2025-2026 академиялық жылы
Зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына арналған гранттар
Өтеу мөлшері: 100% және 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант стипендия мен жатақхана, студенттік, медициналық төлемдерді, айыппұлдар, депозиттер, кітапхана төлемдерін және т.б ақысын қамтымайды
Грант мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттар саны: 15 – 100% грант және 15 – 50% грант
Азаматтығы: кез келген
Іріктеу талаптар: 2025 жылғы Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің түлектері
Күні: 30 наурыз 2025 жыл (жексенбі)
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін жері: КИМЭП Университеті
Өтініш қабылдау мерзімі: қоса алғанда 2025 жылдың 16 наурызына дейiн
Келесі факультеттердің бағдарламаларына түсетін үміткерлерге арналған:
– Доктор Бэнг атындағы Бизнес факультеті
– Әлеуметтік ғылымдар факультеті
– Білім және гуманитарлық ғылымдар факультеті
– Компьютерлік ғылымдар және математика факультеті
“Халықаралық құқық” және “Құқықтану” бакалавриат мамандықтарына түсетін үміткерлерге олимпиада пікірталас турнирі түрінде өтеді. Пікірталас турнирі туралы ақпарат осы сайтта жарияланды.
Маңызды! Сіз бір ғана іс-шараға қатыса аласыз – Пікірталас Турнирі немесе Интеллектуалды Олимпиада
Бұл грантты 4 оқу жылында сақтау критерийлері:
– күзгі және көктемгі семестрлерде күндізгі жұмыс режимін сақтау – кемінде 4 курсқа немесе көрсетілген семестрде 12 кредитке тіркелу;
– семестрден кейінгі жалпы GPA кем дегенде 3.50;
– қайта алынған (retaken) және бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды.
Олимпиадаға қалай қатысуға болады:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/Паспорттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Бітіретін сыныпта(11/12) оқитының растайтын, Мектепте/Колледжде берілетін анықтаманың көшірмесін жүктеу.
4. IELTS/TOEFL/Duolingo сертификаттары болса, мерзімі бойынша жарамды көшірмелерін жүктеу немесе KEPT эмтиханың тапсыру. KEPT – КИМЭП университетінің ағылшын тілінің деңгейін анықтауға арналған тегін онлайн тест. KEPT-ке тіркелу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қабылдау Комиссия бөлімімен хабарласыңыз (uao@kimep.kz , +7 (727)2704213, 8 707 1704213).
5. Сіздің өтінішіңіздің статусын растайтын хатты бізден күтіңіз (finaid@kimep.kz).
Егер қатысушылардың құжаттар пакеті толық болмаса, Олимпиадаға қатысуға жіберілмейді
Зияткерлік олимпиада КИМЭП университетінің кампусында өтеді және 2 кезеңнен тұрады:
16 наурызға дейін (қоса алғанда) қатысушылар халықаралық IELTS/TOEFL/Duolingo сертификаттарын ұсынуы немесе КИМЭП Университетінің ағылшын тілін еркін меңгеру сынағынан өтуі керек (KEPT тек КИМЭП Университеті үшін жарамды).
Келесі кезеңге өту ұпайлары: KEPT 80 / IELTS 5.5 (әр бөлімде 5.0-ден кем емес) / TOEFL IBT 70 / Duolingo 105 (әр бөлімде 100-ден кем емес).
Сәйкес баллдары бар қатысушылар олимпиаданың екінші кезеңіне шақырылады.
Маңызды! Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).
Маңызды! Барлық емтихандар 2025 жылдың 30 наурызында Алматы қаласында КИМЭП университетінің кампусында өтеді.
Маңызды! Барлық емтихандар ағылшын тілінде өткізіледі. Өту баллының минималды пайызы – 50%. 50% – дан аз ұпай жинаған қатысушылар автоматты түрде сайыстан шығады. Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).
Олимпиадаға «Менеджмент», «Маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Ақпараттық жүйелер», «Компьютерлік ғылым», «Экономика» пәндері бойынша үміткерлер математикадан емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтиханға қатысушылар математикалық есептерді шешу нәтижелері бойынша бағаланады. Ұсынылған математикалық есептер стандартты емес және классикалық олимпиадалық есептермен сәйкес болады. Бұл емтиханға қатысушылар логикалық және аналитикалық ойлауды көрсетуі керек.
Емтихан құрылымы:
Қатысушылар математикадан алты есепті шешуі керек. Олар мыналардан тұрады:
– Орта мектеп бағдарламасына негізделген 2 жеңіл есеп (әрқайсысы 10 ұпай);
– Логикалық ойлауды қолданатын 2 орташа есеп (әрқайсысы 15 ұпай);
– Олимпиадалық деңгейдегі 2 қосымша есеп (әрқайсысы 25 ұпайдан).
Математика емтиханының максималды баллы – 100 балл.
Бағалау критерийлері:
Ұйымдастыру комитеті әрбір үміткерге қатысты шешім қабылдайды. Математика саласындағы бәсекелестер өз мақалаларында қойылған мәселелерге толық егжей-тегжейлі шешімдер мен жауаптар береді деп күтілуде. Түпнұсқа және шығармашылық шешімдер ынталандырылады және бағаланады.
Математика емтиханына дайындалу үшін келесі дереккөздерді пайдалануға болады:
1) pdf-файл “Сборник задач по Математике для поступающих во вузы под редакцией М.И.Сканави” ішіндегі жауаптарымен;
2) pdf-файл “Сборник заданий для проведения письменного экзамена по Математике за курс средней школы. 11 класс. Г.В.Дорофеев”. Жинаққа жауаптар;
3) pdf-файл “Математические олимпиады школьников. И.С.Петраков” ішіндегі жауаптарымен;
4) pdf-файл “Задачи математических олимпиад. И.Л.Бабинская” ішіндегі жауаптарымен;
5) Кез келген басқа әдебиеттер.
Олимпиадаға «Халықаралық қатынастар», «Журналистика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Психология», «Когнитивті ғылымдар», «Саясаттану ғылымдар» мамандықтары бойынша үміткерлер Дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихы пәндері бойынша емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтихан құрылымы:
1. Дүниежүзі тарихы бойынша 30 сұрақтан тұратын тест. Жалпы ұпай саны 30-ға тең.
Дүниежүзілік тарих емтиханына дайындалу үшін келесі оқу құралын пайдалана аласыз “Дүниежүзі тарихы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. 2-бөлім. Р.Р.Кайырбекова” – орыс тілінде pdf-файл
2. Ағылшын тілінде эссе жазу. Эссе 500 сөзден кем болмауы керек. Дұрыс жазылуы мен грамматикасы ескеріледі. Эссе үшін берілетін максималды балл – 70 балл.
Эссе жазу құрылымы:
– Қысқаша кіріспе: таңдалған тақырыптың өзектілігінің негіздемесі (негіздемелері) болуы керек; дәлелдер мен аргументтер болуы керек.
– Негізгі бөлім: тақырып аясында қойылған сұрақтарға ұйымдасқан және логикалық жауап беруі керек; тақырыпты жақсы қамтығаныңызды дәлелдеу қажет. Әрбір сөйлем мен әрбір абзац тақырыпқа сәйкес және аргументті дамытуда қадамдық байланыс болу керек.
– Қорытынды: эссенің негізгі ережелері мен дәлелдерін қысқаша баяндау керек.
Қазақстан тарихының эссе тақырыптары:
Жалпы тақырып: Қазіргі Қазақстанның экологиялық мәселелері
Ішкі тақырыптар: емтихан кезінде беріледі.
Олимпиадаға «Аударма ісі», «Шетел тілдері: Екі Шет тілі» мамандықтары бойынша үміткерлер Дүниежүзі тарихы және тіл білімі мен аударматану емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтихан құрылымы:
1. Дүниежүзі тарихы бойынша 30 сұрақтан тұратын тест. Жалпы ұпай саны 30-ға тең.
Дүниежүзілік тарих емтиханына дайындалу үшін келесі оқу құралын пайдалана аласыз “Дүниежүзі тарихы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. 2-бөлім. Р.Р.Кайырбекова” – орыс тілінде pdf-файл
2. Ағылшын тілінде эссе жазу. Эссе 250-ден 500 сөзге дейін жазылуы керек. Эссе үшін берілетін максималды балл – 70 балл.
Емтиханына арналған эссе тақырыптары:
Жалпы тақырып: Жалпы эссе тақырыбы аударматану, тілдерді үйрену және білім берумен байланысты болады.
Ішкі тақырыптар: емтихан кезінде беріледі.
Дайын эссе келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Кіріспе қысқа, түсінікті және тақырыпқа сай ма?
2. Әр абзацта бір негізгі және нақты сұрақты тұжырымдайсыз ба?
3. Параграфтар логикалық реттілікпен берілген бе?
4. Өз идеяларыңызды қолдау үшін қандай дәлелдер қолданасыз?
5. Қарсы пікірлерді қабылдайсыз ба?
6. Қайталау мен жалпылаудан аулақсыз ба?
7. Сіздің қорытындыңыз қысқа және тақырыпқа сәйкес пе?
8. Сәйкес грамматика, сөздік және тыныс белгілерін пайдаланасыз ба?
Маңызды! Эссе автордың тақырып бойынша жеке пікірін ғана емес, сонымен қатар тақырыпты түсіну деңгейін көрсетуі керек.
Бағалау критерийлері:
Эссе IELTS Writing Task 2 (барына қолжетімді нұсқа) бойынша бағаланады.
Дайындау үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Academic Writing from Paragraph to Essay, 2010, by Dorothy E Zemach ; Lisa Rumisek
2. Engaging Writing 2: Essential Skills for Academic Writing, 2nd Edition, 2011, by Mary Fitzpatrick
3. Essay Writing For English Tests, 2001, by Gabi Duigu
4. Writing High School Essays With Advanced English Grammar: Book 2, 2016, by Quek Boon Chuan
5. Writing Essays: A guide for students in English and the humanities, 2015, by Richard Marggraf Turley
Нәтижелер шығу кезеңі: сәуір-мамыр
– Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті қатысушыдың екінші кезеңде жинаған ұпайлары бойынша гранттарды үлестіреді.
– Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).
– КИМЭП олимпиадасы әр мамандық ішінде 1-орын жеңімпазына 100% грант және 2-орынға 50% грант қарастырады.
– Екінші кезеңде 50%-дан аз жинаған қатысушы грантпен марапатталынбайды.
– Гранттарды қайта бөлу кезінде кезек күту тізімі қалыптасады. Тек жалпы балы 50% немесе одан жоғары үміткерлер кезекке қосылады.
– Грант зияткерлік олимпиадаға қатысу кезінде олимпидаға тіркелу нысанында тандалған мамандыққа беріледі.
– Марапатталған студенттер оқу бағдарламасын өзгерте алмайды, әйтпесе олардың гранты жойылады.
– Марапатталған студенттерге пошта арқылы марапаттау хаты мен ережелері жіберіледі.
– Олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережелерімен, сондай-ақ КИМЭП Университетінің ішкі қабылдау саясатында белгіленген қабылдау талаптарын орындауға міндетті, соның ішінде ҰБТ тиісті мамандандырылған пәндермен.
Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздарына арналған гранттар
“Халықаралық құқық” және “Құқықтану” бакалавриат мамандықтарына түсетін үміткерлерге олимпиада пікірталас турнирі түрінде өтеді. Пікірталас турнирі туралы ақпарат осы сайтта жарияланды.
Маңызды! Сіз бір ғана іс-шараға қатыса аласыз – Пікірталас Турнирі немесе Интеллектуалды Олимпиада
KAEF гранты
Грантының демеушісі: KIMEP Alumni Endowment Fund
Ұсыну мерзімі: 4 академиялық жылға
Гранттың саны: 10
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Өтініш беру мына жерде: kaefund.kz
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 31 қаңтары (мәліметтерді демеушінің веб-сайтынан қараңыз)
Байланыс телефоны (KAEF): 8-701-2722270, 8-771-3469956
Instagram: @kaefund
E-mail: kaefund@kimep.kz
Kazenergy Қауымдастығының гранты
Грантының демеушісі: Kazenergy қауымдастығы
Өтеу мөлшері: 100% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грантға стипендия мен тұру ақысы кірмейді. Шәкіртақы студенттер мен медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттерді және басқаларды қамтымайды
Ұсыну мерзімі: 2025-2026 академиялық жылы
Гранттың саны: барлығы ~30~35 бакалаврлар мен магистранттар талапкер және ағымдағы студенттер
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Өтініш беру мына жерде: kazenergy.com
Өтініш беруге көмек: Бірінші курс студенттері қабылданғаннан кейін справкаға өтініш бере алады. Бірінші курс студенттері семестрлер бойынша ұсынылған кредиттер санын алу үшін ссылка арқылы КИМЭП Университетінің Студенттерді оқытуды қолдау орталығына хабарласуы керек. Одан кейін қабылдау және оқу ақысы туралы анықтаманы алу үшін a.kazimov@kimep.kz (WhatsApp +7 705 1563636) арқылы КИМЭП Корпоративтік даму департаментінің келісім-шарттар бойынша маманы Акылбек Казимовке хабарласыңыз. Электронды хаттарында бірінші курс студенттері келесі ақпаратты көрсету қажет:
Аты-жөніңіз (ресми жеке мемлекеттік куәлігіңізден);
– Жеке куәліктің скан көшірмесі;
– Студенттік нөмір;
– Әрбір семестрде (Күз 2025, Көктем 2026 және Жаз 2026) KIMEP E-Advising ақпаратының негізінде жоспарлап отырған кредиттер саны. Анықтамаңыз сіздің электронды поштаңызға оған тапсырыс бергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
2025-2026 академиялық жылында осы гранттының критерийлері сақталады:
– бас тартылған (withdrawn) пәндер қамтылмайды
Өтініштерді қабылдау мерзімі: шілде айының ортасынан тамыз айының соңына дейін қоса алғанда (мәліметтерді демеушінің веб-сайтынан қараңыз)
Байланыс телефоны (Kazenergy): 8(7172)794975
E-mail: candidate@kazenergy.com
Ішкі шәкіртақыларды жазғы бөлу
Жазда бөлінетін ішкі шәкіртақылар кейінірек жарияланады
Бір отбасының мүшелеріне, КИМЭП түлектеріне және бизнес секторындағы студенттерге арналған қаржылық қолдау
Өтеу мөлшері: 20% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Қаржылық қолдауға стипендия мен тұру ақысы кірмейді. Шәкіртақы студенттер мен медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттерді және басқаларды қамтымайды
Ұсыну мерзімі: толық оқу мерзіміне беріледі
Азаматтық: кез-келген
Іріктеу талаптар:
– КИМЭП магистратурасында оқу;
– студент КИМЭП бағдарламасының түлегі болуы керек (бакалавриат, магистратура, PhD).
Қаржылық қолдауға өтініш беру процесі келесі электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады: finaid@kimep.kz
Өтеу мөлшері: 10% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Қаржылық қолдауға стипендия мен тұру ақысы кірмейді. Шәкіртақы студенттер мен медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттерді және басқаларды қамтымайды
Ұсыну мерзімі: бір мезгілде оқу шартымен оқудың бүкіл кезеңіне
Азаматтық: кез-келген
Іріктеу талаптар:
– жұбайы, балалары, аға-әпкелері, ата-анасы бір уақытта КИМЭП магистратурасында оқыды.
Ескерту: бір отбасынан екі студент КИМЭП-те оқитын болса, олардың екеуіне оқу ақысының 10% қамтитын қаржылық қолдау беріледі.
Қаржылық қолдауға өтініш беру процесі келесі электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады: finaid@kimep.kz
Өтеу мөлшері: 10-%20% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Қаржылық қолдауға стипендия мен тұру ақысы кірмейді. Шәкіртақы студенттер мен медициналық төлемдерді, айыппұлдарды, кітапхана төлемдерін, кез келген депозиттерді және басқаларды қамтымайды
Ұсыну мерзімі: толық оқу мерзіміне беріледі
Азаматтық: кез-келген
Іріктеу талаптар:
– ресми жұмысқа орналасқан болу.
Ескерту:
a. Егер бір компаниядан үш немесе одан да көп студент толық академиялық жүктемесімен оқуға келсе, оларға оқу ақысының 20%-ы қаржылық қолдаумен қамтылады.
b. Егер толық академиялық жүктемесімен оқитын студент КИМЭП-тің серіктес компаниялардың келсе, оқу ақысының 10%-ы қаржылық қолдаумен қамтылады.
Өтініш беру процесі: қаржылық қолдауға өтінім беру процесі Корпоративтік даму департаментінің хаттарымен және жұмыс орнынан анықтамалар арқылы жүзеге асырылады
1. Егер өтініш беруші екі немесе одан да көп санатқа жататын болса, жиынтық қаржылық қолдау соммасы 30%-дан аспайды.
2. Марапатталған студенттер Қаржылық көмек саясатында белгіленген ережелер мен қағидалармен танысып, сәйкес келуі қажет.
3. Корпоративтік Даму Департаменті қызметкерлері қаржылық көмек алуға құқығы бар серіктес компаниялардың тізімін ұсынуға, тексеруге және жаңартуға жауапты.
Қосымша 1. Құрама жеңілдіктерді бөлудің мысалы
# | Бірінші санат | Екінші санат | Total |
1 | КИМЭП түлектеріне қаржылық қолдау – 20% | Бизнес сектор студенттеріне қаржылық қолдау б) – 10% | 30% |
2 | Ағайындылар мен отбасы мүшелеріне қаржылық қолдау – 10% | КИМЭП түлектеріне қаржылық қолдау – 20% | 30% |
3 | Бизнес секторының студенттеріне қаржылық қолдау а) – 20% | Ағайындылар мен отбасы мүшелеріне қаржылық қолдау – 10% | 30% |
4 | Бизнес секторының студенттеріне қаржылық қолдау а) – 20% | Бизнес секторының студенттеріне қаржылық қолдау б) – 10% | 30% |
5 | Ағайындылар мен отбасы мүшелеріне қаржылық қолдау – 10% | Бизнес секторының студенттеріне қаржылық қолдау б) – 10% | 20% |