Жаңа студенттер қандай медициналық құжаттарды тапсыруы керек.
Талапкерлер құжаттарды тапсырған кезде КИМЭП Университетінің медициналық орталығына (пәндерге тіркелу кезінде қиындықтарды болдырмау үшін) құжаттардың толық пакетін тапсыруы керек:
Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ 075/е нысаны), оған келесі дәрігерелер тексерулері кіреді:
- Терапевт;
- Офтальмолог (көз дәрігері);
- Оториноларинголог (ЛОР);
- Хирург;
- Невролог;
- Аспаптық және зертханалық зерттеулер: флюорография, микрореакция және нәжіс/гельминттер.
075/е анықтамасын алу үшін келесі дайын анықтамалар болуы керек:
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Психо-неврологиялық ұйымнананықтама.
Бұл анықтамаларды eGov.kz порталы (наркологиялық анықтама, психоневрологиялық анықтама) немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
№ 065/е нысанының көшірмесі (егу картасынан, амбулаториялық картадан екпелер туралы жазбалардың көшірмелері)
Қорытындысы бар кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография). Қорытындыда рентгенологтың екі мөрі болуы керек. Кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография) 075/е формасына бекітіледі.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде түсірілген кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорографиясы) Алматы қаласында рентгенологтың куәландыруынан өтуі тиіс.