evision-corporate-image
feedback

Пікірлер

1

Aiym_kaz

Assylay_kaz

Azamat-Turlibekov_kaz

Ержан Досымбеков (MBA, 1999). Досымбеков мырза –«Грант Торнтон» ЖШС басқарушы серіктес.
КИМЭП-тегі білім туралы:
“Менің көзқарасым бойынша, менің табысыма КИМЭП-тің қосқан үлесі баға жеткізгісіз. 1996 жылы Қазаққ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітіргеннен кейін мен өзімнің болашағыма күмәнмен қарадым – сол кезеңдерде біздің елімізде байыпты экономикалық реформалар жүргізіліп жатқан еді, өкінішке қарай физик түлектер ешкімнің сұранысын тудырмады. Мен күні бүгінге дейін білімімді КИМЭП-те жалғастыруға кеңес берген досыма шексіз ризашылығымды білдіремін.
Басынан бастап-ақ мені оқыту үдерісінің мүлдем басқа тәсілі таң қалдырды: оқытушылардың құзыреттілігі, күнделікті тексерулер, жұмыстың орындалуының қатаң мерзімі, анық талаптар және әділ баға.
Сонымен қатар маған КИМЭП кітапханасы мен кітап қоры қатты ұнады – онда бизнес, менеджмент, қаржы, маркетинг, коммуникациялар және т.б. туралы көптеген ақпарат болды, олардың барлығы да түпнұсқалы деректерден, батыстық авторлардан еді. Оқу оңай болған жоқ (дайындыққа уақыттың аздығы, орасан көп ақпаратты оқып-түсіну қажеттігі, тілдік тосқауыл, сабақтар мен емтихандарға жатпай-тұрмай дайындалу). Бірақ маған бұл ұнайтын, мен әлі күнге дейін сол кезді сағынамын. Бұл кейінірек, яғни мен өзімнің мансабымды халықаралық аудиторлық фирмада бастаған кезде өте көп көмектесті. Алған білімім мен біліктілігім менің артықшылықтарым болды, ал бұл компания осы күнге дейін КИМЭП түлектерін артық көреді».
Бүгінгі студенттерге айтар тілегім:
“Сіздерді Қазақстандағы бизнес пен қаржы саласындағы ең үздік жоғары оқу орны – КИМЭП-те оқып жүргендеріңізбен құттықтағым келеді. Мен КИМЭП-тегі оқу үдерісі кезінде барлық талаптарға үнемі сай келу оңай еместігін білемін. Бірақ маған сеніңіздер – еткен еңбегіңіз соған тұрады!
Төзімді болыңыздар, оқуға зейін қойыңыздар, белсенді болыңыздар, әр нәрсеге епті болыңыздар… Ерте ме, кеш пе  осының бәрі сіздің пайдаңызға қарай шешіледі. Тек КИМЭП-те ғана емес, жалпы алғанда өмірде айналысып жүрген  нәрсенің бәріне де жауапты болыңыздар. Сонда ғана табыс сізге өзінен өзі келмек!»

Алмас Сансызбаев сұхбаты, BAT қаржы менеджері

  • Сіз неліктен КИМЭП-ті таңдадыңыз? 

КИМЭП – студенттерге әлемдік деңгейдегі білім беретін Қазақстандағы ең таңдаулы жоғары оқу орны. Мен шын мәнісінде бұған не қосарымды да білмеймін. Бұл соңғы 20 жылдағы КИМЭП пайдасына қарай айтылатын негізгі дәлел.
 

  • КИМЭП туралы ең жарқын естеліктеріңіз қандай? 

Менің КИМЭП-тегі оқуым туралы жағымды есте қалатын жайттар көп – 2005 жылғы  жазғы қарқынды курстардан бастап, 2009 жылдың көктемнің соңындағы оқу бітіруді тойлағанға дейінгі емтихандарға дайындалатын ұйқысыз түндер. КИМЭП-те өткізген әрбір күн менің өмірімде тамаша естелік болып қалды.     
 

  • Оқытушылардан кімдер есіңізде қалды? 

Мен көптеген білікті оқытушыларды әлі ұмытқан жоқпын –  олар Жазира Қадырбаева, Сержан Нұрғожин, Николай Поветкин, Гийом Тибергьен, Джон Райт, Наталья Пя, Лора Поп және т.б. Бұл адамдардың барлығы да өз саласындағы тамаша кәсіби шеберлер және нақ солардың күш салуымен пәндер қызықты әрі ерекше өткені айдан анық. Бәрінен бұрын Ханс Рау есімде көбірек қалды, мен онда соңғы 2 семестрде ассистент болып жұмыс істедім. Білмегенімді үйретіп, маған берген кеңестері үшін оған деген алғысым шексіз.  
 

  • Сіз қазір қайда жұмыс істеп жүрсіз және өзіңіздің мансаптық лауазымыңызды қалай бастадыңыз? 

Қазір мен осыдан бес жыл бұрын келген «British American Tobacco» компаниясында жұмыс істеймін. Мен жұмысымды менеджмент саласындағы стажер болып бастағанмын, ал енді Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан бойынша қаржылық менеджер лауазымында қызмет істеймін. Мен ара-арасында аймақ бойынша жоспарлау және есептілік жөніндегі маман, сонымен қатар Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша аға қаржы аналитигі болып жұмыс істедім.   
 

  • Сізге КИМЭП-те алған біліміңіз жұмыста қалай көмектесті? 

КИМЭП жоғары оқу орнында оқи бастаған кезден бері менің өмірімнің барлық аспектілеріне көмектесіп келеді. Бұл әсіресе екі жағдайда, дәлірек айтсам, 2007 жылы бакалавриат студенттері үшін АҚШ-та бір жыл тегін оқу грантын алған кезде және 2009 жылы өзім жұмыс іздеген кезде анық байқалды.   
АҚШ-та оқып жүрген кезімде мен басқа білім беру жүйесіне бейімделуге байланысты ешқандай қиыншылықтарға тап болған жоқпын. КИМЭП мені бұған өте жақсы дайындады. Ал, 2009 жылы, яғни экономикалық дағдарыс кезінде, менің білімім оқу бітіргеннен кейін алғашқы үш айдың ішінде жұмысқа орналасу туралы 4 ұсыныс алуыма көмектесті.    
 

  • Сіз өзіңізбен бірге бітірген түлектермен қаншалықты араласып тұрасыз? 

Мен өзімнің көптеген курстастарыммен үнемі байланыстамын. Кейбіреулері менің ең жақын достарым, сондықтан біз жиі кездесіп тұрамыз. Ал, кейбіреуімен мен жұмысқа қатысты хабарласып тұрамын, бұған КИМЭП байланыстар желісі жақсы көмектеседі.  
 

  • Сіздің қазіргі студенттерге берер ақыл-кеңесіңіз 

Мен студент болып жүрген кезімде оқытушылардың бірі маған былай деген еді: өзіңді басқалармен салыстыру қажет емес, өзіңнің бүгінгіңді өзіңнің кешегіңмен салыстыр. Кез келген адам үшін күн сайын жаңа нәрсені үйрену өте маңызды. Өз жағдайыңызды, өз  позицияңызды басқа біреумен салыстырудың еш мағынасы жоқ. Басқаның асар асуының қалай болғанын сіз түсінбейсіз, ал, өзіңізге қазіргі шыққан шыңыңыздың құны қаншалықты екендігі өз алақаныңызда. Сондықтан өзіңіздің барлық ресурсыңызды тиімді пайдалануға тырысыңыз.   
 

  • Сізге сабырлы болып қалудажәне мақсатқа ұмтылуда не көмектеседі? 

Мен әрдайым сабырлы бола бермеймін. Кейде мен күйгелек, мазасыз немесе абыржыңқы күйде жүремін. Кез келген адам осы күйді басынан өткерері хақ. Бірақ қалай тез қалыпқа түсу керектігін білу өте маңызды. Сіз тезірек қалыпқа түссеңіз соғұрлым жақсырақ болмақ.
Мен үнемі мақсатқа ұмтылып отырамын, өйткені менің ұзақ мерзімді мақсаттарым бар. Менің мақсатым мен үшін не маңызды, не маңызсыз екендігін әрдайым есіме салып отырады.
 

  • Сіз табыс һәм бақыт туралы не ойлайсыз? 

Табыс һәм бақыт – өте субъективті дүние. Әр адам табысты әр түрлі анықтап, бақытты әр түрлі сезінеді. Мен үшін табыс та, бақыт та қарым-қатынаспен белгіленеді. Барлық жағдайда жеңу мүмкін емес, бірақ барлығында қандай-да бір табыстарға жетуге болады. Бақыт та сол сияқты – бақытты боласыз ба, жоқ па, бұл сіздің өз таңдауыңыз.  
 

  • Сіз КИМЭП жұртшылығына тағы не айтар едіңіз? 

Мен өзімнің барлық курстастарымды, оқытушыларымды және менің өміріме қосқан үлесі үшін КИМЭП-тің барлық жұртшылығына шын жүректен ризашылығымды білдіремін.   
 
Аскар Алимбеков сұхбаты

  • КИМЭП-ті неге таңдадыңыз?

КИМЭП-ті таңдаған себебім, ол Қазақстан ЖОО арасындағы ең беделдісі. Қызықты жайт, өзімнің білімім мен болашақ мансабым үшін жасаған шын мәніндегі ең дұрыс шешімек ендігін кейіннен түсіндім. Оқуды бітіргеннен кейін маған және менің көптеген жолдастарыма «Үлкен төрттік» қатарына кіретін компаниялардан ұсыныстар жасалды.

  • КИМЭП-тегі оқудан есіңізде қалған ең ұмытылылмас сәттер қандай?

Есіме керемет кампус, өзімнің студенттік өмірім, достарыммен аудиторияларда және асханада өткізген ұмытылмас студенттік кез түседі. Осында мезгіл сайын бозбала шағымды есіме түсіру үшін келіп тұрамын. Бұл, әрине, оқудың өзін ұмыттым деген сөз емес, яғни зерттеуді қажет ететін мыңдаған материалдар және д,е әрине, практикалық сабақтар мен семинарлар.

  • Қандай ерекше профессорлар жадыңызда қалып қалды?

Бухгалтерлік есеп бойынша өзімнің бірінші оқытушым Нұрлан Оразалин – өте қатал, бірақ әділ, іскерлік қазақ тілінің оқытушысы Нұрайша Бекеева – өз студенттерін өте жақсы көретін, сонымен қатар ағылшын тілінің оқытушысы – Қалдыгүл Өтембаева және Джон (ол Англиядан келген жазу пәнінен сабақ беретін) – осы тұлғалардың арқасында IELTS тестін тапсырып шықтым, Николай Поветкин – ол экономиканың әртүрлі концепцияларын ежіктеп түсіндіретін, осылайша жалғастыра беруге болатын еді, бірақ бұл тым көп уақыт пен көп орын алады. Олардың әлі де КИМЭП-те қызмет ететіндігіне сенімді емеспін, бірақ мені тұлға ретінде жетілдірген мұғалімдер осы кісілер болатын.

  • Қазіргі таңда қандай іспен айналысасыз және қашаннан бері? Осы қызметіңізде мансаптық өсу орын алды ма?

Қазіргі таңда үлкен көпұлтты банктің активтер портфелінің менеджері болып табыламын. Бұқаралық ақпараттар құралында жұмыс берушімнің атауын айтуға құқығым жоқ, бірақ бұл кең танымал ұйым. Бұған дейін активтарды басқару мен сатумен айналысқанмын. Қаржылық нарық әлемімен өзімнің бірінші қызмет орным Халық банкінің зейнетақы қорында таныстым, қазіргі таңда ол қайта құрылып басқа қазақстандық зейнетақы қорларымен мемлекеттік зейнетақы қорына  біріктірілген. Бұл компания мені КИМЭП түлектреінің мәліметтер қорынан тауып алған болатын. Онда екі жыл жұмыс істеп қазіргі жұмыс берушімнен ұсыныс алғанмын. Сондықтан КИМЭП мансап және жұмысқа орналастыру орталғы алдында қарыздармын.

  • КИМЭП-те білім алғандығыңыз Сіздің қызметіңізге қандай ықпалын тигізді?

Халық Банкінің зейнетақы қоры мені КИМЭП түлектреінің мәліметтер қорынан тауып алған болатын. Онда екі жыл жұмыс істеп қазіргі жұмыс берушімнен ұсыныс алғанмын. Сондықтан КИМЭП мансап және жұмысқа орналастыру орталғы алдында қарыздармын.
Алған білімім туралы айтатын болсам, қызметтестерім де келіседі деп ойлаймын, КИМЭП қаржы, экономика, деривативтер және т.б. салада мықты фундаменталды білім береді деп білемін. КИМЭП түлектерінің көбісі ағылшын тілінде еркін сөйлейтіндігінің өзі кез-келген беделді жұмыс берушілер үшін ерекше маңызды болып табылады.

  • Өз курстастарыңызбен байланысып тұрасыз ба? Егер байланыста болсаңыз, онда қаншалықты жиі кездесіп тұрасыздар?

Біз әрқашан байланыстамыз, тіпті шетелге бірге оқуға барғанбыз. Бұл жағдай 2008 жылы болды, мен кенеттен магистр дәрежесін алуға шештім, өйткені әлем экономикалық дағдарыс қарсаңында болатын. Осылайша мен Англияға халықаралық бизнес және қаржы саласы бойынша оқуға кеттім, сөйтіп КИМЭП-те бірге оқыған курстастарымның көбісі мен сияқты Англияға оқуға келіп, тіпті бір бизнес мектепте оқитын болып шықты . Бұл таңқаларлық жайт болды!

  • Қазіргі студенттерге қандай кеңес бере аласыз?

Білемін, бұл жаттанды болып көрінсе де, дегенмен, асығудың қажеті жоқ. Өз уақытыңнан ләззат алып, көбірек білім алуға тырысыңыздар. Тіпті, сізге болашақта қажеті жоқ білім болып көрінгенмен, маған сенсеңіз, ерте ме, кеш пе ол сізге керек болады.

  • Сіздің түсінігіңіз бойынша бақыт пен жетістік дегеніміз не?

Менің ойымша бақыт дегеніміз таңертең тұрып жұмысыңды асыға күткенің, ал кешкісін үйіңе де сонша асыққаның.
Жетістік дегеніміз матеиалдық қажеттіліктеріңді ойламай, болашақ өмірге деген үлкен жоспарлар құру.

  • КИМЭП қауымдастығымен бөлісетін қосымша ойларыңыз бар ма?

Біздің түлектер мықты пікірлестер желісін құрып, алған білімдерін, байланыстарын, әкімшілік ресурстарын және т.б. пайдалана отырып бір-біріне жәрдемдессе екен деп ойлаймын. Содан кейін біз демеушілік бағдарламаларымызды және сақтық қорларымызды пайдалана отырып КИМЭП-ті беделді білім беру және ғылыми орталыққа айналдыруға және тек аймақта ғана емес, бірақ әлемдік деңгейде мәртебелі оқу орнына айналуына көмектесуіміз қажет.
«Мен оқуды бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Маған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан мемлекеттік басқару магистрінің дипломын алуыма мүмкіндік берген менің альма-матерім  менің осы жолда табысқа жетуімд  міндеттейді» – Еркін Рахимбергенов. Мемлекеттік басқару магистрі, 1998.
КИМЭП Қазақстанда алуға болатын озық білімді, болашақта бизнес пен нарықтық экономиканың ең маңызды принциптерін түсіну үшін ең жақсы негізді береді Тамаша  адам д-р Бэнгке оның таланты, биік беделі, энтузиазмы, кәсіби шеберлігі, адалдығы мен қайсарлығы үшін ерекше алғыс!!!’ – Меруерт Бафина, М Мемлекеттік басқару магистрі, 2002.
КИМЭП – маған өте жақсы білім берген, халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы бизнес-мектеп. КИМЭП түлектері Қазақстандағы бүкіл іскерлік қоғамдастыққа жоғары стандарттарды орнатады–Бахтияр Батырбек, Іскер әкімшілдік бакалавры, 2005.
КИМЭП –Қазақстандағы бизнес білімнің  флагманы– Жанна Зиманова, Іскер әкімшілдік магистр», 1995.
АҚШ пен Нидерландыда оқығаннан кейін мен кез келген адамға КИМЭП беретін білім деңгейі халықаралық стандарттарға сай келеді деп нық сеніммен айта аламын. КИМЭП түлектері дүние жүзінің кез келген елінде пайдаланылуы мүмкін тәжірибе мен дағдыларға ие– Азат Әбдібеков, Іскер әкімшілдік бакалавры, 2008.
КИМЭП-тің білімі әрдайым теңдессіз болып қала бермек. КИМЭП түлектері сұранысқа ие және жұмыс берушілер тарапынан құрметке бөленген. Мен КИМЭП-ке оқу стандарттары, оқулықтары, оқытушылары, естен кетпес студенттік күндері мен өзімнің жұмысым үшін алғыс сезімімді білдіремін!… КИМЭП – бұл сіздің болашаққа бақытты билетіңіз  –Айгерім Жапарова, Іскер әкімшілдік магистрі, 1997.
КИМЭП-тен білім алу өзімнің мансабымды таңдауда және кейінгі табыстарға жетуде ең маңызды фактор болды. КИМЭП  стал самым важным фактором в моем выборе карьеры и в последующем успехе. КИМЭП біз үшін жаңа қызметкерлерді іріктеу барысында ең таңдаулы ресурстарының бірі болып табылады’ – Бауыржан Бурханбеков, Іскер әкімшілдік магистрі, 1997.
КИМЭП-тегі білім бизнесте де, мемлекеттік секторда да мансаптық өсуге мүмкіндік береді. Менің көзқарасым бойынша, КИМЭП түлегі кез келген қызмет саласында табысты мансап құруға қабілетті– Айдар Жексембиев, Мемлекеттік басқару магистрі.
«Мен үшін КИМЭП   республикамыздың тек  артық дәрежелі жоғары оқу орны ғана  емес, менің болашағымның негізін салған оқу орны ретінде де мәңгі қала бермек. КИМЭП-те алған білімім мен дағдым менің кез келген мәселеде биікте тұруыма мүмкіндік береді– Айдар Өткелов, Мемлекеттік басқару магистрі, 1998.
КИМЭП қойған миссия тек менің мансабымды ғана емес, жалпы алғанда  бүкіл өмірімді өзгерткен білімді алуыма мүмкіндік берді деп ойлаймын– Эльмира Боговиева, Мемлекеттік басқару магистрі, 1996.
КИМЭП-те алған білімнің ықпалы туралы айта келе, мен макроэкономикадан берген оқытушымның сөзін дәйектей кеткім келеді: “Әрине, сендерге негізгі білімді жоғары оқу орны береді. Бірақ ең маңыздысы, ол сендерді өзіңді өзің жетілдіруге, өздігінен білім алуға, уақытыңды бағалауға, оны ұтымды пайдалануға, сонымен қатар күйзелісті оңай жеңуге үйретеді– Айгерім Ибраева, Мемлекеттік басқару магистрі, 1996.
КИМЭП өз студенттеріне өздерінің амбициясы мен талантын жүзеге асыруларына көмектеседі, оларға көп күш беріп, басқаларды көбірек құрметтеуге үйретеді – адамда  әр түрлі салаға өзінің үлесін қосуға қабілетті екендігін сезінген сезім пайда болады. Тәуелсіз әрі сенімді болуға үйрене отырып, КИМЭП түлектері осы қасиеттерді құрметтейді және келешекте осы қасиеттерді өзінде дамытуға ұмтылады деп ойлаймын’ – Ділбар Ғимранова, Іскер әкімшілдік магистрі, 2000.
Мен КИМЭП-ке мені үйреткен нәрселері үшін ризашылығымды білдіремін.  КИМЭП – бұл жоғары білім беретін жай ғана жоғары оқу орны емес, одан да артығырақ; шын мәнісінде – бұл бізді бәсекелі ортада қалай тіршілік ету керектігіне, әр түрлі қиындықтарды еңсере отырып, қалаған нәтижені қалай алуға болатынын үйреткен тамаша мектеп. Соынмен қатар бұл – біздің кездесетін, әр түрлі мәдениеттегі, әр түрлі идеядағы әр түрлі адамдармен қарым-қатынасымызды құратын қоғамдастық– Земфира Шамилева, Іскер әкімшілдік бакалавры, 2008.
КИМЭП маған оқуға, түсінуге, қандай да бір күрделі кез келген салада білімімді тиімді әрі нәтижелі қолданудағы өзімнің қабілеттілігіме сенімділі кберді. Жылдар зулап өте шықты, ал мен болсам  12 жыл өтсе де КИМЭП-те өткізген күндерімді қатты сағынамын– Евгений Копайгора, Іскер әкімшілдік магистрі, 1998.

KPMG компанияның біздің түлектер жайлы пікірі
КИМЭП түлектерінің білім сапасын және сіздің компанияңыздағы жұмысын қалай бағалайсыз?
Біздің KPMG компания Қазақстанда және Орталық Азияда 10 нан аса жыл бойы компанияға дарынды жас қызметкерлерді іріктеуде КИМЭП Университетімен тығыз өзара қызмет атқарып келеді. КИМЭП түлектері біздің қызметкерлердің 1/3 бөлігін құрайды, олар жұмыста өте тиімді нәтижелер көрсететін компанияның алдыңғы қатарлы қызметкерлері болып табылады.
Қазіргі таңда компанияның топ менеджментінің 50% КИМЭП Университетінің түлектері болып табылады.

КИМЭП түлектері басқа Қазақстандық ЖОО-лар түлектерінен немен ерекшеленеді?
КИМЭП түлектері басқа ЖОО-лардың түлектерінен бәсекелес бизнес ортасына жақсы дайындығымен ерекшеленеді: ағылшын тілін жетік меңгерген, олардың қаржы, бухгалтерлік есеп жағынан үздік академиялық және практикалық білімдері бар. Олар тұсаукесер жасауға тамаша дағдыланған, командада жұмыс істеу коммуникативтік дағдыларын иемденген, әр түрлі жағдайларға тез бейімделіп, басқаша ойлауға қабілеттенген. Олар еш қорқынышсыз жауапкершілікті өз мойындарына алып, команданың көшбасшысы ретінде әрекет етеді, тапсырманы шығармашылық тұрғыда шешіп, команданы ұйымшыл түрде жетелей жемісті қортындыға алып келе алады.

Әдетте біздің түлектердің қызмет мансабы сіздің компанияңызда қалай басталады?
Негізінде КИМЭП түлектері біздің компанияда мансаптарын машықтанушы немесе аудитордың/консультанттың ассистенті ретінде бастайды және өзінің командасымен қатар біздің компаниялар іске асыратын жобаларға толық қанды қатысады.

Қазіргі түлектердің өткен жылдардағы (5, 10 жыл бұрынғы) түлектерден айырмашылығы бар ма?
Соңғы 5-10 жыл ішінде еңбек нарығындағы және жалпы бизнестегі жағдайлар өте қатты өзгерді, сәйкесінше 5-10 жыл бұрынғы мен қазіргі түлектердің арасындағы ерекшелік те өзгеріске ұшырады. Негізгі ерекшелік ол – жұмыстың басталуына түлектердің дайын болуы. Қазіргі таңда түлектер болашақ мансабына мамандықты таңдауда аса саналы болып келеді. Университеттің жоғарғы курстарында оқи отырып, олар бизнестің әр түрлі салаларында машықтанушы ретінде жұмысты қатар алып жүреді және университетті бітіргеннен кейін өз мансаптарын алдағы бес жылға құруда саналы түрде белгілі бір бөлімді таңдайды. Қазір түлектер жұмысты материалдық төлемақы мен әлеуметтік пакет негізінде таңдау жасап қоймай, өздерінің кәсіби дағдыларын дамытуды көздеумен, «work & life balance»-ке көңіл бөледі, яғни жұмыс пен жеке өмір арасында теңдік болатын жұмысты таңдайды.

Әдетте біздің түлектер қызымет мансабымен қалай көтеріледі?
KPMG компаниясында КИМЭП түлектері мансап баспалдағымен екпінді түрде көтеріледі. Олар өз мансаптарын машықтанушы немесе ассистент лауазымында бастайды, сосын жыл сайын кезең-кезеңмен жұмысының қортындылары бойынша келесі лауазымдарға көтеріледі: консультант, супервайзер/аға консультант, менеджер, аға менеджер, директор және серіктес.
КИМЭП түлектері біздің компанияда «double promotions» бойынша көшбасшы болып келеді, бұл КИМЭП-тің түлектері басқа ЖОО-ларды бітірген біздің қызметкерлерге қарағанда, қызмет мансабында қатарымен екі лауазымға көтеріледі.

Қазіргі талапкерлер мен студенттерге сіздің тілектеріңіз.
Біздің KPMG компания жас және дарынды мамандарды іздейді және біз жұмыс өтілімі бар тәжірибелі мамандарға қарағанда түлектерді іріктеуге көп көңіл бөлеміз. Академиялық оқудың жоғары және жақсы қортындылары кандидатты іріктеу кезіндегі маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да біз қазіргі талапкерлер мен студенттерге тырысып білім алуды және университеттің әлеуметтік өміріне барынша көп қатысуды тілейміз. КИМЭП Университеті Қазақстанның өте дарынды, жан-жақты дамыған, белсенді және алғыр жастары осы жерде қалыптасатындығын көрсетеді, ол жерде тек академиялық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік жағынан да дамуға мүмкіндік бар.

JSC Kazinvestbank компаниясы пікірі
Сіз КИМЭП түлектерінің сапасы мен олардың Сіздің компанияңыздағы жұмысын қалай бағалайсыз?
Егер 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша болса, онда 9 деп бағалаймыз.

КИМЭП түлектерінің басқа қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінен қандай айырмашылығы бар?
Біріншіден, КИМЭП түлектерінің ағылшын тілін білу деңгейі жақсы, олар оны компанияда / Банкте қолдана алады, өйткені ағылшын тілін білу жұмыс берушілер үшін қазір өте маңызды болып табылады, екіншіден, жұмыстағы нақты жағдаймен өте ұқсас әр түрлі тапсырмалармен, жобалармен аз да болса жұмыс тәжірибелері бар, үшіншіден, түлектер адалдық, әдептілік және еңбексүйгіштік сияқты жақсы жеке қасиеттерге ие болған.

Әдетте біздің түлектеріміздің Сіздің компанияңыздағы мансабы қалай басталады?
Жас маманнан бастап орта буын басшыға дейін. Қазіргі түлектердің өткен жылдардағы (5, 10 жыл бұрынғы) түлектерден айырмашылығы бар ма? Айту қиын, өйткені уақыт өзгереді, соған сай жұмыс берушілердің талаптары да өзгереді.

Сіз қазіргі заманғы еңбек нарығының қандай ерекшеліктерін атар едіңіз?
Жұмыс беруші үшін кәсіптік білім аса маңызды емес, өйткені мұны үйренуге болады, жұмыс беруші үшін түлектердің жеке қасиеттері, энтузиазмы және жұмысқа деген жоғары ынтасы маңызды болмақ.

Әдетте біздің түлектеріміздің қызмет бабында өсуі қалай?
Жас маманнан бастап орта / жоғары буын басшыға дейін.

Сіздің қазіргі студенттер мен талапкерлерге айтар тілегіңіз?
Ұлы Стив Джобс айтқандай — «Үнемі ізденісте жүріңдер, сонда бәрі болады!», бұл сөздің шынында да жаны бар!

PricewaterhouseCooper компаниясының біздің түлектер туралы пікірі
КИМЭП түлектерінің сапасына және олардың Сіздің компанияңыздағы жұмысына қандай баға бере аласыз?
Компанияның қызметкерлерінің 80% КИМЭП түлектерінен тұрады, бұл оларға деген сұраныстың жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді. Ерекше атап өтетін жайт, бұл түлектердің бүгінгі таңдағы бизнес әлемінің сұраныстарын толығымен қанағаттандыратындығы.

КИМЭП түлектері басқа Қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектерінен айырмашылығы қандай?
КИМЭП Қазақстандағы жоғары білікті кадрлардың қайнаркөзінің бірі болып табылады. Осы университеттің түлектері еңбекқорлыпен, аналитикалық ойлау қабілетімен, жүйелі ойлау қабілетімен және де біздің компаниямыз үшін өте маңызды болып табылатын сипаттама – ағылшын тілін жетік білуімен ерекшеленеді.

Біздің түлектеріміздің мансабы әдетте қалай басталады?
Әдетте КИМЭП түлектері интерн немесе консултант қызметінен бастайды.

Қазіргі кездегі түлектердің өткен жылдардың (5 немесе 10 жыл бұрынғы) түлектерден айырмашылығы бар ма?
КИМЭП түлектері 10 жыл бұрын мықты техникалық икемі жағынан көзге түсетін, қазір де сол қасиетімен ерекшеленеді.

Бүгінгі таңдағы еңбек нарығында қандай ерекшеліктерді атап өте аласыз?
Кәсіби мамандардың жетіспеушілігі, жақсы кадрлардың шетелге кетуі

Біздің түлектер қызмет бабымен өсуі әдетте қалайша жүреді?
КИМЭП түлектері қызмет бабы бойынша өте тез өседі. Мысалы, PwC компаниясының 6 серіктесі КИМЭП түлегі болып табылады.
Сіздің қазіргі талапкерлер мен студенттерге деген тілегіңіз

Жоғары білікті маман болып, еліміздің және шетелдің ең атақты компанияларында қызмет етуге ұмтылу.