушыларын, ыңғайлы оқу уақытын таңдау арқылы алдыңғы семестрге ең қолайлы сабақ кестесін құруға мүмкіндік береді. Осы себептен КИМЭП-тің барлық студенттері тіркеу мерзімі жариаланғаннан бастап бірден пәндерге тіркелуге тырысады.

КИМЭП Университеті жаңа студенттер/олардың ата-аналарының  көптеген өтініштері мен қажеттіліктерін ескере отырып BELA (ерте тіркеу бакалавры) мәртебесін дамытып енгізді. Осыған сәйкес, барлық студенттер күзгі семестр пәндеріне ерте тіркеуден өте алады.

БЕЛА артықшылықтары:

– ресми оқуға қабылдау мерзімін күтпей-ақ күзгі семестр пәндеріне ерте тіркелу

– өзіңіздің жеке мүдделеріңізге сәйкес ыңғайлы күзгі семестрге сабақ кестесін құру

– жаз мерзімінің қалған айларында бос уақытын өз отбасыңызбен өткізу еркіндігі

БЕЛА мәртебесін алу үшін келесі талаптарды орындау қажет:

– ҰБТ-дан шекті баллдар алып бейіндік пәндердің тиісті комбинациясын таңдаңыз, талапкер порталындағы «ҰБТ» секциясын тиісті алған баллдар мен ЖТК нөмірін көрсетіп толтырыңыз.

– KEPT, TOEFL, IELTS немесе Duolingo тестілерін тапсырып өзіңіздің ағылшын тілі деңгейіңізді анықтап, алған баллдарыңызды талапкер порталындағы «Халықаралық сертификаттар» секциясында тіркеңіз

– орта мектепті бітіргендігіңізді растайтын аттестат немесе колледж/кәсіптік училище бітіру жөніндегі диплом түпнұсқасын КИМЭП Университетінің Қабылдау комиссиясына жеке келіп тапсырыңыз немесе келесі мекенжай бойынша курьерлік қызмет түрімен жіберіңіз: 050010, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, Абай даңғ. 4, Студенттерді тарту және тіркеу бөлімі, Уәлиханов ғимараты.

– «БЕЛА» келісімшартына қол қойыңыз

Егер «БЕЛА» мәртебесі бар студент университеттен шығу туралы шешім қабылдаса, ол тіркелген пәндерден (бұндай пәндер тіркеу жүйесінде бар болса) бас тарту қажет, университеттен бас тарту туралы өтініш жазу және тіркеу кезеңінің соңына дейін пәндерге тіркелу үшін төленген қаражатты қайтару қажет.

БЕЛА мәртебесі бойынша күзгі семестрге курстарға ерте тіркелуге рұқсат алған барлық студенттер тамыз айында студент құрамына тіркеу туралы бұйрық шыққаннан кейін қалыпты мәртебеге автоматты түрде ауыстырылады.