Заң клиникасы жөнінде:
«КИМЭП» Университетінің Заң клиникасы – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған, Құқық мектебінің оқу бағдарламасының міндетті бөлігі болып табылатын бастамашыл жоба. Біздің студенттеріміз профессорлық-оқытушылар құрам мен кәсіби саланың тәжірибелі мамандарының жетекшілігімен азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасы, тұрғын үй, жер және көші-қон мәселелері бойынша заңгерлік кеңес береді және қолдау көрсетеді.
КИМЭП Университетінің Заң клиникасы университет аумағында 2011 жылы құрылды. Содан бері біз айтарлықтай тәжірибе жинақтап, көптеген азаматтарға сәтті көмек көрсетіп үлгердік. 2024 жылдың күзінде біз клиниканы кеңейту және көрсетілетін көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында университеттен тыс жеке кіреберіс алаңы бар заң клиникасының қосымша фронт-офисін ашқалы отырмыз. Бұл бізге көбірек адамдарды қамтып, құқықтық көмекті қолжетімді әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Заң клиникасының міндеттері:
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық көмек көрсету;
- Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- Қазақстанда әділеттілікті құруға жәрдемдесу;
- Заңгерлік білімнің практикалық бағытын ұстану.
Заң клиникасының жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұмы күндері сағат 10.00 -17.00 аралығында. Алдын ала жазылу құпталады.
Байланыс ақпараты:
- Клиниканың негізгі офисінің мекенжайы
Алматы қ., Абай даңғ. 1а, КИМЭП Университеті, Жаңа академиялық ғимарат, №108 офис - Клиниканың фронт-офисінің мекенжайы
Алматы қ., Достық даңғ. 87а, КИМЭП Тұрғын үйінің ғимараты (Достық көшесіндегі кіреберіс)
E-mail:
a.davar@kimep.kz
legal.clinic@kimep.kz
Тел.: +7 (727) 237 47 57 (ішкі 2759)
Ұялы тел.: +7 701 572 98 92
Қазіргі таңда веб-парақшамызда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада қолжетіді болады.