Құжаттар тапсыру тәртібі
БАСҚА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-лардан АУЫСЫП КЕЛЕТІН СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚУҒА ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНҒАН СТУДЕНТТЕР ҮШІН:
- Ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініш Оқуға түсуге электрондық өтінішті қалай толтыру керек?
- Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі.
- 3×4 көлемдегі 6 фотосурет. Аз қысымды (жоғары сапалы) JPEG форматында сақталған көлемі кемінде 8 MP (мегапиксель) 300 dpi (дюймге пиксель) рұқсаты бар цифрлық фотосурет;
- Медициналық құжаттар
- Алдыңғы жоо-дан оқу тізімдемесінің/транскриптінің ресми данасы (орташа бал 2.0-ден төмен емес);
- Академиялық анықтама.
- Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) немесе Ұлттық кешенді тестілеу (КТ) сертификаты.
- Қосымшасымен орта білімді аяқтағанын растайтын құжат (аттестат)
ШЕТЕЛДІК ЖОО-лардан АУЫСЫП КЕЛЕТІН НЕМЕСЕ ОҚУҒА ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНҒАН СТУДЕНТТЕР ҮШІН :
- Ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініш Оқуға түсуге электрондық өтінішті қалай толтыру керек?
- Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;
- Аз қысымды (жоғары сапалы) JPEG форматында сақталған көлемі кемінде 8 Мп (мегапиксель) 300 ppi (дюймге пиксель) рұқсаты бар цифрлық фотосурет;
- Медициналық құжаттар
- Алдыңғы жоо-дан анықтама (оқу курсын, бағдарламасын, оқу түрін көрсетумен)
- Алдыңғы жоо-дан оқу тізімдемесінің/транскриптінің ресми данасы.
- Қосымшасымен орта білімді аяқтағанын растайтын құжат (аттестат).
- Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар шетелдік жоғары оқу орнынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде белгіленген шекті балдан төмен емес балмен ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификатын тапсырады. Ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты болмаған жағдайда, студент ауыстыру туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады. Шетелдік жоғары оқу орнында екі немесе одан көп семестр бітірген тұлғалар КТА-ны тапсырудан босатылады.
Барлық құжаттар пакеті жеткізілу тәсіліне қарамастан бірдей қаралады
Жекелеген жағдайларда, әсіресе шетелдік талапкерлерге қатысты, Студенттерді қабылдау және тіркеу бөлімінің қызметкерлерінің қосымша құжаттар ( білімі туралы диплом беретін ұйымның білімдік қызметті жүргізуге лицензиясы, аттестация мен аккредитациядан өткені туралы растама, мамандық алу мен диплом беру растамасы ) сұрауға құқығы бар.
Құжаттар пакеті толық тапсырылмаған жағдай өтінішті қарауды кешеуілдетуге немесе бас тартуға әкелуі мүмкін.
Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе көрінеу жалған мәліметтер берген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпке сәйкес құқық қорғау органдарының қарауына беріледі.
Бакалавриат бағдарламасына түсуге қойылатын талаптар
Білім алушылар, егер олар жеке оқу жоспарына сәйкес меңгерілетін бағдарламаның алғашқы академиялық кезеңін толығымен аяқтаған болса (орташа бал 2.0-ден төмен емес), онда басқа жоғары оқу орнынан ауыса алады немесе оқудан шығарылғаннан кейін қайта қабылдана алады.
Білім алушылар кез келген оқу түріне, бакалавриат бағдарламасының кез келген мамандығына ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.
Қабылдаушы бағдарламалар басқа жоо-дан ауысу немесе қайта қабылдану туралы өтініштерді қарайды, сонымен қатар кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде жазғы және қысқы каникулдар кезеңіндегі жұмыс оқу жоспарының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты анықтайды.
Құрметті ауысатын және оқуға қайта келетін студенттер,
Бұрыңғы жоо-да оқыған пәндеріңізді ауыстыру процессі сәтті басталуы үшін, сізге «КИМЭП ТАЛАПКЕРІ» мәртебесіне ие болуға және төменде көрсетілген қадамдарды жасауға қажет болады:
1. Талапкер порталыңызда авторизяциядан өтіңіз https://www.kimep.kz/ext/application/online/kk-KZ
2. «TRANSFER COURSES» секциясын таңдап “FILL IN” батырмасын басыңыз
3. Ашылған терезешеде «ПӘНДІ ҚОСУ» баырмасын басыңыз
4. Ресми транскриптіңізде көрсетілген барлық курстарды/пәндерді қосып алыңыз, және әр өтілген пән үшін силлабус / оқу жоспарын қосыңыз (олар бар болған жағдайда)
5. Әр пәннің сипаттамасын қосқаннан кейін «САҚТАУ» батырмасын басуға ұмытпаңыз
Студенттің басқа жоо-дан ауысуы немесе қайта қабылдануы туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған жоо-ға оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау жібереді.